СЫНЫП: 2
Сабақтың тақырыбы Мектептегі бір күнім
Сабақтың оқыту мақсаттары 1. 2. 1. Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/үзіндісін мазмұндау/сахналау.
Күтілетін нәтиже Оқушылардың бәрі:
• Мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, сұрақ - жауапқа түседі, топта жұмыс жасайды
Оқушылардың көпшілігі:
• Тақырыпты болжайды, сөздердің мағнасын түсіндіреді, бір күні жайлы әңгіме жазады
Кейбір оқушылар:
• Қатесіз жазады
Өткен сабақтардан алынған білім Аламын білім кітаптан
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі, математика, орыс тілі, ағылшын тілі.
Уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Қызығушылықты ояту:
Сыныпты қалыпқа келтіру.
Апта күндері арқылы топқа бөлу. Топқа бөлу 1 минут
Ой сергек:
Бір аптаның күндері өтті: Бейсенбіде бақша баптап,
Дүйсенбіде гүлдер ектім. Жұма күні тақпақ жаттап,
Сейсенбіде жуа тердім, Сенбіде мен кино бардым,
Сәрсенбіде су әкелдім. Жексенбіде бір демалдым.
Үй тапсырмасын тексеру.
1 - топ:«Кітап»әңгімесін мазмұндайды.
2 - топ: «Кітапханада» ойынына дайындалып келу.
3 - топ: Кітапханадан кітап алу ережесін құрап келу.
«Ақылды доп» ойыны арқылы үй тапсырмасын қорытындылау
1. Әңгіменің авторын ата? Мұқан Иманжанов
2. Қай облыста туылған? Қарағанды облысында туған.
3. Қандай кітаптары бар? «Алғашқы айлар», «Шаңғышылар» атты кітаптары бар.
4. Мәтіндегі сөз етілген қандай кітап деп ойлайсыңдар? 1 - топ «Дүйсенбі»
2 - топ «Сейсенбі»
3 - топ «Сәрсенбі»
Сабақтың ортасы
30 - 35 минут
Мағынаны ажырату
Ой қозғау:
№1 слайд(барлық оқушылар табады)
Жұмбақ: Бір ұяда жеті жұмыртқа (аптаның жеті күні)
Оқушыларға сұрақ:
1. Бір аптада неше күн бар? (7)
2. Осы 7 күннің де өзіндік атаулары бар. Кім біледі?
№2 слайд (оқушылар тақтаға шығып жазады) орыс және ағылшын тілдерде апта күндерін айтады
3. Осы 7 күннің неше күнінде мектепке келесіңдер?
Ал бүгін қай күн?
4. Тақырыпты болжау. Олай болса, бүгінгі сабағымыз не жайлы деп ойлайсыңдар?(Сұрақтар арқылы оқушыларды тақырыпты болжауға жетелеу.)
Иә, бүгінгі сабағымыз осы апта күндері жайлы және соның ішінде мектептегі бір күніміз жайлы болмақ.
Олай болса Оспанхан Әубәкіровтың «Жеті шал» әңгімесімен танысалық.
Жазушы жайлы мағлұмат беру
Оспанхан Әубәкіров Алматы облысында туған. Балалар жазушысы «Қоңырау», «Күлкіңіз келе ме?»т. б жинақтары бар.
Тыңдалым
Оспанхан Әубәкіровтың «Жеті шал» әңгімесін тыңдату
Мазмұнын түсіндіру.
№3 слайд.
Дәптермен жұмыс
«Сөздің қабығын аршу»дегенді қалай түсінесің?
- сөзді бөліп айту
- сөзді созып айту
- сөзді түсінікті етіп айту (дұрысы)
- сөзді дауыстап айту
Оқушылар дұрысын анықтап дәптерлеріне жазып алады.
Топтық жұмыс
№4 слайд
Тапсырма: Аптаның бір күнін таңдап алып, сол күнгі сабақтар жайлы әңгімелеңдер.
Бағалау. Бағдаршам арқылы топтар бір - бірін бағалайды.
Ой толғаныс.
Жеке жұмыс.
Хрестоматиядан М. Жаманбалиновтың «Бір апта»өлеңін оқы. Осы мәтіннің үлгісімен өлең құрастырып көр.
