Сайтқа кіру Тіркелу

Көктем жыры

Мамыт негізгі мектебі
«Шапағат» шағын орталығының тәрбиешісі
Куандыкова Молдир Алтаевна

Сабақтың тақырыбы: Көктем жыры
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік: өлең мәтіні негізінде оқушыларды туған жер табиғатымен таныстырып, көктемнің көрікті келбеті туралы ұғым беру және көктем мезгілінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттай алуға үйрету, өлеңнің авторы туралы мәлімет беру.
ә) дамытушылық: топтағы жұмыс арқылы көктем мезгілінің табиғатқа, адамға, жан - жануарға, қоршаған айналаға әсерін зерттеп талдау жасай алуға ұмтылдыру.
б) тәрбиелік: оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды туған жер табиғатын аялай, қорғай білуге шақыру.
Көрнекілігі: көктем туралы суреттер, слайд, интеративті тақта, М. Хакімжанова.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ой ашар.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Қызығушылығын ояту.
Қар, мұз еріп, су көбейіп, Сай – салада ағады, Бүршік шашып Жапырақ ашып, Жер гүл шашақ тағады. Бөбектерім! Айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады!
Топтастыру
Құстар келеді табиғат ұйқысынан оянады
Көктем
күн ұзарады, бәйшешектер гүлдейді
күн жылынады, құстар келеді
малдар төлдейді
Жаңа сабақ: Көктем
Топпен жұмыс.
1 – топ Көктем суреті. 3 – топ Көктем мерекелері туралы ой. 3 – топ Көктем туралы тақпақ
8. Сергіту сәті. Көктем әні.
Көктем.
Керемет, жылы.
Құлпырады, гүлдейді, жылынады.
Көктемде жылғалардан су ақты.
Жыл мезгілі.
10. Сауалнама.
1. Көктем айларын тауып алыңдар
А) наурыз, сәуір, мамыр
Б) қазан, қыркүйек, қараша
В ) маусым, шілде, тамыз
2. Көктемде нелер ұшып келеді?
А) сиыр
Б) құстар
В) қоян
3. Көктемде нелер ериді?
А) мұз
Б) су
В) қар
4. Көктемде ауа райы қандай болады?
А) ыстық
Б) жылы
В) суық
5. Бірінші қандай гүл гүлдейді?
А) бәйшешек
Б) бақбақ
В) түймедақ
6. Адамдар қалай киінеді?
А) жылы
Б) жеңіл
В) тон
7. Көктемде не жауады?
А) қар
Б) жаңбыр
В) мұз
8. Көктемде қандай мереке тойланады?
А) Тәуелсіздік күні
Б) Наурыз мерекесі
В) Білім күні
9. Өзендерде не жүреді?
А) қар
Б) мұз
В) балық
10. Ағаштарда нелер шығады?
А) жапырақтар
Б) бүршіктер
В) шөптер
Топпен жұмыс.
1 - топ
1. Сөйлемдерді дұрыс жинау.
Жаңбыр, көктем, жауады.
Болады, ауа, жылы, райы.
Құстар, келеді, жылы, жақтан, ұшып.
Мұз, жүреді, өзендерде.
2 - топ
1. Сөйлемдерді дұрыс жинау.
Жаңа, тойланады, көктемде, жыл, мерекесі.
Жылынады, күн, көктемде.
Шығады, бүршіктер, ағаштарда.
Жиі - жиі, көктемде, жауады, жаңбыр.
2. Көктемде күн жылынады. Сөйлем мүшесіне талда.
3 - топ
1. Сөйлемдерді дұрыс құрандар.
Күн, ұзарады, түн, қысқарады.
Көктемде, егін, егеді, диқаншылар.
Сыныпта, түгел, бүгін, оқушылар.
Баспен, ойлайды, адам.
Үйге тапсырма: Көктем туралы шығарма, сурет салу.
Бағалау. Қортынды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×