Мақсаты: Ертегі арқылы балалардың тыныс - тіршілігін, әдет - ғұрыптары мен дәстүрлерін, бақыт жолындағы күресін, өзара қарым - қатынастары мен мінез - құлықтарын, еңбексүйгіштігін, өз халқына, Отанына, туып – өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Тақырыбы: «Өрт – тілсіз жау»
Мақсаты: Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру.
Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т. б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, доп, кедергілер
Барысы.
Құрметті, тәрбиешілер, кішкене бүлдіршіндер! Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырған «Өрт қауіпсіздігіне» байланысты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер.
Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Өрт – тілсіз жау» деп аталады. От деген өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз - тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды.
Оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да бар. Егер отты тым асыра дұрыс пайдалана алмасақ, біз үшін орны толмас зор қайғы – қасірет әкелетіні хақ.
Сондықтан да осы отырған әрқайсысымыз отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз керек. Тұрмыста отты үнемділікпен, жауапкершілікпен, ережелерді сақтай отырып пайдалану керек.
Балалардың отпен ойнауы – өрт шығудың кең таралған себептерінің бірі болып табылады. Үйде жалғыз қалған балалар көбіне сіріңкемен ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. «Өрт – тілсіз жау» деп бекер айтпаған.
Тәрбие сағатымыз жарыс түрінде өтеді.
Алдарыңызда жеңіске деген жігерімен алға ұмтылған топтар отыр.
Әділқазылар алқасын сайлап алайық
1. Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Сәлемдесу»
«Алау» тобы.
Ұраны: Біз алаумыз, алаумыз,
Қанатымыз талмаған.
Жайма шуақ әніміз,
Күштілерміз бәріміз.
«Жалын» тобы.
Ұраны: Біз жалынбыз, жалынбыз,
Қарлығаш боп ұшамыз.
Күн нұрынан нәр алып,
Шамшырақ боп жанамыз.
2. ойын: Кім жылдам? (1 - ден 10 - ға дейін сандарды ретімен қою
Кедергілер арасымен жүгіріп 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды ретімен қою
3. ойын: Кім жылдам құрастыра алады.
Өрт сөндіру машинасын екі адам шеңбермен барып құрастырады.
4. ойын: Әдемі етіп бояймыз. Оттың суретін әдемі етіп бояп бітіру
5. ойын: Кім мерген?
Допты корзинаға дәлдеп лақтыру.
6. Мақал - мәтелден жарыс
От туралы мақал – мәтелдер айтайық.
1. Отпен ойнама, күйерсің.
2. Ойын түбі – от.
3. Отын деген шөп болар,
Жинай берсең көп болар.
4. От жақпа - пісерсің,
Ор қазба – түсерсің.
5. Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – күйерсің.
6. От пен су – тілсіз жау.
7. Өзі саққа құдай жақ.
8.: Сақ жүрсең сау жүрерсің.
9. Сақтықты сұңқардан үйрен.
10. Жау жоқ деме – жар астында.
Бөрі жоқ деме – бөрік астында.
7. «Жұмбақ шешу»
«Алау» тобына:
1. Жаурағанды күйдірер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бұлдірер. (От)
2. Бір үйде тұрады екен 50 батыр,
Үй сыртына сүйкенсе – ақ, өліп жатыр. (Сіріңке)
3. Көрмедім ешкім үйінде,
Қолданбас бұл бұйымды.
Жазып қыртыс - қыртысын,
Қонымды етер киімді. (Үтік)
4. Жалт - жалт етер
Жалмап кетер. (От)
5. Қалпағы бар, жиегі жоқ
Аузы бар, иегі жоқ. (Шәйнек)
«Жалын» тобына:
1. Бар екен бір жалмауыз жалғанда артық
Жүреді, жүрген шақта өзі шалқып
Темір мен топырақ, тас суды жемес.
Басқаны жеп қояды қойсаң артып. (От)
2. Кішкентай ғана мүсәтір,
Ол мүсәтір жоқ болса
Елдің бәрі мүсәпір. (Сіріңке)
3. Тұмсығы мықты,
Қыр мен ойды тегістеп шықты. (Үтік)
4. Желден желігеді,
Судан шегінеді. (От)
5. Түймесін бассаң,
Сәулесін шашқан. (Электр шамы)
Сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Тәрбиеші: Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».
Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Мөлтек 2, 2 қатар №17
МКҚК «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасы тәрбиешісі
Айтжанова Әйгерім Кәдірбекқызы
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.