Сайтқа кіру Тіркелу

Туған күнге сыйлық

«Қостанай қаласының
әкімділігі бөлімінің № 4 балабақшасы МКҚК» тәрбиеші
Сыздыкова Айжан Гарибжановна

Білім беру саласы: «Әлуеметтік орта, Шығармашылық»
Кіші сала: Қоршаған орта, мүсіндеу
Тақырыбы: Туған күнге сыйлық
Мақсаты: Қоршаған ортаның ақиқат құбылыстарына қызығушылық білдіруге тәрбиелеу.
Қоғамдық өмір құбылыстарымен байланысты адамгершілік қағидаларын, түсініктерін, өзін - өзі ұстау мәдени дағдыларын қалыптастыру. Баланың ұжымда, балабақшада, қоғамда қазіргі өзгермелі дүниеге бірдей бейімделуге үйрету, сыйластыққа тәрбиелеу.
Бейнелеудегі тәсілдері мен құралдарын дербес іріктеуге үйрету. Балаларды затқа қарап, көз алдарына елестету арқылы мүсіндеу дағдыларын дамыту. Мүсіндеуде түрлі тәсілдерді қолдануға қиялын, зейінін, байқағыштығын дағдыландыру.
Сөздік жұмыс: Туған күн - день рождения
Көрнекі құралдар: теледидар, хат, портрет, әшекей бұйымдары бар қобдиша, жұмсақ ит
ойыншығы, ермексаз, қамыр, кескіштер, картон қағаздар.

Үйлестіру - ұйымдастыру.
Тәрбиеші балаларға екі ауыз жол тақпақ оқып береді.
Үй іші түгел көңілді,
Шат күлкілер төгілді.
Қуаныштың себебін,
Айта алады кәне кім?
Балалар: Диана
Дастархан толы дәмді астар,
Тегін емес думанды үн.
Жиналды барлық шын достар,
Өйткені бізде?
Балалар: Туған күн.
Тәрбиеші:
Балалар бүгін біздің топта Диананың туған күні.
Ол бізді туған күніне шақырды.
Шақыру хатын теледидар арқылы жолдапты.(Шақыру хаты)
Балалар: көңілдерін теледидарға аударады.

Ұйымдастырушылық ізденіс.
Әңгімелесу.
Балалар біз туған күнге барамыз. алдымен кішкене әңгімелесіп алайық.
Туған күн деген сөздің аудармасын кім айтады?
Балалар: Туған күн - день рождения.
Тәрбиеші: Дегенмен сендер үшін қай күн қуанышты екен?
Балалар: Туған күн.
Туған күн – әр адамның өміріндегі ең жақсы, ең маңызды мерекелерінің бірі.
Адам дүниеге келгенде айналадағылардың бәрі қуанады.
Диалог:
Тәрбиеші: Туған күнге кімдер келеді?
Балалар: Туған күнге қонақтар, достар, үлкен кісілер келеді.
Тәрбиеші: Келген қонақтар не әкеледі?
Балалар: Сыйлықтар, торт, ойыншықтар әкеледі.
Тәрбиеші: Туған күн иесіне қонақтары не айтады?
Балалар: Келген қонақтар оған жылы лебіздерін, құттықтауларын айтады
Тәрбиеші: Туған күнге барғанда сендер өздеріңді қалай ұстауларың керек?
Балалар: Біз өзімізді жақсы, тәртіпті, ұқыпты ұстауымыз керек.
Тәрбиеші: Олай болса сендер Диананың туған күніне барғанда қандай жақсы - жақсы тілектар айта алды екенсіңдер.
Сендер бір - біріңе айтып көріңдерші.
Балалар: бір – біріне тілектерін айтады.
Туған күніңмен!
Саған мықты денсаулық тілеймін! ж. т. б. тілектер айтады.
Тәрбиеші: Жақсы тілектер айта біледі екенбіз, ал енді не сыйлаймыз?
Олай болса менде бір ұсыныс бар, сыйлықтарды ойын арқылы таңдап алайық.
Ойын: «Сыйлық сыйлау»
Тәрбиеші: Балаларға «Сыйлық сыйлау»деген жылдам ойынын ұсынады.
Ойынның шарты. Балалар жартылай шеңбер құрады. Бір бала туған күн иесін ал екеуі қонақ рөлдерін ойнауға шығады. Қонақтар туған күн иесінің қасында тұрады.
Бір үстелдің үстінде (хат, торттың қорапшасын, әшекей бұйымдары бар қобдиша, құмыра)
тұрады.
Тәрбиеші белгі береді.
Сол кезде қонақтар жүгіріп барып, үстел үстінен сыйлық алып, туған күн иесіне ұсынады. Кім бірінші болып ұсынса, сол жеңіске жетеді. ал үлгірмеген бала тақпақ не болмаса өлең айтады.
Тәрбиеші: Балалар қандай сыйлық таңдаса сол сыйлықты мүсіндейтіндері жайлы айтады.
Мүсіндеу жолдарын әр түрлі жолдармен ұсынады.
Тортты мүсіндейді қыздар, тортты қамырдан жасайды.
Қыз балаларға тұзды қамыр беріледі.
Балалар:
1 - топтағы қыздар торттың бесквитін 2 - 3 бесквит қылып қамырды илейді.
2 - топтың қыздары тортқа арналып алдын ала жасалған тұзды қамырдан гүлдерді жасайды.
Тәрбиеші: Ұл балаларға құмыраны мүсіндеулерін ұсынады.
Құмыраны мүсіндеу жолын естерін түсіреді.
Ермексазды сопақтап, жапсыру арқылы мүсіндетеді.
Балалар 3 - топқа бөлініп отырады.
Мүсіндеп шығарған құмыраға алдын ала жасалған қағаз гүлдерін салады.
Тәрбиешінің рұқсатымен жұмыстарын бастайды.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз,
Көкке қарап, талпынып,
Күнге қолды созамыз.

Рефлексивті - түзетуші
Тәрбиеші:
Сабақ бойынша қорытындылау.
Балаларды мақтап, мадақтау.
Сыйлықтарды кім үшін жасағандық?
Балалар: Диана үшін жасадық.
Тәрбиеші: Сыйлықтарымыз Дианаға ұнар ма екен, қалай ойлайсыңдар?
Балалар: Дианаға сыйлықтарымыз ұнап, қуанып қалады деп ойлаймыз.
Тәрбиеші: Ал ендеше Диананың туған күніне аттанайық.

Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Қоршаған ортаның ақиқат құбылыстарына қызығушылық білдірулерін ұғынады.
Бейнелеудегі тәсілдері мен құралдарын дербес іріктеуді ұғынады.
Түсінеді: Адамгершілік қағидаларын, түсініктерін, өзін - өзі ұстау мәдени дағдылары түсінеді. Балаларды затқа қарап, көз алдарына елестету арқылы мүсіндеу жолдарын түсінеді.
Қолданады: Ұжымда, балабақшада, қоғамда қазіргі өзгермелі дүниеге бірдей бейімделуге,
сыйластыққа бол жолдарын қолданады.
Мүсіндеуде түрлі тәсілдерді қиялын, зейінін, байқағыштығын қолданады.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×