Пән: ана тілі
№ Тақырыбы: Сен ұйықтап жатқанда. Бердібек Сокпақбаев
Мақсаты:
1. Оқушыларға Бердібек Сокпақбаев жайлы айта келіп,мәтін мазмұнын түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;
2. Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;
3. Дамылсыз жұмыс істейтін мамандықтармен таныстыра отырып еңбекке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік. «Жүректен – жүрекке» 1-слайд
«Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар.
Бір-біріңе қарап, жымиыңдар».
Күнге қолымды созамын
Күн жылуын аламын
Жүрегіме басамын
Айналама шашамын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өлеңді жатқа айту. «Туған ел»
Ақын туған даласын кімге теңейді? 2-слайд
С.Сейфуллин кім? Суретті пайдаланып, ақын ойын түсіндіріп көр.
ІІІ. Өткенді қорыту.
Неге Табиғат - ана деп айтамыз? 3-слайд
IV. Жаңа сабаққа дайындық.
Кинофильмнен үзінді «Менің атым Қожа» 4-слайд
Ой қозғау. Осы фильм туралы өз ойларын білу. «Менің атым Қожа»фильмін түсіруге негіз болған, осы повесті жазған кім?
Ү. Мақсат қою кезеңі.
Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Б.Сокпақбаевтың «Сен ұйықтап жатқанда» мәтінімен танысу.
ҮI. Жаңа сабақ:
1.Слайдтағы суреттер топтамасын пайдаланып, Бердібек Сокпақбаев туралы әңгімелеу.
2. Мәтінді түсініп оқу. Әр бөлімде не жайлы айтылғанын анықтау.
3. Оқушылардың оқуы. Іштей, тізбектей.дауыстап оқу
4. Мәтін мазмұнын мазмұндау.
5. Сұрақтар мен тапсырмалар
Сергіту сәті:
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
Мәтіннің мазмұнын мына жоспар бойынша әңгімеле.
а) Арнаулы тұрақ;
Көліктердің арнаулы тұрағы
б) Баспахана; Газет-журналдар шығаратын орын.
ә) «Жедел жәрдем»; Дәрігерлердің көмегі
в) Байланыс бөлімдері. Алыс жақын хабарларды жылдам жеткізеді
г) Дәптермен жұмыс. Жоспарды жазу
ҮІІ. Бекіту.
Суретпен жұмыс:
Суретте қандай жұмыс түрлері көрсетілген?
Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құр.
Завод, егіншілер, құрылысшы, кеншілер
Дамылсыз жұмыс істейтін мамандықтар туралы не білесіңдер?
- Кім болғыларың келеді?
Бердібек Сокпақбаевтың қандай кітабын білесің?
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Нені білдім не білгім келеді
ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын әңгімелеу. 95-бет
Бағалау.
Ана тілі сен ұйықтап жатқанда
- ТӘЖИЕВА
- 5 қараша 2012
- 13856
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, Соқпақбаев, сен ұйықтап жатқанда
Ұқсас жаңалықтар:
Б. Соқпақбаев Сен ұйықтап жатқанда
Бердібек Соқпақбаевтың қысқаша өмірбаяны туралы мағлұмат беру. Мәтінмен таныстыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін...Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа”
Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға қалыптастыру. Оқушыларды оқыта отырып, көркемдеп еркін сөйлеуге қабілетін дамыту....Шал мен бала
ШҚО Семей қаласы, Приречное ЖОББМ, бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Карлыгаш Кабыкеновна...Қамқорлық
Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру,...Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» повесі
Онды орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Саржанова Күнімкүл Аманқосқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.