Сайтқа кіру Тіркелу

Кім жылдам? спорттық сайысы

Тақырыбы: "Кім жылдам?" спорттық сайысы
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру
Жүру барысы: Құрметті тәрбиешілер және балалар, Бүгін сіздер ересек «Қарлығаш» тобы арасында өтетін «Кім жылдам?»спорттық сайысын тамашалауға жиналып отырсыздар! Сонымен сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіз, бүгінгі көрерменім
Жиналып отырсыздар топтардың өнерлерін
Сергітер деп ойлаймыз, бүгінгі кеш
Тамашалап отырсаңыз спорттық бөлімдерін
Ендігі кезекте бұл сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар!

1. «Допты шапшаң бер» ойыны
2. «Допты домалатып тез лақтыр» ойыны
3. «Көңілді секіртпелер» ойыны
4. «Картобыңды егіп кел де, жинап ал» ойыны
5. «Аррқан тартыс» ойыны

Қазылар алқасымен таныс болайық. Қазылар алқасымен таныстыру.
Енді топтарды ортаға шақырамыз.
1 - ші команда «Сұңқар» тобы
2 - ші команда «Тұлпар» тобы

Сайысымыздың басталуы.
Таныстыру. Топтар өз топтарын таныстырады.

1 - ойын «Допты шапшаң бер»
Әр топтың алдыңғы жағынан 6 - 8 м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады. Жүргізушінің берген белгісі бойынша топ басшы өз жағының 1 - ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады. 1 - ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға дейін жалғасады. Топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Топ басшы шеңберге бұрын келген топ жеңіске жетеді.

2 - ойын «Допты домалатып тез лақтыр»
Сөре сызығынан 5 - 7м жерде параллель сызық сызылады. Белгі бойынша 1 - ойыншылар допты сызыққа дейін домалатып тура сызыққа допты тигізіп, қолына алып 2 - ойыншыға кеуде алдынан лақтырады да өзі саптың артына барып тұрады. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы соңғы ойыншыдан допты алған мезгілде ойын аяқталады.

3.«Көңілді секіртпелер»
Шарты: топ мүшелері секіртпемен белгілі межеге дейін жетіп, жалаушаны алып кері жүгіріп келіп, эстафетаны келесі ойыншыға береді.

5 - ойын «Картобыңды егіп кел де, жинап ал»
Ойыншылардың алдында арасы 1м қашықтыққа түзу бойынша сызылған 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын аяқталады.

6. «Арқан тартыс» ұлттық ойыны
Шарты: екі топ арқан тартысады.

Қазылар алқасына сөз береміз.
Жүргізуші: Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы жетіп таянар
Дені сау, мықты, епті, ақылды
Спорт сүйгіш боп өсіңдер, балалар!
Мінеки балалар, бүгінгі сайысымыздың соңына да келдік.
- Сендерге ойындар ұнады ма?
- Алдағы уақытта спортпен шұғылданып, ертеңгісін жаттығулар жасап жүресіңдер ме?
Жарайсыңдар, балалар!

Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Мөлтек 2, 2 қатар №17
МКҚК «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасы тәрбиешісі
Айтжанова Әйгерім Кәдірбекқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×