Бағалау. 3 - топтағы әр оқушыға бір смайликтен беріледі
Сергіту сәті «Көңілді күн»
Айтылым.
Жұптық жұмыс
№5 слайд
Тапсырма. Сұрақ - жауап әдісі арқылы бір - біріне сұрақ қойып жауап беру:
1 - топ «Дүйсенбі»
1. Жеті саны қандай сан?
Жеті саны — «киелі сан»
2. Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.
Кемпірқосақтың жеті түсі бар.
Жеті қазына
Жеті ата
Жеті ырыс
3. Жабақтың атасының есімі кім?
Жабақтың атасының есімі Сәрсенбі ата.
2 - топ «Сейсенбі»
1. Аптаның бірінші күні қандай?
Аптаның бірінші күні дүйсенбі?
2. Сен қай күндері мектепке келесің?
Мектепке: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері келеміз.
3. «Сөздің қабығын ашу» дегенді қалай түсінесің?
Сөзді түсінікті етіп айту.
3 - топ «Сәрсенбі»
1. Сәрсенбі қандай күн?
Сәрсенбі - сәтті күн болып саналады. Сәтті күні қазақтар жолға шығады.
2. Жұма қандай күн?
Жұма күні мұсылмандар үшін қасиетті күн. Мұсылмандар мешітке барып, аруақтарға құран оқиды.
3. Сәрсенбі қарт немересіне жеті күннің атын қалай үйретті?
- О, аңқау балам - ай, жөндеп түсінбегенсің ғой Дүйсенбі деген шалдың аты емес, күннің аты. Сейсенбі - екінші күн. Сәрсенбі мен емес ол да күннің аты. Менің «Сәрсенбі» болып жүргенім - осы сәрсенбі күні туылғанмын. Басқа шалдарда солай балам.
Бағалау. Смайликтер арқылы топтар бірін - бірі бағалайды.
Интербелсенді тақта
Жазушының суреті
Электронды оқулық
Бағдаршам арқылы топтар бір - бірін бағалайды.
мәтіннің үлгісі жазылған қағаздар таратылады
Сергіту сәті «Көңілді күн»
Әр оқушыға сұрақтар жазылған қағаз қималары таратылады
Сабақтың соңы
5 минут Үйге: 1 - топқа: апта күндерін жаттап келу. 2 - топқа: тақырыпты оқып, мазмұндап келу. 3 - топқа: тақырыпты сахналап келу.
Кері байланыс: ауызша оқушыларға кері байланыс беру. Әр оқушы рефлексия кестесін толтырады. Әр оқушыға рефлексия кестесі
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?
Қабілеті жоғары
оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау - Оқушылардың
ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ - мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс(тәрбиелік элемент)
А, А+ оқушылары бір күні жайлы әңгіме жазу. Жетістік критерийлері арқылы Құндылықтарды дарыту: ынтымақтастық құрмет. Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі, математика, орыс тілі, ағылшын тілі.
АКТ - ны қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты кқрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.
Тәрбиелік мәні: әр нәрсенің қадірін білуге, төзімділікке, сабырлылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Төменде жазу берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты):
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
Пәні: әдебиеттік оқу
Мектеп:№10
Мұғалімнің есімі: Парманкулова Б. З.
Оспанхан Әубәкіровтың «Жеті шал» әңгімесі
- agaysha71
- 7 қараша 2019
- 8909
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Оспанхан Әубәкіровтың шығармашылығы мен өмірі, Жеті шал әңгімесі
Ұқсас жаңалықтар:
5 саны мен цифры
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1. 1. 1. 2 **бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 1. 1. 1. 3 **бір таңбалы сандардың құрамын...Мектептегі бір күнім
Бүгінгі сабағымыз осы апта күндері жайлы және соның ішінде мектептегі бір күніміз жайлы болмақ. Олай болса Оспанхан Әубәкіровтың «Жеті...Жеті қазына
Балалар, Сағи қайда? Ол Қазына іздеушілер фильмін өте жақсы көретін еді ғой. Тағы да қазына іздеуге кеткен болар. Мен мына қазына толы сандықшаны...Киелі сандарға саяхат
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық». Оқу іс - әрекеті: қарапайым математикалық ұғым, тіл дамыту, айналамен...7 санымен таныстыру
Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Тақырыбы: 7 санымен таныстыру,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.