Сайтқа кіру Тіркелу

Жиб - Жица күресі

Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Жиб - Жица күресі
Сабақтың мақсаты:
1. Автор туралы түсінік беру. Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі жайлы толық деректермен таныстыру.
2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
3. Алып күш иесін құрметтеуге және спортты сүюге баулу. Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, өзара сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамытпалы сабақ.
Сабақтың формасы: топтық.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды үш топқа бөлу.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
Тақтадан ережесіз күрес, жапон күресі суреттерін көрсетемін.
- Бұл қандай күрес түрі деп ойлайсыздар?
Жапонның Жиб - жица күресіне ұқсас қазір «Ережесіз күрес» деген спорт түрі бар. Бұл күреске шыққандар аяққа - қолын бірдей жұмсап күреседі. Бір - бірінің денесіне зақым келтірсе де жазаланбайды.
Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
Қалқаман Әбдіқадыров - ақын, жазушы. «Қажымұқан» деген кітабы бар.
ІІІ. «Дөңгелек үстел» әдісі
1 топқа. Қажымұқан туралы не білеміз?
Бұл сұраққа «Дөңгелек үстел» әдісімен жауап береді. Топтағы әр оқушы Қажымұқан туралы өз білгенін жазады. Әр оқушы бір сөйлем жазып, кезекті оң жағында отырған келесі оқушыға береді. Келесі оқушы өз білгендерін жазады, алдыңғы оқушының жазғанын қайталамай керек.
2 топқа. Тірек сөздермен жұмыс. Тірек сөздер: Қажымұқан, палуан, күрес. Осы сөздерді қатыстыра отырып, топтағы балалар шағын әңгіме құрастырады.
3 топқа: Қажымұқанға мінездеме беру.
ІҮ. Мағынаны тану.
1) «Жигсо - 1» әдісімен оқыту. Мәтінді алдын ала үшке бөлемін. Әр топтағы балаларды 1, 2, 3 ретімен негізгі топтарды экспорт топтарға бөлемін. 1 - лер бір топқа, 2 - лер 1 топқа, 3 - тер бір топқа ауысып отырады. Мәтінді ретімен үш топқа бөліп беремін.
2) Экспорт топтағы балалар берілген мәтін бөлімін өз беттерінше оқиды. Сонан соң түсінгендерін топқа бір - біріне баяндап мазмұнын талдайды.
3) Экспорт топтағы балалар негізгі топтарына қайта оралады. Негізгі топтан әр оқушы оқыған мәтінін бөлімін ретімен баяндап, өз бөлімі бойынша жанындағыларға түсіндіреді. Осылайша мәтіннің толық мазмұны негізгі топта мазмұндалып түсіндіріледі.
Ү. «Аквариум» әдісімен әр топтан өз ұсыныстары бойынша оқушылар тақтаға шығады. Мысалы, мәтіннің 1 - бөлімі бойынша бір топтан, 2 - бөлімі бойынша келесі топтан шығады. Олар мазмұнын баяндайды. Осы әдіс бойынша мәтін мазмұнымен барлық сынып оқушылары танысады.
ҮІ. Толғаныс. «Бес жолды өлең» әдісі
Нұсқаулық:
1. Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім болуы тиіс.
2. Тақырыпты суреттейтін екі сын есім.
3. Іс - әрекетті көрсететін үш сөз.
4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
5. Соңғы сөз синоним болуы керек.
ҮІІ. Сен білесің бе?
Қажымұқан Мұнайтпасов туралы бейнебаян көру.
Мұқанның анасы Кәбира ол өмірге келгенде қайтыс болады да, оны әжесі Айсары 16 жасқа дейін өзі өсіреді. Берлинде жуан сым темірді мойнына галстук, беліне белбеу етіп байласа, Парижде өзі сахнаға мініп шыққан түйесін мойнына көтерген, 75 пұт жүк салынған арбаны тісімен сүйреп сахнаға шығарса, кеудесіне 20 пұт, яғни 320 кг тас қойғызып, оны 2 пұттық балғамен ұрғызып уақ таттырған. «Ғажап көпір» деген номер болған. Палуан көріп жасап тұрып үстіне жүк машинасын өткізген екен. 15 жасынан бастап 70 жасқа дейін күресімен әлемнің 59 еліне барып өнер көрсеткен.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
Еркін жазу (эссе) «Жиб - жица күресі» әңгімесін оқығаннан кейін қалыптасқан Қажымұқан туралы пікірлерін өз сөздерімен еркін жазу.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау, мадақтау.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
№8 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Досмағамбетова Жанаргүл Бағытқызы

Сабақтың толық нұсқасын, презентациясын жүктеп алу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×