Сайтқа кіру Тіркелу

Сиқырлы қарлар

Сиқырлы қарлар
Білім беру саласы: Таным, Коммуникация, Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, сурет, мүсіндеу
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ моторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап ойын
Көрнекіліктер: слайд, мазмұнды суреттер, балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, үлгі, жасанды қар, тақтайша, сулық қағаз, тіс пастасы, ойынға қажетті заттар
Билингвальды компонент: қыс - зима, қар – снег, аққала - снеговик

Мотивациялық – қозғаушылық
Сәлеметсіздер ме балалар! Балалар, қараңдаршы біздерге бүгін қонақтар келіпті. Қане бәріміз шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбер
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем
Жайнап өскен бізге сәлем
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларыма сіздерге сәлем!
Жарайсыңдар балалар! Орындарыңа отыра қойыңдар. Бүгінгі ашық оқу қызметін бастамас бұрын экранға назар аударайық
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Енді қыс мезгіліндегі көріністерді бақылайық.
Қыс мезгілінде неше ай бар атап көрейікші?
Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
Айналаны, үйлердің шатырын не басып тұр?
Қар қайдан жауады?
Қардың түсі қандай?
Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?

Ұйымдастырушылық - ізденістік Балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
Қыс туралы қандай тақпақтар білеміз?

Балалар 3 - топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
1. Жасанды қардан аққала жасаймыз (алдымен алақанның ортасына салып дөңгелетеміз, сонан соң оларды бір - бірінің үстіне қойып жабыстырамыз)
2. «Қар жамылған ағаш» бейнесін саламыз (жұмыс барысы үлгіге қарап түсіндіріледі. Саусағымызды ақ түсті тіс пастасына батырып қар жамылған бейнені саламыз)
3. Қақпақтарды пайдалана отырып түрлі бейнелер жасаймыз.

Қорытындылау: Бір баланы шығарып, кімнің салған суреті өзіне ұнайды, соны алып шығып не себепті ұнайтынын айтады.
Дидактикалық ойын «Шыршаны безендір»
Мақсаты: Түстердің реңкі бойынша топтастыра білуге үйрету.

Шарты: Түстеріне сәйкес шарларды таңдап алып орналастыру.

Рефлексиялық - түзетушілік
Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?
Ендеше ашық оқу қызметінен алған көңіл – күйлеріңді смайликтер арқылы білдіріңдер
Балалар қардан біз не жасадық?
Аққала неше бөліктен тұрады?
Қардың түсі қандай?
Балалардың жұмысын талдау, мадақтау
Бүгінгі оқу қызметін «Аққала» туралы әнімізбен аяқтаймыз

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін және ақ ұлпа қар туралы
Игереді: қыста ағаштардың қарға жамылатынын, тақпақтар айтуды, ойындарды
Меңгереді: аққала жасауды, шырша безендіруді, қауіпсіздік ережесін сақтауды

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×