Сайтқа кіру Тіркелу

Жаңа жыл - Жаңа нұр!

Жаңа жыл - Жаңа нұр!
Мақсаты: Балаларға Жаңа жылдық көңіл - күй сыйлау.
Ертегі «Қоянның туған күні» желісі бойынша ертеңгілікті өткізу. Балаларды сахналық мәдениеттілікке баулу.
Ортаға кеш жүргізушісі шығады.
Қоян: Армысыңдар құрметті қонақтар! Сәлеметсіздер ме құрметті ата - аналар!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Бүгін бізде мереке Жаңа жыл мерекесі. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Жаңа жыл мерекесімен тұспа тұс келіп жатқан менің сүйкімді де, сүйікті көжектерімнің туған күні.
(Көжектер келеді, әдемі музыка ойналады)
Қоян: Менің сүйкімді көжектерім, бүгін сендердің туған күндерің және Жаңа жыл мерекесі. Көжектерім туған күндерің құтты болсын! Кәне көжектерім көңіл - күйімізді бір көтеріп билеп алсақ қайтеді.
Би: "Көжектер"
1. Алсу
2. Ләйсан
3. А. Азиза
4. К. Ерсәт
5. Алишер.
Қоян: Ой - ой - ой менің көжектерім қандай керемет, өздері сондай аппақ, билері қандай тәтті - ақ.
- Көжектерім бүгін ең қуанышты күн. Сендердің туған күндеріңді құттықтауға әрі Жаңа жыл кешін бізбен бірге қарсы алуға көптеген қонақтар келе жатыр екен.
- Кәне көжектерім туған кешіне келетін қонақтарды әдемі көңіл - күймен қарсы аламыз ба?
Көжектер: - Иә
Қоян: - Ендеше қонақтарды күтуге дайындалып, әдемі шыршамызға ойыншықтар іліп, стол дайындайық.
(Қоян көжектерімен бірге әдемі музыка ырғағымен шыршаны әсемдеп, стол дайындайды)
Автор: Үнемі іш бауырына кіретін түлкі, сөзге шорқақ болса да салмақты қасқыр, аздап сөйлейтін аю және тағы басқада аңдардың, қонақтардың да келетін уақыты да болып қалды.
Сәлден соң есік сықыры естіледі. (музыка ойналады)
Саиида: Қ. Азиза: Түлкі: Сәлеметсіз бе Ақ қоян, ақ қоян көжектеріңнің туған күні құтты болсын! Мына менің сыйлығымды қабыл ал,- деп себеттегі балығын сыйға тартады.
Қоян: - Рахмет, рақмет түлкі досым, төрлет дастарханға отыр деп дастархан басына жайғастырады.
Сәлден соң есік соғылып қасқыр келеді.(қасқырдың музыкасы ойналады)
Мүслима - Айназар: Қасқыр: Аппақ қоян туған күндерің құтты болсын! Әрқашан мына менің қойымдай аппақ болып жүріңдер. Мынау менің сыйлығым деп қойды ұсынады.
Қоян: Таңдана қарап, рахмет - рахмет дейді.
Шыршаны айналып әндетіп, мысық пен тышқан келе жатады.
Жанель - Мысық: Мияу - Мияу деп келе жатып шыршаның жанында ұйықтап жатқан аюға шалынып қалады.
Ой, мынау жатқан не деп жатқан аюды таяқпен түртеді.
(жатқан аюды таяқпен түртеді)
Шахназ - Аю: - Бұл кім менің мазамды алған?
- Мені неге ояттыңдар? Қыста күн суытқанда мен ұйықтағанды жақсы көремін. (Таңдана қарап ) Сендер неге әдемі болып киініп алғансыңдар? Бүгін қандай мейрам? Әрі сендер бүгін нағып дос бола қалдыңдар?
Жанель - Мысық: Аю аға бүгін үлкен мейрам Жаңа жыл емеспе?
Әрі бүгін достарымыздан қоянның көжектерінің туған күні деп естідік.
Нүриба - Тышқан: Біз Мысық екеуміз бүгіннен бастап дос боламыз деп шештік.
Сен неге ұйықтап жатырсың, жүр бізбен бірге қояндарды туған күндерімен құттықтап қайтайық.
(үшеуі әдемі көңіл - күймен қоянның үйіне қарай беттейді)
Жанель - Мысық: Қоян, қоян сәлеметсіз бе?
Көжектеріңнің туған күні құтты болсын!
Щахназ - Аю: Үйің қандай жылы, әрі әдемі безендірілген екен. Мына шыршаның әдемісің аййй.
Мысық, Тышқан, Аю қоянға алып келген сыйлықтарын ұсынады.
(Туған күн тойлауға келген қонақтар мәз болып, дастархан басына жиналып туған күнді тойлайды.)
Қоян: Қонақтар қош келдіңдер! Сендерге көп - көп рахмет. Менің көжектерім сендерге арнап тақпақ айтқылары келіп тұр.
Алсу:
Қыс өнерін бастады
терезеге қыраудан
Сурет салып тастады.
Ләйсан:
Аяз ата келіп тұр
бізге сәлем беріп тұр
САқалының ұзынын - ай
кесіп алса шіркін - ай
А. Азиза:
Келіңдер, келіңдер
тақпақ айтып беріңдер
жомарт Аяз атадан
сыйлық алып көріңдер.

