Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: «Үйрену»
Негізгі түйінді идея Өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру
Оқу мақсаттары 1. Барлық оқушылар: Өлеңді түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей алады, өзіндік пікірін айту. Үйрену өлеңінің мазмұнын білу
2. Оқушылардың басым көпшілігі: өлеңдегі негізгі ойды тауып ашу, өз сөзімен жеткізе білуге үйрету
3. Жекелеген оқушылар: Табиғат құбылыстарына қарап әр түрлі заттарды жасауға үйрету
Тілдік мақсат Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Инелік, тікұшақ, балық, сүңгуір, жираф, кран, паравоз, бұлбұл, аяз, ою - өрнек
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Нені үйренуге болады?
2. Адам табиғаттағы жан - жануарларға, табиғат құбылыстарына қарап, қандай өнерлер үйреніпті?
3. Тағы қандай заттар мен құбылыстарға қарап нелерді жасауға болады?
Табыс критерийлері
Барлық оқушылар Көпшілік оқушылар Жекелеген оқушылар
Өлеңнің мазмұнын біледі. Өлеңдегі негізгі ойды тауып ашады, өз сөзімен жеткізе алады. Табиғат құбылыстарына қарап әр түрлі заттарды жасауға үйренеді.
Кезеңдер Уақыт Мұғалім не істейді? Оқушылар не істейді? Бағалау Ресурстар
Кіріспе 7 мин
1. Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады.
2. Топтастыру
3. Үй тапсырмасын сұрау
«Ыстық орындық» 4 топқа бөлу
сандар бойынша Мадақтау Оқулық
Ой қозғау 7 мин Ертегі
Ерте, ерте, ертеде,
Әлде одан ерте ме
Ежелгі адамдар өмір сүрген заман еді. Адамдардың өмірі жануарлардың өміріне ұқсас екен. Бірақ, бірте - бірте адам өмірі түседі: олар отты қолдануды үйренеді, бір - бірімен тілдесіп, сөйлеседі, жабайы аңдарды қолға үйретеді. Қоршаған ортаны сезім мүшелері арқылы таниды. Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу. Бірақ адамдар жануарлардың адамға қарағанда сезім мүшелерінің жақсы дамығанын байқайды да осы артықшылықтарын қолданады. Мысалы: қабан, шошқалардың азу тістері өткір екенін байқап, өздеріне пышақ, найза т. б. қарулар ойлап табады. Осындай тапқыш адамдардың
Бақылау байқағыш қасиеттері жақсы дамығандықтан табиғат құбылыстарына да әуес болған. Тастың, оттың жанында көп тұрса, қатты қызады және жылуды көпке дейін сақтап тұрады. Осыған қарап тапқыштар, үңгірге ошақ дайындаған, жан - жағына тастар қойып от жаққан. Қазіргі пеш осылай шыққан. Тікенекті өсімдіктердің тікендері бататынынан барлығын білеміз, осыған қарап садақ, найза, ине, балық аулайтын ілгектер тапқан.
Ертегіні оқып, түсінгендерін ортаға салады
3 мин
1 мин Жаңа сабақ.
Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»
Сәйкестендіру
Инелік кран
Балық тікұшақ
Жираф сүңгуір
Құман ою - өрнек
Бұлбұл паравоз
Аяз ән
Автор туралы мәлімет беру
Оқулықпен жұмыс
1. Өлеңді тізбектей оқу
2. Өлеңді талқылау
3. Дәптермен жұмыс (түртіп алу)
4. Топтық жұмыс
1 топ.
Балық........... жүзеді
............... сүңгіді
............. отырып
............ ойлады
2 топ.
........... керікті
........... созыпты
Оны бақылап ағалар
............ тауыпты
3 топ
Бұлбұл........ тыңдады
.......... тамсанды
........... апалар
Тамылжыта ән салды
4 топ
Бәрі жақсы біледі
Жорғалаған тышқанды
Соған қарап адамдар,
.............. жасады.
«Ізден тап»
Жеңіл сұрақтар (қызыл сандық)
1. Құстарға қарап не ойлап тапқан? (Ұшақ)
2. Жаңбыр жауғанда не ойлап тапқан? (қол шатыр)
Орташа сұрақтар (сары сандық)
1. Бақбақ гүлін үрлесе не болады? (жан - жаққа ұшады)
2. Бақбақ гүліне қарап не ойлап тапқан? (парашют)
Қиын сұрақтар (жасыл сандық)
1. Құмырсқа илеуіне қарап не ойлап тапқан? (көп қабатты үйлер)
2. Балық қабыршағына қарап не ойлап тапқан? (үй шатыры)
Жұптық жұмыс
«Сатылай кешенді талдау»
Неге қарап нені жасаған?
Инелік - тікұшақ
Балық - сүңгуір
Жираф - кран
Ақ құман - паравоз
Бұлбұл - ән
Аяз - ою - өрнек
Кері байланыс
«Тілек ағашы»
Үйге: Өлеңді жаттау
Өзің үйден не ойлап тапқың келеді?
Бағалау
Сәйкестендіру тестін орындайды
Өлеңді тізбектей оқиды
Өлеңді талқылайды
Ұйқастар бойынша өлең шумақтарын құрастырады
Өз деңгейлеріне қарай оқушылар сұрақтарға нақты жауап береді
Неге қарап нені жасаған туралы өз ойларын айтады
смайлик
стикер
Үйрену
- ramuk_b
- 11 ақпан 2019
- 1714
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Үйрену, Үйрену өлеңі, бастауыш сынып сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Жануарлар әлемі. қазақ тілі 5-сынып
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5. 1. 4. 1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау....Үйрену
Сабақтың мақсаты: 1. Әбдірахман Асылбековтың «Үйрену» өлеңімен танысу 2. Өлеңнің мазмұнын ашу және түсіну 3. Өлеңнің мазмұнына талдау жасау, берілген...Тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу
Дәм сезу мүшесінің құрылысы - Дәм сезу рецепторлары - Дәм бүртіктері - Жүйке талшықтары...Ана тілінен қысқа мерзімді жоспарлар
Өлеңнің мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып сыни ойлануға дағдыландыру....Ө. Тұрманжанов «Жаралы торғай»
Бастауыш сынып мұғалімі Жанұзақова Гүлмира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.