Сайтқа кіру Тіркелу

Қызықты математикалық ойындар

СҚО, Ақжар ауданы,
Ленинград ауылы №2 Ленинград орта мектебі
Жаканова Асем Магауияновна

Қызықты математикалық ойындар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интерактивті тақта, тест, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 2 сыныптар арасында өтетін «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар , бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға , бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. - деп
2. Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
12
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік. (Әуен ойнайды) «Жасыл дала, құлпырған қып-қызыл гүлдер, сарқырап аққан
мөп-мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген күн сәулесі». Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық.
Арайлап нұрлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырап әсем табиғат,
Желекке бөлеп аймақты.
Оқушылар қандай көрініс көріп тұрмыз? Әсем табиғат

3. Ендеше мен сіздерге проблемалық ой тастағым келіп тұр. Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат ата-анасымен бірге көлдің жағасына дем алуға барады. Асқар мен Болат суға шомылып, күнге қыздырынып болған соң, анасы оларды тамақтануға шақырады. Тамақтанған соң ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді. Қарбызға тойған соң, олар қабықтарын көлге лақтырып ойнады. Анасы тамақ ішкен ыдыстарын салып алды да, тамақтың қалдықтарын көлге, лақтырып қалған қоқыстарын жинамастан балаларына:
- Тез машинаға отырыңдар, үйге қайтамыз - деді. Сөйтіп олар машинаға отырып кете берді. Табиғатымыз қоқыстанған, ластанған. Соны тазалау үшін, өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймын. Ол үшін «Сөзжұмбақ» шешулеріңіз қажет.
Сонда әсем табиғатымыз қоқыстан тазартылады.
Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
«Алғырлар»
1. Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
3. Ондықтан құралған сан. Қырық
4. Бір таңбалы сан. Үш
5. Кеміту амалы. Азайту

«Білгірлер»
1. Бір таңбалы сан Бір
2. Геометриялық фигура. Төртбұрыш
3. Бұрыш түрі Сүйір
4. Уақыт өлшем бірлігі. Ғасыр
5. Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер

13
Әсем табиғатымызды, суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады. Таза ауамен дем алсақ, денсаулығымыз да мықты болады.
Жолдау.
Міне оқушылар Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында: «Қазақстан ауасы
таза, суы-мөлдір, жасыл желекке айналуы тиіс», - деген болатын.
- Балалар, біз даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса қоса аламыз?
- Қоқыстан тазалаймыз, ағаш отырғызамыз, гүл егеміз.
Ендеше, балалар, табиғатымызды таза ұстап, қамқорлыққа алу, гүлдер егіп, даламызды жасыл желекке айналдыру - болашақ ұрпақ сендерге байланысты.
Сондықтан өз үлесімізді қосайық. . .
4. «Ағаш отырғызамыз»
Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ, ол дұрыс өспей қалады. Ал сіздердің ағашты дұрыс отырғызғандарың, тапсырманы дұрыс орындағандарын болып саналады.
1- ағаш тапсырмасы:
«Баспалдақ» ойыны
«Алғырлар»
90 +10=80
24+2=26
38-8=30
72+2=75
25+3=28
40-20=20
«Білгірлер»
80-50=30
35+2=37
56+1=57
40-10=30
24+3=27
2-ағаш тапсырмасы:
«Математикалық бейнелі сөз» шешу
Үйрек Ай Ту (Азайту) Мысық, Етік, Р (Метр)

Сергіту сәті:
Жапырақтары жайқалып,
Биік ағаш өседі.
Самал желмен тербеліп,
Бұлттар жылжып көшеді.
- Тағы қандай үлес қосамыз.
- Гүл егеміз.
- Жақсы. Бірақ гүл егу кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Оны баптап күту қажет.

Қызғалдақ тапсырмасы. Бейне сұрақ. Рахат. Бақытжан.
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
5. Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.
Раушан гүл тапсырмасы.
14
Математикалық санамақ айтып жарысу.
4-дегенім жақсы баға,
1-дегенің жаман баға,
- Алады оны жаман бала.
2-дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3-дегенім орта баға
Сапасы да орта ғана.
Енді әсем табиғатымызға көрік беретін құстар жетіспейді, қане құстарымызды шақырайық.
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.

1-құс «Аққу» тапсырмасы
Математикалық викторина.
15 шырпыдан метр деген сөзді құрастыру керек.
2 –құс «Кептер» тапсырмасы.
Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады.
Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.
- Кел балалар, ойнайық
Қандай есеп болса да.
Шешпей оны қоймайық.
Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар.

6. Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

15
Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

3-құс «Сарышымшық» тапсырмасы. Тест
1- топ -----------------------------2-топ
1. Амалды орында:
27 + 42 ------------------------28 + 32
а) 69---------------------------а) 60
ә) 47 --------------------------ә) 61
б) 29 --------------------------б) 62
2. 1 жылда қанша ай бар? --------1 аптада қанша күн бар?
а) 12 -------------------------------------------а) 7
ә) 18 -------------------------------------------ә) 14
б) 36 -------------------------------------------б) 21
3. Сатылғаны-10 л ------------------------- Кесе – 70 теңге
Қалғаны – 30 л ----------------------------- Қасық – 30 теңге
7. Болғаны - ? ------------------------------- Барлығы - ?
а) 10 --------------------------------------------а) 40 теңге
ә) 33 -----------------------------------------ә) 90 теңге
б) 40 -----------------------------------------б) 100 теңге
4. Салыстыр:
8 жүздік * 6жүзд -----------------------9 жүзд * 5 жүзд

Минутпен өрнекте: ----------------------Сағатпен өрнекте:
2сағ 20 мин = --------------------------------1 тәуілік 4 саға=
а) 120 ә)140 б) 160 --------------------------а) 20 ә) 28 б) 24

Математика
Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика - Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
Суреттегі фигураларды анықтау

Қызықты тапсырмалар.
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны - он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?

- Осымен, балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатын аяқтай отырып. Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып, табиғатымызды қорғай білейік, оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді. Жеңімпаз топты анықтап «Жас математик»номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
Кері қайту
Ілмек сөздер: ашық сабақ
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×