Сайтқа кіру Тіркелу

Дәмді бауырсақ

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі
Сахитжан Индира Нағашыбайқызы

Тақырыбы: Дәмді бауырсақ
Мақсаты: Слайдтағы суреттер бойынша ертегілерді еске түсіріп, тұзды қамырдан бауырсақтың қалай жасалатынын түсіндіру. Мүсіндеу әдіс - тәсілдерін пайдалану арқылы алақан арасына салып дөңгелектеу. Қолдың, алақанның ұсақ саусақ бұлшық еттерін жетілдіру.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, жасап көрсету, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: тұзды қамыр (сары түсті), тақтайша, сүрткіш, алжапқыш, ертегі кейіпкерлері

Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің і - әрекеті
Мотивациялық кезең
Шаттық шеңбері
Бір шаңырақ астында,
Тату - тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз
Жиынға қатысуы
Ұйымдастырушылық ізденімпаздық
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін біз оқу – әрекетімізде бауырсақты мүсіндейміз.
- Бауырсақ дегеніміз не?
- Бауырсақты сендер жақсы көресіңдер ме?
- Бауырсақты сендерге кім пісіріп береді?

Бауырсақтың жауабы
Тақтамен жұмыс.
- Балалар, тақтадан сендер не көріп тұрсыңдар?
- Я, бұл бауырсақ. Бауырсақтың түсі сары, пішіні домалақ.
- Балалар, сендерге бауырсақты жасамас бұрын ертегі айтып берейін.
- Баяғы өткен заманда атай мен әже болыпты. Бір күні атай әжейге бауырсақ пісіріп беруін өтінеді.
Үйде ұн жоқ. Бауырсақты немен пісіремін?
Әжей қаптың түбін қырып алып, қаймаққа илеп, майға пісіріп, терезе алдына суытады. Әбден шаршаған бауырсақ төмен түсіп, жолға шығып, қаша жөнеледі. Бауырсақ келе жатып, қоянды кездестіреді.
- Бауырсақ, мен сені жеп қомын.
- Жоқ, жемеші. Менің атым Бауырсақ. Мен аған өлең айтып беремін. Мені қаптың түүбінен қырып алды. Қаймаққа иледі. Майға пісірді. Терезе алдына суытты. Мен атайдан да қаштым, әжейден де қаштым. Мен қоян сенен де оңай құтыламын,- деп қаша жөнеледі.
Бауырсақ қасқырды кездестіреді.
Аюды кездестіреді.
Түлкіні кездестіреді. Түлкі бауырсаққа:
- Менің мына құлағым естімейді. Мұрныма тұрып айтшы?
Сол кезде бауырсақты түлкі өзінің айлакерлігімен, қулығымен жеп қояды. Сөйтіп, бауырсақ түлкіге жем болады.

Балаларға сұрақ:
- Балалар, ертегі не туралы?
- Бауырсақты кім жеп қояды?
- Енді мен сендерге бауырсақтың қалай жасалатынын көрсетейін.
Тұзды қамырды сол жақ алақанымызға салып, оң жақ алақанымызбен жауып домалақтаймыз.
- Балалар, мен не жасадым?
- Кәне, «Бауырсақ» өлеңін айтып жіберейікші?

1. Әжем келді ауылдан,
Алақай - ау, алақай.
Әжем бары жақсы ғой,
Қуанышы балақай.
2. Жан қалтасын ақтарып,
Қос қолымен уыстап.
Базарлығым балам деп,
Төгіп жатыр бауырсақ.

Балалардың жұмыс жасауы.
Жеке баламен жұмыс

Рефлексиялық кезең
- Сонымен, балалар бүгінгі оқу іс - әрекетімізде не жасадық?
- Қандай ертегі тыңдадық?

Мадақтау.
Қорытындылау. Балалардың пікірі
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Бауырсақ жасаудың жолын үйренуі;
Игеруі: Ертегі мазмұнын түсіне білуі;;
Меңгеруі: Тұзды қамырмен жұмыс жасауды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Бауырсақ» ертегісі

«Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты: Балаларға көркем шығарманы тыңдауға, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берулерін қорытындылап бекіту; олардың сөздік қорларын ұлғайту;...
Ши бауырсақтың жасалу жолдары

Ши бауырсақтың жасалу жолдары

Ши бауырсақ - қазақтың ұннан жасалатын ұлттық тағамдарының бірі. Көп етіп пісіріп қойсаңыз, ұзақ уақытқа дейін бұзылмайды. Шәй ішсеңіз - дәмді, үйге...
Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)

Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)

Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету. «Қ» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы «қ» дыбысының айтылуын меңгерту....
Бауырсақ қалай бағдаршаммен дос болды

Бауырсақ қалай бағдаршаммен дос болды

Ертеде Атай мен Әжей болыпты. Бір күні атай әжейден бауырсақ пісіруін сұрапты. Әжесі қапшықтың түбін қағып-қағып бауырсақ пісіріпті. Оны суытайын деп...
Бауырсақ кетті домалап

Бауырсақ кетті домалап

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті «Балдәурен» балабақшасының музыка жетекшісі Болатбаева Самал...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×