2 - сынып әдебиеттік оқу пәнінен өткізген ашық сабақ жоспары
Бөлім: Салт - дәстүр және ауыз әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер оқып, жұмбақ шешейік. Жаңылтпаштар жаттайық.
Сабақ негізделген оқу мақсаты: 2. 2. 4. 1. Мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштың жанрлық ерекшеліктерін анықтау.
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар: мақал - мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштың халық ауыз әдебиеті үлгілеріне жататынын біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: аталған жанрларды бір – бірінен ажырата алады.
Кейбір оқушылар: мақал - мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды өз сөздерінде қолдана алады.
Құндылық: Қазақстан мәдениетінің озық дәстүріндегі тәрбие; әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін, терең академиялық білім; Жеке және топта тиімді жұмыс жасай алу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, сурет
АКТ қолдану дағдылары: Интербелсенді тақта, компьютер
Алдыңғы білім. Өтірік өлең құрастырамын.
Жоспар
Қызығушылықты ояту.
Сыныпты қалыпқа келтіру.
Үй жұмысын сұрау.
Өтірік өлең жатқа сұралады.
Топқа бөлу. Түстер арқылы топқа бөлінеді. Алған түсті қағаз парақшаларынан мақал - мәтел құрастырып оқиды. Мақал - мәтелдердің мағынасын айтады.
Ой сергек: жаңылтпашты топ бойынша халық әні, эстрада жанрында орындайды.
Шеше, шеше
Неше кесе
Сынды кеше?
Мағынаны ажырату.
Ой қозғау
Мақал - мәтелдер жарысы. Мақал - мәтелдердің жалғасын тауып, сөзжұмбақ шешеді. (топпен жұмыс)
1. Ғылым таппай... (мақтанба)
2. Асық ойнаған...(азар)
3.... - азбайтын тон, (Ақыл)
Білім – таусылмайтын кен.
4. Әдепті бала -... бала, (арлы)
5.... түбі – тірлік. (Бірлік)
6.... инемен құдық қазғандай. (Білім)
7.... бала – арлы бала. (Әдепті)
8.... бала – талпынған құстай. (Талапты)
9.... – денсаулық кепілі. (Тазалық)
10. Ұрлық түбі -.... (қорлық)
Тақырыпты болжау.
Мақсат, күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсатымен таныстырылып, күтілетін нәтижені оқушылармен бірлесе анықтау.
Тұжырым. Интербелсенді тақтадан көрсетіліп, оқушылар танысады.
Мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар – шағын халық шығармаларының түрлері.
Мақал - мәтелдер – нақыл сөздер. Онда халықтың түйінді ойлары айтылады.
Жұмбақтар – табиғат құбылыстарының, өзін қоршаған дүниенің сырын танып білуге талпынған халық ойынан туған шығармалар.
Топтық жұмыс.
1 - тапсырма. Мақал – мәтелдерді оқып, төмендегідей тақырыптар бойынша топтастыр.
1 – топ: Туған жер, Отан туралы; 2 – топ: Еңбек туралы;
3 - топ: Жақсы, жаман істер туралы; 4 – топ: Ерлік, батырлық туралы.
Дискриптор: Білім алушы
- Мақал - мәтелдерді түсініп оқиды.
- Мақал - мәтелдерді тақырыбы бойынша тауып, топтастырады.
Қалыптастырушы бағалау: От шашу.
2 - тапсырма. Топтар арасында жаңылтпаш айтып жарысу.
( Оқулықта берілген жаңылтпаштарды кезектесіп топтар бір – біріне жаңылмай айту керек)
Дескриптор: Білім алушы
- Жаңылтпаштарды жаңылмай айтады.
Қалыптастырушы бағалау: Үш шапалақ.
Жұппен жұмыс.
Сәйкестендір
Дескриптор:
- Мақал - мәтелдің жанрлық ерекшелігін анықтайды;
- Жаңылтпаштың жанрлық ерекшелігін анықтайды;
- Жұмбақтың жанрлық ерекшелігін анықтайды.
Жеке жұмыс.
Оқулықтағы жұмбақтардың шешімін тап. Жауап парағына жауаптарын жаз.
Жауап парағы
1 2 3
Дескриптор: Білім алушы
1 - жұмбақтың шешімін дұрыс табады;
2 - жұмбақтың шешімін дұрыс табады;
3 - жұмбақтың шешімін дұрыс табады.
Қалыптастырушы бағалау: Смайликтер арқылы.
Деңгейлік тапсырмалар беру.
Сабақтың соңы
Үйге тапсырма: ұнатқан 2 мақал - мәтел, 2 - жұмбақ, 2 - жаңылтпаш жаттап келу.
Кері байланыс: бағдаршам көздерін таңдап, сабаққа рефлексия жасайды.
ШҚО, Абай ауданы, Көкбай ауылы
«Көкбай атындағы орта мектебі» КММ - нің
бастауыш сынып мұғалімі
Түсіпова Гүлназ Сайлаубекқызы
Мақал – мәтелдер оқып, жұмбақ шешейік. Жаңылтпаштар жаттайық.
- tusupova.gulnaz
- 23 маусым 2020
- 7667
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, Жаңылтпаштар жаттайық
Ұқсас жаңалықтар:
Әдептілік, адамгершілік туралы мақал және мәтелдер
Аға әдепті болса,- іні әдепті Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті. Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені, Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені....Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақал - мәтелдің басын жүргізушілер оқиды, қатысушы топтардан бір - бір оқушыдан шығып мақалды жалғастырады...Отан, өнер - білім туралы мақал - мәтелдер
ШҚО, Семей қаласы «№10 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Токымтаева Ақбота Ғалымқызы...Cөз-мерген (сайыс)
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес ЖОБМ балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Меңдіғазиева Ақсамал Мұратқызы...1001 мақал, 101 жұмбақ
Мақал-мәтел, жұмбақ туралы білімдерін тереңдету. Оқушыларды шапшаң ойлауға, тапқырлыққа, жауапкершілікке үйрету, сөздік қорын, дүниетанымын арттыру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.