Сабақтың тақырыбы: «Шығамын білім шыңына!»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интерактивті тақта, тест, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 2«ә»сыныптар арасында өтетін «Шығамын білім шыңына» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға, бір гулден беріп отырамыз.
2. Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
1. «Алғырлар тобы» 2. «Білгірлер тобы»
«Тапқырлар тобы» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
«Білгілер тобы» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
Мұғалім: Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады
1 - бөлім «Бәйге»
2 - бөлім «Ағаш отырғызу»
3 - бөлім «Гүл отырғызу»
4.- бөлім «Құстардың тапсырмасы»
5 - бөлім «Граматикалық тапсырмалар"
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік. (Әуен ойнайды) «Жасыл дала, құлпырған қып - қызыл гүлдер, сарқырап аққан мөп - мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген күн сәулесі». Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық.
Оқушылар: Арайлап нұрлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырап әсем табиғат,
Желекке бөлеп аймақты.
Оқушылар қандай көрініс көріп тұрмыз?
Оқушылар: Әсем табиғат
Мұғалім: Ендеше мен сіздерге проблемалық ой тастағым келіп тұр. Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат ата - анасымен бірге көлдің жағасына дем алуға барады. Асқар мен Болат суға шомылып, күнге қыздырынып болған соң, анасы оларды тамақтануға шақырады. Тамақтанған соң ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді. Қарбызға тойған соң, олар қабықтарын көлге лақтырып ойнады. Анасы тамақ ішкен ыдыстарын салып алды да, тамақтың қалдықтарын көлге, лақтырып қалған қоқыстарын жинамастан балаларына:
- Тез машинаға отырыңдар, үйге қайтамыз - деді. Сөйтіп олар машинаға отырып кете берді. Табиғатымыз қоқыстанған, ластанған. Соны тазалау үшін, өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймын. Ол «Бәйге» бөлімінің тапсырмасын шешулеріңіз қажет.
Сонда әсем табиғатымыз қоқыстан тазартылады.
Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Бәйгедегі тапсырманы
Лезде шешіп тастайық.
«Тапқырлар тобы»
1. Ең кіші үш таңбалы сан. (Жүз)
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. (Шаршы)
3. 3 онд. 4 бірл (34)
4. Дециметрде неше сантиметр бар?(10 см)
5. 1 сағ неше минут бар (60 мин)
«Білгірлер тобы»
1. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
2. Геометриялық фигура. (Төртбұрыш)
3. Бұрыш түрі (Сүйір)
4. Бір аптада неше күн бар? (7күн)
5. Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз.( Шеңбер)
Мұғалім: Оқушылар өте жақсы тапсырманы орындадыңдар.
Әсем табиғатымызды, суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады. Таза ауамен дем алсақ, денсаулығымыз да мықты болады.
Жолдау.
Міне оқушылар Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында: «Қазақстан ауасы таза, суы - мөлдір, жасыл желекке айналуы тиіс», - деген болатын.
- Балалар, біз даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса аламыз?
Оқушылар:- Қоқыстан тазалаймыз, ағаш отырғызамыз, гүл егеміз.
Ендеше, балалар, табиғатымызды таза ұстап, қамқорлыққа алу, гүлдер егіп, даламызды жасыл желекке айналдыру - болашақ ұрпақ сендерге байланысты.
Сондықтан өз үлесімізді қосайық...
2 бөлім:«Ағаш отырғызу»
Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ, ол дұрыс өспей қалады. Ал сіздердің ағашты дұрыс отырғызғандарың, тапсырманы дұрыс орындағандарын болып саналады.
1 - ағаш тапсырмасы:
«Тапқырлар тобы»
90 +10=100 72+2=74
25+3=28 40 - 20=20
24+2=26 38 - 8=30 «Білгірлер тобы»
80 - 50=30 70 - 10=60
24+3=27 47 - 7=40
35+2=37 56+1=57
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішеннтай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі
Мұғалім:
- Тағы қандай үлес қосамыз.
- Гүл егеміз.
- Жақсы. Бірақ гүл егу кез - келген адамның қолынан келе бермейді. Оны баптап күту қажет.
3 - бөлім: Қызғалдақ тапсырмасы.
« Тапқырлар тобы»
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман – жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
Сапырып - сапырып Арманға бер,
Құйып - құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу?
Жауабы: 10 адам.
« Білгірлер тобы»
Ертеде 1 ағаштың 12 бұтағы бар екен.
Әр бұтағында 30 - дан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара, кәнеки ойлан тап?
(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
4 бөлім: Раушан гүл тапсырмасы.
«Тапқырлар тобы»
45 - 4 онд. 5 бірл
68 - 6 онд. 8 бірл
93 - 9 онд. 3 бірл 257 - 2жүзд. 5 онд. 7 бірл 364 - 3 жүзд. 6 онд. 4 бірл
«Білгірлер тобы»
57 - 5онд. 7 бірл
79 - 7 онд. 9 бірл
38 - 3онд. 8 бірл
573 - 5жүзд. 7 онд. 3бірл
644 - 6 жүзд. 4 онд. 4 бірл
Енді әсем табиғатымызға көрік беретін құстар жетіспейді, қане құстарымызды шақырайық.
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.
5 бөлім: Математикалық өлең есеп
2 – құс «Кептер» тапсырмасы..
«Тапқырлар тобы»
1. Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
(30 қаз)
2. 6 аламаның 2 - ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады.
(4алма)
3. 100 асықтың 30 - ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады.
(70 асық)
«Білгірлер тобы»
1. Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?
(70 үйрек)
2. 11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы?
(24 жануары)
3. Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
(60 алма)
5 - бөлім: Қызықты тапсырмалар.
3 - құс «Сарышымшық» тапсырмасы.
« Тапқырлар тобы»
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
«Білгірлер тобы»
1. Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2кг болады. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?
2. Егер 1 килограмм алманың бағасы 100 теңге болса, жарты килограмм
Қорытынды: Оқушылар сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Енді қай топта қанша гүл жинағанын санаймыз. Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып, табиғатымызды қорғай білейік, оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді. - Осымен, балалар «Шығамын білім шыңына» атты сайыс сағатын аяқтай отырып. Жеңімпаз топты анықтап, қатысып өз білімдерін көрсеткен барлық оқушыларға рахмет. Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!
Жезқазған қаласы,
№3 мектеп орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі:
Абдраимова Женисгул Абибуллаевна
Математика сабактан тыс 2 сынып
Шығамын білім шыңына!
- Абдраимова Женисгул
- 18 мам 2017
- 2523
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Математика сабақтан тыс сабақ, сайыс сабақ математика
Ұқсас жаңалықтар:
Қызықты математика
Математика Тақырыбы: Қызықты математика...Жас математик танымдық сайыс сабақ
1. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Мұндағы өлең -...Түрлі деңгейдегі есептерді шешудің жолдарын ойлап табу
Көкшетау қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Мұғалім: Шамиғанова Р. М....Көңілді тапқырлар.
Нұрмашева Шарбану Насырқызы. Х.Наубетов атындағы орта мектептің жоғары санатты мұғалімі. Тақырыбы: Көңілді тапқырлар. Мақсаты: Білімділігі:...Қызықты математикалық ойындар
СҚО, Ақжар ауданы, Ленинград ауылы №2 Ленинград орта мектебі Жаканова Асем Магауияновна Қызықты математикалық ойындар Сабақтың мақсаты: Білімділігі:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.