Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым. Ертай Ашықбаев.
Мұғалімнің аты - жөні: Әділет Үмітхан
СЫНЫП: 2
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 1. 1. 1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2. 2. 1. 1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
2. 3. 1. 1 - мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, қима қағаздар және әртүрлі заттар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі, әдебиет
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы: Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут - Оқушылармен амандасу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: - Барлығымыз шыттық шеңберіне тұрып бір бірімізге жылы тілектерімізді білдірейік.
Оқушыларға сабаққа белсене қатысқан оқушыларға жұлдызшалар таратып беретінімді айту.
Үй жұмысын тексеру
- Абай Құнанбаевтың бір өлеңінен үзінді тыңдату
- Балалар бұл өлең кімнің өлеңі?
- Абай Құнанбаев деген кім?
- Басқа Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
- Жақсы балалар ендеше үйге берілген Абай шаңырағын қане кім мазмұндап келді?
Үй тапсырмасын тексеру, кейін бағалау.
Шаттық шеңберіне тұру
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну
- Балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз: Менің сүйікті ойыншықтарым.
Бүгін сендерге көп қонақтар келді. Олардың кім екенін білу үшін біз олардың қойған жұмбақтарына жауап беруіміз керек.
Үй iшiн аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады. (Тышқан)
Орманда туып, жетілемін,
Талдан талға секіремін.
Айуан боп өскеніммен,
Тамақ жеймін қос қолыммен.
Әттең үйде тумағанмын,
Әйтпесе ғой құдды адаммын. (Маймыл)
- Иә балалар бұлар кімдер?
- Жақсы балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз Менің сүйікті ойыншықтарым
- Балалар сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?
- Ойыншықпен ойнағанды ұнатасыңдар ма? Неліктен?
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Ертай Ашықбаев - 1956 жылы 24 сәуірде Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай ауылында дүниеге келген. 1972 — 1974 жылдары Темір аудандық «Жұмысшы», Торғай облыстық «Торғай таңы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Топтама өлеңдері «Темір қанат»,«Ақ сәуле», «Бастау» ұжымдық жинақтарына енді. Жеке жинақтары: «Ұя», «Ғашықтар мектебі», «Қаңтардағы құс».«Қазақстан Конституциясына — 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Жұмбақ жасыру
Оқулық, портрет.
Сергіту сәті
2 минут Сергіту сәті. Мен қазақпын. Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Ортасы
10 минут
Мәтінмен оқушылармен таныстыру, оқып беру.
Менің кемем
Кеме жасап әуре болдым бірер күн,
Сосын оны өзенге әкеп жібердім.
Құстардың мен білемін не жейтінін,
Олар үшін салдым дәннің кей түрін.
Құртта салдым балықтарға арнап мен.
Басқа сыйым бір - ақ сыймай қалды, әттең!
Аттандырдым жүк тиеген кемемді,
Балық, құсты қуантуға ол жөнелді.
Басқара ем капитан боп төзімді,
Кемем бірақ көтермейді өзімді.
Оқушыларды тізбектей оқыту. Мәтін бойынша оқушыларға сұрақтар қою. Өлеңді түсініп оқу
Аяқталуы
Сабақты бекіту
5 минут Сөздікпен жұмыс. Төзімді - шыдамды
Ой қорыту
- Бүгін біз сабақта қандай мақсат қойдық. Біз бүгінгі мақсатқа жете алдық па?
Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.
Бағалау 5 минут
Кері байланыс 3 минут
Жинаған жұлдызшалар арқылы бағалау
«Басбармақ» кері байланыс
Сабақтан алған әсерлерін белгілейді.
Үйге тапсырма: 32 бет, 3 жолды жаттау.
Менің сүйікті ойыншықтарым. Ертай Ашықбаев
- umit.adilet
- 6 қараша 2019
- 1571
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сабақ жоспары бастауыш сыныптарына, Менің сүйікті ойыншықтарым, Ертай Ашықбаев
Ұқсас жаңалықтар:
Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттар ...
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7. 1. 3. 1 - тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын түсіндіру;...Мәтін дегеніміз не? КМЖ 2 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2. 2. 4. 1 - мұғалімнің...Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 1. 1. 2 екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру...Табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7. 3. 5. 1 - географиялық қабық, мұхиттар және материктер, зоналар және белдеулер, ландшафтар табиғи - аумақтық...Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы ...
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7.1.5.2 - өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.