К. Ерсәт:
Кесек қар дала да,
бас жаса домалақ
көзіне көмір қой,
мұрын бер жобалап
Алишер:
Кел билейік үйренейік
ол келгенше Жаңа жыл
Құтты болысын, құтты болсын
Құтты болсын Жаңа жыл.
Туған күн кешіне келген қонақтар мәз болып қол соғады.
Қоян: Қонақтарым сендердің де қандай өнерлерің бар?
Келген қонақтар: Бәрі бірге біздің де сендерге алып келген өнерлеріміз бар.
(бәрі ортаға шығып билейді)
Би: "Аңдар"
1. Қасқыр: Мүслима
2. Түлкі: Саиида
3. Мысық: Жанель
4. Тышқан: Нүриба
5. Аю: Шахназ
Қоян: Рахмет - рахмет достарым.
Қоян: Қонақтарым тағыда менің көжектеріме арнаған қандай өнерлерің бар.

Мүслима:
Жайнатып жасыл шыршаны
Сыйлыққа толтырып ортаны
Ойнаймыз, күлеміз, билейміз
Қуантып Аяз атаны
Саиида:
Аппақ күміс бар әлем
Зымырайық шанамен
торғайлар тон киеді
Аяз беттен сүйеді.
Жанель:
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
қандай әсем шыршамыз
ән шырқайық, баршамыз
Нүриба:
Кел, балалар тақпақты
тақылдатып айтайық
Аяз ата таң қалсын
сыйлық алып қайтайық

Шахназ:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
көптен күтіп сағынған
Қоян: Рахмет туған күн кеші, әрі Жаңа жыл мейрамы өте тамаша өтіп жатыр. Бірақ менің бір ғана тілегім, арманым бар еді. Мен аспандағы айды жұлдыздарымен қоса жақыннан көргім келеді. Ой - ой менің осы арман тілегімді орындап, аспандағы айды жұлдыздарымен бірге біреу сыйға тартса жақсы болар еді.
Тосын сәт: (Осы мезгілде аспаннан быр дыбыс естіледі)
Жын: Қоян, қоян көңіл - күйіңді түсірме!
Мен жынмын! Бүгін сенің бір тілегіңді орындаймын!
Қоян: Менің тілегім аспандағы айды жұлдыздарымен қоса жақыннан көргім келеді. Осы тілегімді орындайсың ба?
Жын: Орындаймын, орындаймын.
Осы мезгілде әдемі ән жүреді.
Ішке Ай кіреді.
Ай:- Қоян, қоян көңіл - күйіңді түсірме. Мен аспаннан сенің тілегіңді естіп жерге түстім. Ойййй - жер беті қандай тамаша, не деген әдемі қонақтар, әдемі шыршалар. Бүгін сендер Туған күн және Жаңа жыл тойлап жатыр екенсіңдер. Мен жалғыз келмедім қасымда жұлдыздарым бар. Сендерге арнап өнерлерімізді ала келдік. Жұлдыздарым қайдасыңдар!
Би: " Жұлдыздар"
1. Ай: Айзере
2. Жауһар
3. Мәдина
4. Шырайлым.
5. Ақерке
6. Қ. Азиза.
Қоян: Рахмеет Ай ана, біздің көңіл күйімізді бір көтеріп тастадыңдар. Тағыда қандай өнерлерің бар! Сендердің өнерлеріңді көріп менің көжектерім, әрі қонақтарым қуанып қалсын.
Ай: Менің жұлдыздарым жанып тұрған от, жарқыраған күн сәулесіндей жарық. Әр жұлдызымның, әрі менің биден басқа тағыда өнеріміз бар.
Жауһар:
Жаңа жылды қарсы алдық
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де.
Мәдина:
Бар баланың қонағы
Төрлет ата жоғары
Енді дала алақай
Ақ күміске толады.
Шырайлым:
Жасыл шырша орманнан
Бізге арнайы келіпті
Ойыншығын балалар
Шыршаға әкеп іліпті
Ақерке:
Тілеймін мен бар адамға
дос көп болсын жаңа жыл
Ата - әже, ата - әже
құтты болсын Жаңа жыл!

Қ. Азиза:
Далада қар борайды
ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып - жылтыр боп жатады.
Айзере:
Маймыл жылымен қоштасып
қарсы алайық тауықты
Тауық жылы болса екен
бар қазаққа табысты.
Буратина мен Гном шанамен өзінің кішкентай достарын алып келеді.
Шыршаны бір айналып жүреді.
Буратина: Сәлеметсіңдерме Құрметті қонақтар!
Кішкентай буратиналар: Жаңа жылдарың құтты болсын!
Гном: Амансың ба Ақ қоян!
Кішкентай Гномдар: Көжектер туған күндерің құтты болсын!
Гном: Оййййййййй мына залдың әдемісін - ай, неткен керемет. Биыл үлкен той себебі Жаңа жыл мен қатар тәуелсіздігіміздің 25 - жылдығы емес пе?
Гном: Қоян досым жаңа жолда келе жатсақ алдымыздан Аяз ата мен Ақшақардың шыға келмесі барма.
Буратина: Ия, ия Гном досым осы Жаңа жыл кешінің қонағы әрі көжектердің туған күніне Аяз атаны да шақырып, ала келдік емес пе?
Аяз ата мен Ақшақарда келіп қалған шығар.
Аяз ата сөзі:
Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады).

Аяз ата:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар, қонақтар және балалар. Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз, Ақшақар қызымыз екеуміз жаңа жыл мерекесімен әрі Көжектердің туған күндерімен құттықтауға келдік!

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы
«Балдырған» бөбекжай балабақшасының
І санатты тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×