Сайтқа кіру Тіркелу

10 саны мен цифры

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математика.
Тақырыбы: 10 саны мен цифры.
Мақсаты: 10 саны таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдық қасиеттерін, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық еңбек ету, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: он, десять, тен.
Сөздік жұмыс: екі таңбалы сандар.
Пән аралық байланыс: Көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу, сурет салу

Мотивациялық қозғаушылық
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен. Қонақтармен амандасып алайық.
• Балалар үстел басында тұрып, қонақтарға қарап
Күннің көзі ашылып, көкке шуақ шашылып, құтты қонақ келіпті, төрге міне еніпті, сәлемдесу үлкенге, тәрбиенің басы ғой.

Сәлеметсіздер ме апайлар! Здравствуйте!
Good moning!
(Барлығы орындарына отырады.)
Балалар олай болса оқу іс - әрекетін бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.
Топқа бөлініп болсақ өткен оқу іс – әрекетімізді еске түсірейік. Біз өткен оқу іс - әрекетімізде қандай сандармен таныстық? Қане есімізге түсірейкші

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Рефлексивті – коррекциялау
1. Бір жылда неше жыл мезгілі болады?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Төртбұрышта неше бұрышы бар?
4. Қандай геометриялық пішіндерде не басы не соны жоқ?
5. Заттарды бір - біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз?
6. 5 саны мен 7 санын арасында қай сан бар?
7. Заттар өзара бірдей болғанда, қандай амал қолданамыз?
8. Тоғыз саны қанша бірліктен тұрады?
9. Бір саннан екінші санды алу үшін қандай амал қолданамыз?
10. Бір таңбалы санның ішіңде ең үлкені қандай сан?
Жақсы балалар, ойларың ұшқыр екен сендер өткен сандарды жақсы меңгеріпсіңдер.
Сонымен сендер білетін бір таңбалы сандардың ішінде ең үлкен сан қандай?
Ия, дұрыс айтасыңдар 9 саны болатын. Мына суретке назар аударыңдар, неше торғай отыр екен қане бірге санайық,(9) осы 9 торғайға 1 торғай келіп қосылды барлығы неше торғай болды? Ендеше, балалар 9 +1= 10саны болады.

Қызылорда қаласы,
№39 «Қызылөзек» орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Есетова Айдана Аманбайқызы

10 саны мен цифры. жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×