Бұл бағдарламаның өзектілігі
Баланың қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты:
Ойын қызметі арқылы балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру. Сөйлеу тілдерін дамыту.
Міндеттері:
- Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту.
- Балалардың тыңдау зейінін қалыптастырып, сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру
- Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.
- Жай грамматикалық құрылымдарды меңгерту.
- Балалардың ойын дамыту, дұрыс айту, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
«Тіл дамыту» вариативті оқыту бағдарламасы балабақшаның орыс тілді топ тәрбиеленушілеріне (4 - 6 жас) арналып жасалған. Ұзақтығы 30 минуттық сабақтар күннің екінші жартысында өткізіледі.
Материалдық - техникалық қамтамасыз етілуі:
Сабақтар өткізу үшін:
- қазақ тілі кабинеті
- музыка залы.
Техникалық құрал - жабдықтар:
- теледидар
- ДВД плейер
- компьютер
- мультимедиялық проектор
Көрнекіліктер:
- көру көрнекіліктері
- есту көрнекіліктері
Ақпараттық - әдістемелік әдебиет:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты
- « Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Типтік оқу жоспары» бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарламаның негізгі жұмыс бағыттары:
- ойын қызметі
- музыкалық - шығармашылық
- мәнерлеп оқу өнері
- көріністерге қатысу
Оқыту әдістері:
- сөздік (әңгіме, тақпақтар мен шығармалар оқу)
- көрнекілік (бейнефильм, мультфильм, тұсаукесер қарау, мультимедиялық ойындар, көрнекіліктер тамашалау, сөйлейтін суреттер т. б.)
- тәжірибелік (мазмұндау, кейіптеу)
Мектепке дейінгі білім беру ұйымында қазақ тілін үйрету бойынша тәрбиелеу - білім беру мазмұны
Ойын түрлері:
- тіл дамыту жаттығулары
- сергіту сәттері
- мәнерлеп оқу
- көріністерге қатысу
Күтілетін нәтиже:
- өзі туралы, ата - анасы туралы әңгімелеп бере алады.
- сұрақтарға жауап береді, екі - үш сөзден тұратын сөйлемдер, қысқа әңгімелер құра алады.
- қарапайым сұхбатқа қатыса алады.
- әр бала өз деңгейімен бағаланады.
- қазақ тілінде шағын тақпақтар мен өлеңдер біледі.
- халық ауыз әдебиеті үлгілерін біледі
- балабақшадағы мерекелерде өнер көрсетеді
Алынған нәтижені бағалау
Бағдарлама міндеттері
Білім, білік, дағдылары
Бақылау формалары
Тілдің дыбыстық мәдениеті
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады.
Өзі туралы, ата - анасы туралы әңгімелей алады.
Дыбыс екпінін дұрыс қояды
Тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқиды.
Дыбыстық жаттығуларды дұрыс орындайды Дыбыстық жаттығу орнату
Суреттер бойынша әңгіме құрату
Жеке тексеру: Білетін тақпағын айтқызу
Сөздік қорының қалыптасуы
Айналасындағы заттар тобын атай біледі, жыл мезгілдерін және жеке табиғат құбылыстарын,
Онға дейін тура және кері санайды.
Заттарды салыстырады
Ізеттілік сөздерін біледі.
заттардың көлемін, түсін айтып бере алады. Суретте бейнеленген заттарды атату
заттарды салыстыру
Ойын қызметінде онға дейін тура және кері санату
Тілдің грамматикалық құрылымы Сөз тіркестерін құрастыра алады.(зат есім, сын есім, зат есім етістік)
Сөйлеу тілінде жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді қолдану
Қысқа сөйлемдер құрастыра алады.
Күнделікті өмірдегі таныс сөздерді түсінеді.
Педагогтің сұрақтарына қысқаша жауап береді
Толық нұсқасын жүктеу
Тіл дамыту бағдарлама
- Касиева Кымбат Нурахметовна
- 29 қараша 2016
- 11341
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тіл дамыту бағдарлама, бастауыш сыныптарына
Ұқсас жаңалықтар:
Балабақшада қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияны қолдану
Қарағанда қаласы, №8 НОМ шағын орталық қазақ тілі мұғалімі Альмагамбетова Динара Ерғазықызы...Кім көп біледі
Қарағанда қаласы, №8 НОМ шағын орталық қазақ тілі мұғалімі Альмагамбетова Динара Ерғазықызы...«Тіл дамыту» курсы
Шет ауданы, Ақжал кенті, Ш. Батталова атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусайнова Мугилсим Сатбековна...Қазақ тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыт ...
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Базилова Перизат...Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.