Сайтқа кіру Тіркелу

Жаратылыстану пәнінен тесттер жинағы. 4 -сынып

1. Зәр шығару жүйесінің қызметі:
А. Қимыл - қозғалысты ретке келтіру
В. Жүйке жүйесін реттеу
С. Қанды тазартып, оның құрамындағы заттарды сыртқа шығару
2. Бүйрек қандай мүше?
А. Тақ мүше
В. Жұп мүше
С. Білмеймін
3. Қанды тазартатын, зәр түзейтін мүше:
А. Бүйрек
В. Несепағар
С. Қуық
4. Іші қуыс, бұлшықетті мүше
А. Несепағар
В. Бүйрек
С. Қуық
5. Несепағар -.....
А. Іші қуыс, бұлшықетті мүше
В. Түтікше тәрізді мүше
С. Үрмебұршаққа ұқсас мүше
6. Ағзаны керексіз заттардан, артық су мен тұздардан тазартуға тағы да қандай мүшелер қатысады?
А. Бас, ми, жүйкелер
В. Жүрек, ми, жұлын
С. Өкпе, тері, асқорыту жүйесі
7. Бүйрек арқылы бір тәулікте неше литр қан сүзіліп, тазарады?
А. 1500л
В. 2500л
С. 3500л
8. Жүйке жүйесінің қызметі қандай?
А. Қанды тазартып, оның құрамындағы зиянды заттарды сыртқа шығару.
В. Адамның барлық дене мүшелерінің үйлесімді жұмыс істеуін реттеу, басқару
С. Асты қорытып, сыртқа шығару
9. Жүйке жүйелерін ата:
А. Ми, жұлын, жүйкелер
В. Бас, ми, жүйкелер
С. Ми, асқазан, аяқтар
10. Жүйке жүйесі ауруларын емдейтін дәрігер - маман?
А. Хирург
В. Окулист
С. Невролог
11. Сыртқы ортадан келген ақпараттарды өңдеп, іс - әрекеттердің орындалуын басқаратын мүше -...
А. Жұлын
В. Ми
С. Жүйкелер
12. Сыртқы ортадан келген әсерге жауап беретін мүшелер жүйесі -...
А. Тынысалу мүшелері
В. Зәр шығару мүшелері
С. Жүйке жүйесі

1. Пайдалы қазбалар......... болады
А. Жер қойнауында
В. Су ішінде
С. Әуе жолында
2. Бұрғылау әдісімен алынатын пайдалы қазба -
А. Алтын
В. Көмір
С. Мұнай
3. терең жер қойнауында жатқан кенді қазып алу үшін.... жасалады.
А. Карьер
В. Тесік
С. Шахта
4. жер бетіне жақын жатқан кенді қазып алу әдісі қалай аталады?
А. Ашық әдіс
В. Жабық әдіс
С. Шахталық әдіс
5. магмалық тау жыныстары неден пайда болады?
А. Шіріген балықтардан
В. Шіріген ағаштардан
С. Жанартау атқылағаннан
6. жануар сүйектерінің шіруінен пайда болған -...
А. Бор мен әктас
В. Алтын
С. Тұз
7. көлдер мен теңіздерден алынатын пайдалы қазба -...
А. Тұз
В. Көмір
С. Бор
8. жанғыш пайдалы қазбаны тап
А. Слюда
В. Әктас
С. Мұнай
9. Еліміздің ең ірі мұнай кен орны -...
А. Семей
В. Қашаған
С. Қаратау
10. Көзге көрінбейтін, иіссіз пайдалы қазба?
А. Газ
В. Алтын
С. Мыс
11...... ден - іссу (духи), дәрі - дәрмек жасайтын заттар алынады.
А. Көмірден
В. Мұнайдан
С. Газдан
12. Мұнайдан не алынады?
А. Керосин, бензин, парафин
В. Гүл, дәрі - дәрмек, иіссу
С. Сағат, ұшақ, болат
13. Қазақстандағы ең ірі домна пеші қайда орналасқан?
А. Алматыда
В. Шымкентте
С. Теміртауда
14. Қара металға жатады:
А. Болат пен шойын
В. Аллюминий мен титан
С. Мыс пен қалайы
15. Аллюминий, титан, магний -.... металдар
А. Ауыр
В. Жеңіл
С. Қара
16. Әшекей бұйымдар жасайтын металдарды қандай метал дейді?
А. Бағалы металдар
В. Ауыр металдар
С. Қара металдар
17. мыс пен мырыштың қоспасынан пайда болған метал?
А. Алтын
В. Жез
С. Көмір
18. Мыс пен қалайының қоспасынан қандай метал пайда болған?
А. Қола
В. Күміс
С. Алтын
19. Мыс - кен орындарын ашқан академик кім?
А. Ахмет Байтұрсынов
В. Қаныш Сәтбаев
С. Қадыр Мырзалиев
20. Қандай металдар магнитке тартылмайды?
А. Құрамында темірі бар
В. Құрамында темірі жоқ
С. Білмеймін

1. Қайсысы бірінші жылиды?
А. Жер беті
В. Су беті
С. Су іші
2. Жылы ауа бөлменің жоғарғы қабатында болады. Себебі:
А. Жылы ауа жеңіл
В. Суық ауа ауыр
С. Жылы ауа ауыр
3. Желдің соғу бағытын анықтайтын құрал:
А. Желметр
В. Желбағар
С. Желшібек
4. Ауаның қасиетін тап:
А. Жұмсақ, тегіс
В. Пішіні жоқ, қозғалады
С. Ауыр, мықты
5. «Серпіледі және сығылады» бұл ненің қасиеті?
А. Судың
В. Қағаздың
С. Ауаның
6. Сүңгуірлер су астын зерттегенде тыныс алу үшін нені пайдаланады?
А. Оттек жастықшасын
В. Оттек баллонын
С. Ауаны
7.... күшінен электр энергиясын өндіреді.
А. Ауаның
В. Желдің
С. Жаңбырдың
8. Оттек жасушасын қай кезде пайдаланады?
А. Адам ауыр жағдайға түсіп, тыныс алуы қиындағанда
В. Су астында жүзу үшін
С. Космосқа ұшқанда
9. Желдің пайдасына үш мысал жаз:
10. Ауа қалай ластанып жатыр? Үш мысал жаз:

Алматы қаласы, №198 ЖББ мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Байдилдаева Макпал Шамгалиевна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×