Сайтқа кіру Тіркелу

М. Дулатов "Қоян"

Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов."Қоян"
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылар қыс мезгіліндегі аңдардың тіршілігі туралы оқып үйренеді, топтық жұмыстарды орындауға бейімделеді;
ә) Өз ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысы қалыптасады, оқу техникасы жетіледі;
б) Табиғаттан үйрену арқылы зерделі болуға, бақылағыштыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары; сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, АКТ
Көрнекілік және қажетті құралдар: Дидактикалық материалдар, оқулық, дәптер, қалам.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу.
- Психологиялық кезең.

ІІ. - Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Мағжан Жұмабаев «Аққала» өлеңін жатқа мәнерлеп оқу.
- Аққала өлеңінде қыстың қандай бейнесі суреттелген?
Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы пысықтау.
1. Қысқы ойын түрлерін айт. (сырғанақ, аққала, коньки, шаңғы тебу, хоккей)
2. Аққала өлеңінің авторы кім?
3. Өлеңде ақын қолданған көркем сөздерді ата.
(күміс қарға көбіктей, сүңгіп алып сүліктей, күлкілері - меруерт)
4. «Қарды соғып төрт бұрыш» деген жолдан бастап өлеңді жатқа айт.
5. Өлеңде «кесеге» сөзінің мағынасы нені білдіріп тұр? (мұнда: қатқан қардан кесек ойып алу)
6. Қыс айында құстар қалай тіршілік етеді? (отырықшы құстар туралы айту).
7. Аңдар қыста тіршілігін қалай жалғастырады?

ІІІ. Қызығушылықты арттыру.
Жұмбақ жасыру.
1. Секектеп бір тұрмайды,
Өреден құрт ұрлайды. (Сауысқан).
- Өре сөзі бізге таныс па?
2. Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян).
Сыныпты екі топқа бөлу
1 - топ Құстар 2 - топ Аңдар

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Көру арқылы есте сақтау қабілетін тексеру.
2. Құйрығы жоғары, жатық.
3. Қоянның құлағы тік, жатық.
4. Қоянның көзі ашық, жабық.
5. Қоян ағаштың сол жағында, оң жағында

2. Топтық жұмыс. Суретте көрсетілген аң мен құс туралы не білесіңдер?
«Топтастыру» стратегиясын қолдану.
Аңдар тірі табиғат, аң, өйткені денесін жүн басқан, қоян баласы – көжек, жыл мезгіліне сай киімін өзгертіп, жауынан қорғанады, өте көбейгіш,
Құстар үш ай сайын көбейеді, бірақ мейірімсіз тірі табиғат, құстар класына жатады, отырықшы құс, қыстап қалады, өте сақ, ұрлық жасайды, жәндіктер және өсімдік қабығындағы дернәсілдермен қоректенеді. көжегін тастап кетеді.

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы
№17 И. И. Трубицын атындағы орта мектеп - гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Саткунова Қарлығаш Қайратовна

М. Дулатов "Қоян" жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×