Сан есім
Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы түсінік беру және сан есімнің заттың санын, ретін білдіретінін ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Сан есімнің сөз табы екенін түсіндіре отырып, сан есімге сұрақ қоя білуге үйрету.
2. Сөздік қорларын, ойлауын, таным қабілеттерін арттыру.
3. Топтық, жұптық жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кесте, интерактивті тақта, слайд.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, өздік жұмыс, топтық.
Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сан бойынша топқа бөлінеді (7 мен 5)
1. Психологиялық дайындық.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың ше?
Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
Қалай топқа бөліндік? Қандай сандар? ( Не үшін? Топ ережесін атап өту)
(Кластер құрау айтып өту) Қару Бес саусақ
ата
апта жақсы баға
жұт жетіқарақшы қазына 5 асыл іс 5 намаз
2. Сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен материалды «Иә, жоқ» ойыны арқылы пысықтау.
Ойынның мақсаты: Тез ойлауға, шапшаңдыққа баулу.
Ойынның шарты: Өтілген сөз таптарына байланысты сұрақтар қою. Егер сұрақ дұрыс болса, «иә» деп, дұрыс емес болса «жоқ» деп жылдам жауап беру керек.
- Сан есімнің сұрақтары Қандай? Қай? (жоқ),
- «Ұқыпты» сөзі етістікке жатады (жоқ)
- Реттік сан есім нешінші? сұрағына жауап береді? ( иә)
- Сын есімнің сұрақтары қандай? Қай? ( иә)
- Жүріп бара жатыр сөзі дара етістікке жатады ( жоқ)
- Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді ( иә)
«Қай топ жылдам?» «7» тобы дара сан есімге «5» тобы күрделі сан есімге мысалдар жазады. ( екі топ бір бірін тексереді)
Осы сан есімдерді дара сан есімді реттік сан есімге, күрделі сан есімді топтау сан есімге айналдыру. ( топтар орындарымен алмасады)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмыс. Күнді тақтаға жазу. ( дәптер ережесін еске түсіру)
Көркем жазу ( дәптерде берілген әріптерді жазу)
- Бүгін біз кітабымыздың 186, 187 беттерімен жұмыс жасау)
2 - жаттығу. Оқып талдау. Нешеу? сұрағына жауап беретін сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыру. ( Ауызша кезекпен сөйлем құрайды, сан есімді атау, сұрақ қою)
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Жетеуі де өнерлі екен. Анам алманың біреуін ғана ал деді. Әсем кітаптың екеуін қолына алды.
Жетеу сөзіне дыбыстық талдау. ( орында айта отырып жазу)
3 - жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу. (қол)
Жұмбақты көшіріп жазып, сан есімдерді табу. «Қос» сөзінің мағынасын ашу. (екі, пар)
Сұрақ қою.
Қол және ағаш «Көпір сөз» іздеу.
Өздік жұмыс. Терме диктант
Тайқазан
Тайқазанды сегіз жүз бірінші жылы жасалған.
Тайқазанның салмағы - екі тонна, биіктігі жүз алпыс екі сантиметр.
Тайқазан жеті түрлі металдан жасалған. Оның қабырғасына араб әріптерінің өрнектері салынған. Гүл сияқты жасалған екі құлақшасы бар. Олардың арасында он екі үлкен шүмектері де бар.
Жұп болып бір - бірін тексереді. ( топтар ауысады)
Сергіту сәті
Математикалық мақал - мәтелдер ( топтық, ауысып бір - бірін тексереді)
1. Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.
2. Мың қосшыға бір басшы.
3. Бір ит көріп үреді,
Бір ит еріп үреді.
5. Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі
6. Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
7. Мыңның түсін танығанша
Бірдің атын біл.
«Шынжыр» ойыны
Төрт аяғы бар,
Төрт тұяғы бар.
Бір құйрығы бар,
Басында екі таяғы бар,
Иегінде бір сақалы бар. ( ешкі) Ұқсай ма?
Кері байланыс.
- Қандай жұмыстар жасадық?
- Қай тапсырма қиындық тудырды?
- Қай тапсырма жеңіл орындалды?
Бағдаршам.
Үйге: 2, 3 - жаттығулар. 187 б.
Сан есім
- shugamo1984
- 17 қыркүйек 2017
- 2438
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сан есім, қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспары, сөз табы, қандай қай сұрағына жауап беретін
Ұқсас жаңалықтар:
Дара және күрделі сын есім
Мақсаты: 1). Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен...Дара және күрделі сан есім
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Узденбекова Жанаргүл Кенжетайқызы...Сан есімді қайталау
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...Тест жұмысы
Өскемен қ, №36 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Алимханова Дина Жиенбекқызы Тест жұмысы (сан есім) 1. Есептік сан есім нені білдіретінін...Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Жулдызай Султангалиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.