Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
Бастауыш сынып мұғалім
Макуова Нуршат Аманкосовна
Тақырыбы: Қош, сүйікті әліппем!
Түрі: ертеңгілік
Мақсаты:
а) Оқушылардың білімдерін бекіту, сауат ашу пәнін оқу барсында алған білімдерін тиянақтау.
ә) Өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу.
б) Шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, әріптер, безендірілген сахна, оқушы шығармашылықтары. т. б.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылар дайындықтарын қадағалау, назарларын ертеңгілікке аудару.
ІІ. Негізгі кезең:
Жүрісімен таныстыру
1. Мұғалім сөзі.
2. Білім шаһарына саяхат
3. Әдеби-музыкалық монтаж
1. Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Міне, бүгін біздің шәкірттеріміз бар ғылымның бастауы «Әліппені»тәмамдады. «Қош, сүйікті әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер
(Мерекелік залға сәнді киінген 1 «б» сынып оқушылары кіреді).
Медеу: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат,
Оқулықпен достассақ
Әліппемен қоштаспақ
Өсті білім бойымыз.
Хормен: Құтты болсын тойымыз.
Берік: Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық,
Не үйреніп, не білдік?
Қане, ортаға салайық.
1-жүргізуші: №9 орта мектептің 1 «б»сыныбында Әліппемен қоштасу кеші болыпты. Балалардың барлығы Әліппені шақырыпты.
- Барлығы хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
2-жүргізуші: Әліппе келмепті. Медеу жерден хат тауып алады. Хатта Әліппені білім патшасы алып кеткендігі жазылыпты. Балалар Әліппені іздеуге жолға шығады.
1-жүргізуші: Балалар мақал-мәтелдерге кезігеді.
Мақал:
Әліппеден балалар
Не оқыдың, не білдің?
Қане, айтшы мақалдар
Біліміңді көрейін.
2-жүргізуші: Балалар жұмбақтар еліне кездеседі.
Жұмбақ: Біз жұмбақтар айтамыз.
Шешуін сіз тапсаңыз,
Жолыңды біз ашамыз.
(2 жұмбақ оқылады, балалар шешуін табады).
1-жүргізуші: Балалар санамақтар еліне соғады.
Санамақ: Мен санамақ боламын,
Ақыл-ойдан тұрамын.
Айтып берсең санамақ,
Қазір жолды ашамын.
2-жүргізуші: Балалар ертегілер еліне кезігеді. Балалар, қандай ертегілермен танысып едіңіздер?
Қане, өнерлеріңді тамашалап көрейікші.
Асхат: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе.
«Кім неден күшті?»
1-жүргізуші: Ерте-ерте ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауыл жүні қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен.
Мұзға барып қонған екен,
Жамбасы ауырып қалған екен.
- Сол уақытта жасаған ием мұздан сұрапты:
Нұргүл: Мұз, мұз, сен неден күшті болдың?
Қуандық: Мен күшті болсам, күн көзінен ерімес едім.
Нұргүл: Күн, күн, сен неден күшті болдың?
Айзат: Мен күшті болсам, бетімді бұлт басар ма еді?
Нұргүл: Бұлт, бұлт, сен неден күшті болдың?
Өміржан: Мен күшті болсам, жауа-жауа жусан басын көгертпес пе едім?
Нұргүл: Жусан, жусан, сен неден күшті болдың?
Медеу: Мен күшті болсам, қошақан мені жер ме еді?
Нұргүл: Қошақан, қошақан, сен неден күшті болдың?
Асхат: Мен күшті болсам, құйрығымды қасқыр тартар ма еді?
Нұргүл: Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?
Қайсар: Мен күшті болсам, мерген атып алар ма еді?
Нұргүл: Мерген, мерген, сен неден күшті болдың?
Берік: Мен күшті болсам, мылтығымның бауын тышқан қияр ма еді?
Нұргүл: Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?
Айжамал: Мен күшті болсам, ала жаздай жинаған азығымды құмырсқа
тасып кетер ме еді?
Нұргүл: Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?- дегенде, ол:
Альбина: Арқаммен алты батпан, желкеммен жеті батпан ауырды
көтергендіктен күшті болдым, -деген екен...
2-жүргізуші: Құмырсқа балаларды білім шаһарына алып келеді.
