Сайтқа кіру Тіркелу

«Күшікпен таныстыру»

Мақсаты: Балаларды белгілі бір заттың белгілері мен сипаттамалық ерекшеліктерін көру,есту, сезу негізінде дұрыс атай білуге, тірі табиғатпен қоғамдық өмірдің себеп-салдарлық қарапайым байланысын түсінуге, ересектердің көмегімен (күшікке) жануарға қамқорлық жасай білуге дағдыландыру.
Балаларды кедергілерден өту кезінде үйлесімді қимыл-қозғалыстарды сапалы орындау арқылы шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Балаларға шығармашылық ойын арқылы эмоциялық көңіл-күй сыйлау, баланың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ой, адамгершілік, имандылық тәрбиесін егу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, бой сергіту, қорытындылау.
Көрнекіліктері: Ойыншық күшік, ертегі кейіпкерлерінің бетперделері
- Балалар, бізде бүгін ерекше күн! Бізге көп қонақтар келіп отыр.Қонақтарға өзіміздің әдепті бала екенімізді көрсетейікші, қонақтарға не деп айтамыз?
- Сәлеметсіздер ме, апайлар!
- Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі айналамен танысу оқу іс-әрекетінде мен сендерді серуенге шақырамын.
Балалар екі-екіден қатарға тұрып, серуенге шығады.
- Балалар, мына жер мұздақ екен. Осыдан сырғанап өтейік. (балалар сырғанап өтеді)
- Айналаға қараңдаршы, не байқап тұрсыңдар? Не жауыпты?
- Қар жауыпты.
- Мына жердің қары қалың екен, мен із көріп тұрмын, аяғымызға қар кірмеу үшін осы ізбен жүрейікші.(балалар ізбен жүреді)
- Ағаштағы қарды ұстап көрейікші, қар қандай?
- Қар жұмсақ.
- Түсі қандай?
- Түсі ақ.
(Осы кезде қыңсылаған күшіктің дауысы естіледі)
- Бір дыбыс шығатын сияқты, ненің дыбысы болды екен. Ой, балалар, қараңдаршы мынау кішкентай күшік қой. Анасынан адасып қалған сияқты, өзі тоңып қалыпты.Қане, бәріміз үрлеп жылу беріп күшікті жылытайық.
- Күшіктің жүндері қандай әдемі! Түсі қандай?
- Түсі ақ.
- Балалар, күшік қатты тоңған сияқты, әлі дірілдеп тұр, тобымызға апарайық.
(Топқа келіп, балалар орындарына отырады)
- Балалар, күшіктің анасын не деп атаймыз?
- Ит деп атаймыз.
- Осы күшікке ат қояйықшы.
Балалар Ақтөс деп ат қояды.
- Енді Ақтөстің дене мүшелеріне тоқталып өтейік.
- Мынау несі?
- Басы.
- Мынау көзі, ал құлағы нешеу?
- Құлағы екеу.
- Ал, мынау тұмсығы, кеудесі, аяғы. Аяғы төртеу екен. Ал мынау құйрығы. Ақтөс адамға еркелегенде құйрығын қозғалтады. Балалар, күшік қандай дыбыс шығарады, білесіңдер ме?
- Әу,әу,әу,әу.
- Күшік кішкене кезінде сүтпен қоректенеді, өскеннен кейін сүйекті жақсы көреді. Қане балалар, күшіктің қимылын салайықшы.
Сергіту жаттығуы:
Танауы тырналып, ісіпті,
Сонда да, қуады мысықты.
Адамның сенімді серігі,
Біл, иттің баласы-күшікті.
- Ит - адамның досы. Ол біздің,үйімізді, ауламызды күзетеді.Ал, енді мен сендерге күшіктің анасы иттің ерлігі туралы ертегі айтып берейін.
- Баяғыда кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың оншақты қойы болыпты.Қой бағып күндерін көреді екен. Бір күні қойға қасқыр шауыпты.Түнде келіп бір қойын жеп кетіпті.Кемпір мен шал «не істейміз» деп уайымға батыпты. Ойланып отырғанда үйдің қасынан бір ит өтіп бара жатады. Шал иттен ақыл сұрайды.
- Ит: «Олай болса, қойларыңды мен күзетіп көрейін»- дейді.
Түнде иттің ырылдаған дауысынан, кемпір мен шал далаға шығады. Қараса қойларға келген қасқырды ит сезіп, үріп жатыр екен.Содан бастап қойларына қасқыр жоламайтын болыпты.Кемпір мен шал итке рахметін айтып « сен бізбен бірге тұр, біз саған жылы үйшік жасап берейік»- дейді.
-Ит: Жарайды мен онда, қойларың мен үйіңді күзетейін,-дейді. Ит осылай ерлік жасап, адамға дос болыпты.
- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
- Ұнады.
- Ертегіде кімдер туралы айтылған?
- Кемпір, шал, ит, қасқыр
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз күшікпен таныстық. Енді күшігімізді ортаға алып, оған арнап ән айтып берейік.
Балалар «Саққұлақ» әнін орындайды.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалар күшік туралы біледі, дене мүшелерін атай алады.
Меңгеруі: Ит туралы ертегі мазмұнын түсінеді, иттің дос екенін ұғады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×