Бізге қуыршақтар келді
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: түрлі қуыршақтар туралы қысқа сипаттау мәтінін құрастыруға үйретуді жалғастыру. Заттардың белгілерін атауға үйрету (үлкен, кішкентай, әдемі, сәнді) Көрнекіліктер: қолында ойыншықтары бар балалардың суреті
Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: Әңгімелесу
Сөздік жұмыс: әдемі, көйлек
Үштілдік компонент: әдемі - красивый -, платье – көйлек
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Еш уайымды білмейміз
(М. Жаманбалинов)
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Балаларға қонаққа қуыршақ Шолпан мен інісі Қанат келеді. Сурет бойынша жұмыс.
- Қараңдаршы, қандай әдемі, беті - қолы тап - таза. Шолпан қандай көйлек киіп алыпты?
- Қанат үстіне қандай жейде киіп алған?
Билингвальды компонент: әдемі - красивый, платье - көйлек
Балалар, Шолпан мен Қанат сендермен «Мынау не?» ойынын ойнағысы келеді.
Топтағы ойыншықтарды, оның ішіндегі Аюды көрсетіп;
- Мынау не?
- Бұл - аю. Бұл жұмсақ пүліштен жасалған үлкен аю. Пүліш – жұмсақ мата. Ал мынау кішкентай қонжық, аюдың баласы.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді.
(Т. Бердияров)
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Жеке жұмысты қажет ететін балалармен сүйікті ойыншықтары туралы және олардың не себепті ұнайтынын сұрау.
Рефлексиялық - түзетушілік
Балалар ойыннан алған әсерлерін сұрақ - жауап арқылы білімдерін бекітіп, оқу іс - әрекетін қорытындылайды.
Толық нұсқасын жүктеу
Бізге қуыршақтар келді
- akinova.asem
- 6 желтоқсан 2016
- 5028
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қуыршақтар, сөйлеуді дамыту, балабақша, сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:

«Сүйікті ойыншық»
Мақсаты: Білімділігі: Балалардың ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылығы: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту....
Қуыршақтар қонаққа келді
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасының тәрбиешісі Аманова Асель Жанахметовна...
Біздің ойыншығымыз
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының «Балдырған» тобының тәрбиешісі Тулегенова Жанайым Жұмағазықызы...
Ойыншықтар бізде қонақта
№118 балабақша Төлепбекова А.А....
Қуыршақтардың киімдерінің түстері
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса»мектепке дейінгі гимназиясының 2 санатты тәрбиеші: Шахметова Анар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.