Тәрбиеші: Нуредилова Н. К.
Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық. Қатынас. Әлеуметтік орта. Денсаулық.
Бөлімі:
Тақырыбы: Ойындар әлеміне саяхат «Қызыл телпекке көмек»
Мақсаты: Балаларға жыл бойы өткенді қайталатып, білімдерін тиянақтау. Ойындар арқылы көктем мезгілінің ерекшеліктерін, орман және үй жануарларының айырмашылығын, пайдасын, дала және үй құстарының айырмашылығы мен пайдасын айтып, олардың дыбыстауларын сала білу.
Заттарды салыстыру: ұзын, қысқа, дәмін пішінін, түсін ажырату. Көкөніс пен жемістерді ажырата отырып, олардың өсетін орнын таба білу.
Балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып, айналадағы қоршаған ортаға көмек беруге, еңбек етуге, ұқыптылыққа, мейірімділікке, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Релаксация барысында балалардың қиялдарын дамыту, ермексазбен жұмыс жасау арқылы саусақ бұлшықеттерін дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктері: Қызыл телпек кейіпкері, Қасқыр ойыншық, шалшық су, көпір, көкөністер мен жемістер муляждары, бақша мен ағаш, орман және үй жануарларының ойыншықтары, үй және дала құстарының суреттері, мр 3 дыбыстары, ермексаз, ұзын, қысқа жолдар.
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Қонақтармен амандасу.
Психологиялық сәт.
Т: Балалар, қараңдаршы бүгінгі біздің сабағымызға апайлар келіп отыр. Олар сендердің қаншалықты ақылды екендеріңді көргілері келіп тұр. Сондықтан балалар, кәне бәріміз бір – бірімізге қарап, күлімсірейік. Көңіл күйіміз жақсарды ма?
Т: Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Көктем мезгілінің ерекшеліктерін кім айтып береді?
Ал кім бізге көктем мезгіліне арнап тақпақ айтып береді?
Балалар қонақтармен амандасып, бір - бірлеріне қарап күлімсірейді.
Балалардың жауаптары.
Көктем мезгілі.
Көктемде 3 ай бар: наурыз, сәуір, мамыр.
Көктемді күн жылынып, қар ериді, адамдар қалың киімдерін шешіп, жеңіл киім кие бастайды. Ағаштар бүршік жарады. Жылы жақтан құстар ұшып келеді.
Ұйымдастыру кезеңі Ғажайып сәт. (Әуен қосылады)
Залға Қызыл телпек келеді. Саламатсыздар ма балалар?
Т: Балалар қараңдаршы бұл қай ертегінің кейіпкері?
Т: Дұрыс айтасыңдар. Қызыл телпек сен қайда бара жатырсың?
Қ: Мен әжемнің үйіне тоқаш алып бара жатырмын.
Сол кезде қасқыр келеді. (әуен қосылады)
ҚАС: АААА, Қызыл телпек, қайда бара жатырсың?
Қ: Әжемнің үйіне бара жатырмын.
ҚАС: Мен саған тапсырмаларды дайындап қойдым. Солардан өтсең ғана әжеңнің үйіне жетесін.
Қ: (көңілсіз) мен бұл тапсырмаларды жалғыз өзім орындай алмаймын ғой. Енді әжеме қалай барамын? Мені әжем күтіп қалған болар.
Т: Жылама Қызыл телпек, біздің балалар саған тапсырмаларды орындауға көмектеседі.
1. Шалшық судан өту.
(балалар аяқтарын суламай шалшықтан секіруге тырысады)
2. Көпірден өту.
(балалар тепе - теңдікті сақтап, ұзын орындықтан өтуге тырысады)
3. Бақтағы араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айыру. (көкөніс пен жемістерді өсетін орындарына орналастырып, олардың түсін, дәмін, аз - көп ажырату).
Сергіту сәті «Аяқпенен топ - топ - топ»
4. Ормандағы тапсырмалар.
Балалар қараңдаршы, мына жерде Шопан атаның қорасындағы үй жануарлары орманда адасып кеткен. Соларды мына қораға апарып салайық.
(үй жануарларын орман жануарларынан ажыратып бойларын салыстыру ұзын, қысқа; жануарлардың дыбысын салу, жануарлардың пайдасы)
Релаксация. (Әуен қосылады)
Балалар, біздер қазір ормандамыз. Орманның ауасы сондай таза. Кәне, бәріміз, көзімізді жұмып, таза ауамен терең тыныс алайық. Кеудеміз тазалыққа, мейірімділікке толы болды, құстардың үні сондай керемет естіледі. Осындай керемет сезімімізбен көзімізді жайлап ашайық.
Құстардың үні шығады. Құстарды дыбыстары және сурет бойынша ажырату. пайдасын айту
(аққу, тырна, қарлығаш, көкек, күркетауық, қаз, тауық, әтеш)
Шығармашылық жұмыс. (ермексазбен)
Т: Балалар, кәне бәріміз бірге құстарға арнап, ермексаздан құртшалар жасап берейік.
Тәрбиешінің көмегімен балалар құртшалар жасайды.
Саламатсыз ба Қызыл телпек.
«Қызыл телпек» ертегісінің кейіпкері.
Рефлексиялық түзетушілік Дидактикалық ойын: «Ұзын, қысқа жолды табу».
Қ: Балалар, маған әжеме баратын қысқа жолды тауып беріңіздерші.
Сол кезде Қызыл телпек қысқа жолға түсіп, балаларға рахметін айтып, әжесіне барады.
Қорытындылау.
Т: Балалар, бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
Біз кімге көмек бердік?
Қандай тапсырмаларды орындадық?
Құстарға ермексаздан не жасап бердік?
Балалар, көңіл - күйлеріңіз жақсыма? Олай болса, жайлап тобымызға барайық.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Тепе - теңдікті сақтау, көкөніс пен жануарларды, дала мен үй құстарын ажырату
Қолданады: ҚМТҚ (ұзын, қысқа), заттардың дәмін, түсін, пішінін ажырату
Игерді: ермексазбен ұқыпты жұмыс жасау.
Ойындар әлеміне саяхат
- naz.9090
- 17 ақпан 2017
- 4847
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ойындар әлеміне саяхат, қызыл телпек
Ұқсас жаңалықтар:
Қызыл телпектің бәліші
балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. нанды есуге, илеуге, домалатуға, қағаз бетіне таңба салуға үйрету....Қызыл телпектің саяхаты
Өткізген: Қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубайқызы...Ғажайыпстанға саяхат
Тақырыбы: «Ғажайыпстанға саяхат» Мақсаты: Заттардың әр түрлі топтарын санау оның санын анықтап тура, кері санауға үйрету. Балалардың қарапайым...Жаңа үлгідегі: Қызыл телпек ертегісі
ШҚО, "№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна...Үй құстары мен дала құстары
Тәрбиеші: Интыбекова Ж. А...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.