Сайтқа кіру Тіркелу

Қызыл телпектің бәліші

Қызыл телпектің тоқашы
Мақсаты: балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Б. М: нанды есуге, илеуге, домалатуға, қағаз бетіне таңба салуға үйрету.
Д. М: ұсақ - қол моторикасын дамыту, зейіндерін тұрақтандыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Т. М: достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрн: нан, салфетка, тақтайшалар, бояулар, құмыраның түбі, ватман, губка, алжапқыш.
Кіріспе бөлімі
«Көңілді шар» жылулық шеңбері
- Балалар, менің қолымдағы не?
- Шар.
- Бәріміз шармен ойнағанды жақсы көреміз, оны жоғары лақтырып ойнайық, сонда біздің көңіл күйіміз көтеріледі.

Негізгі бөлім
Балалар шармен ойнап жүрген кезде есікті қаққан дыбыс естіледі.
Есікті ашып Қызыл телпек кіреді (Альмира), оның көңіл күйі жоқ.
Мимикалық жаттығулар жасату.
- Балалар, бізге Қызыл телпек келіп тұр, оның көңіл күйі жоқ, көңіл күйін көтерейік.
Ақ қағазды ортасынан бүктеп қайшымен қиып алу, балаларға қиғызу, қауіпсіздік техникасын естеріне түсіру. Терезе болып шығады. Осы терезеге қарап, мұңайған және көтеріңкі көңіл күйді көрсетеді.
- Мен апама сыйлық апарайын деп едім, орамал жасауға көмектесіңдерші.
- Балалар, көмектесеміз бе?
- Иә, көмектесейік.
Алжапқыштарын таққызып орындарына отырғызу. Балалар пластикалық құмыраның түбін бояуға малып ватман бетіне гүлдің таңбаларын салады. Жұмыстың аяғында қолдарын дымқыл майлықтармен сүртеді.
- Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі орамал болып шықты, апаның сыйлығы дайын. Енді бәріміз біраз серігіп алайық.

Сергіту сәті:
Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап,
орындарынан тұрып жүру)
Жуам аяқ - табақты (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса, бөпемді (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтау).
Балаларды орындарына отырғызу.
- Қызыл телпек, менің қолымда не?
- Иленген нан.
- Балалар, ол неден жасалады?
- Ұнға суды қосып жасайды.
- Нан қандай?
- Ол жұмсақ?
- Оның түсі қандай?
- Нанның түсі ақ.
- Одан не жасауға болады?
- Тоқаш, бауырсақ, печенье.
- Бәріміз нанды үзіп алып оны ұзынша қып есейік. Енді осы есілген нанды орау арқылы гүлдер жасайық. Себеттің ішіне тізіп, бізде неше тоқаш жасалғанын санайық.
- Мінеки, сенің тоқашыңда дайын. Сенің апаң қайда тұрады?
- Орманда.
- Бізде сенімен бірге апаңа барайықшы.
- Апамның үйіне бару қиын, көп кедергіден өтуіміз керек. Бірінші үңгірден өтеміз. Алдымызда өзен ағып тұр, оны секіріп өтеміз.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын:
Күші десең, күші бар,
Тісі десең, тісі бар.
- Қасқыр.
- Дұрыс айтасыңдар, Қызыл телпекке кездескен қасқыр екен. Мінекей балалар бізде апасының үйіне жетіп қалдық.
- Көмектескендеріңе көп рахмет, енді тоқаштарды апама апарып берейін. Сау болыңдар, балалар.

Қорытынды:
- Бізге бүгін кім келді?
- Қызыл телпек.
- Қызыл телпекке біз не пісіріп бердік?
- Тоқаш.
- Біз неше тоқаш пісірдік?
Балалардың жауабы.
- Өте жақсы балалар, сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×