Білім патшасы: Мен сендердің келетіндеріңді білгенмін. Барлық кедергілерден өз білімдеріңнің арқасында өттіңіздер. Сендердің қайтпас қайсарлықтарыңа тәнті болдым. Әліппелеріңізді қолдарыңызға ала қойыңыздар.
1-жүргізуші: Әліппе балалардың қасына келеді.
2-жүргізуші: Оқушылар әліппеге тақпақтарын тарту етеді.
Хор: «Әліппе» әні
Серік: Сөзімізге құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз,
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр-әніміз.
Альбина: Бар кітапқа бас болған
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Оңайбай : Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Нұргүл : Еркесі едім атамның,
Еркесі едім анамның,
Толдым биыл жетіге.
Мен оқушы атандым.
Қуандық: Бұл мереке сенің арқаң анашым,
Бір мен үшін керектіні табасың.
Балаң жақсы деген сөзді естісең,
Күлімсіреп, қуанып бір қаласың.
Ән: Анашым
Гүлдана: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақты бұл кітаптың,
Ұстазым кілтін маған алып берді.
Айзат: Ата-анаңнан кейінгі
Екінші адам өмірде,
Бала бол деп зейінді,
Мейір құйған көңілге.
Ол ұстазың сүйікті.
Ән: Ұстазыма
Қайсар: Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашан да Ә тұрады қасында.
Байқадың ба? Б тұрады үшінші.
Ал осының сыры неде?
Түсінші:
Ақбөбек: А деген ол-аналар ғой ардақты,
Ә деген ол-әкелер ғой салмақты,
Б дген ол-балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей. ...сондықтан да, расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
Арсен: Таныстырған 42 әріпке,
Қош бол, менің қасиетті әліппем.
Сенің арқаң оқи, жаза аламын,
Сауатты адам сапасына кіргенім.
Би: «Айгөлек» қыздар тобы
Өміржан: Мынау менің әліппем,
Көгілдір туым түсіндей
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатты маған кісімдей.
Бірінші беттен елімнің,
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымын, сәнімін.
Батырбек: Әліппе даңғыл жол ашып,
Жаңа пәнмен жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған,
Рақмет ұстазға алғашқы.
Хор: «Жарқын жүзді ұстазым» әні
ІІІ. Қорытынды
1-жүргізуші: Бүгінгі біздің мерекеміз әліппенің мерейтойына арналып отыр. Әліппені ортаға шақырайық!
2-жүргізуші: Әріптердің иесі Әліппеге шексіз алғысымызды білдіре отырып, демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз! Және білім әкімшілігі «Еңбегі сіңген білімгер» атағын береді.
Әліппе: Құрметті оқушылар, мен сендердің білімді, ынталы, ақылды екендеріңе көзім жетті. Қоштасатын да уақыт келді. Бірақ сендер мұңаймаңдар. Сендерге мен сыйлық жасағалы отырмын. Мұра ретінде сендерге Ана тілі деп аталатын бауырымды қалдырып кеткелі отырмын. 4жыл бойы осы Ана тілімен бірге боласыздар.
- Қош болыңдар, балақайлар!
Айжамал: Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Мұғалім: Құрметті қонақтар! Бүгінгі ертеңгілігімізге уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рақметімізді айтамыз. Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!
Қош, сүйікті әліппем
- Нуршат
- 7 қараша 2012
- 4027
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қош, сүйікті әліппем, ертеңгілік
Ұқсас жаңалықтар:
Қош құтты әліпем
Жаза білер ол егер, Қолға берсең қаламсап. Зуылдата жөнелер, Әліппені ала сап...Қош бол, құтты әліппем!
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Кеңес орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Айнаш Жанайдарқызы...Таныстырған қырық екі әріппен, Қош бол менің қасиетті әліппем!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бірлік ауылындағы №102 орта мектебі Есетова Сұлу Рахиқызы...Әліппемен аштық білім есігін (әліппемен қоштасу ертеңгілігі сценарий)
Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы, Қарабұтақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жапарова Луиза Достановна...Қош, сүйікті әліппем!
Тақырыбы: Қош, сүйікті әліппем! Түрі:ертеңгілік Мақсаты: а)Оқушылардың білімдерін бекіту, сауат ашу пәнін оқу барсында алған білімдерін тиянақтау....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.