Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты математика әлемінде»
Сабақтың мақсаты:
1. Түзете - білімділігі: Балалардың геометриялық пішіндер: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш жайлы білімін бекіту.
Балаларды 5 - ке дейін санауға жаттықтыру, түстерді ажыратуға, сәйкестендіруге үйрету, ұзын - қысқа ұғымдарын дұрыс қолдана білуін үйрету.
2. Түзете - дамытушылығы: Балалардың жан - жақты психикалық процестерді дамыту: қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілетін, қол қимылдарының үйлесімділігін дамыту, ойын дағдыларын қалыптастыру. Балалардың сенсорлық дамуына әсер ету.
3. Түзете - тәрбиелігі: Балаларды ұқыптылыққа, бірлікке тәрбиелеу, жағымды қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: информациялық - рецепиялық әдіс: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, ойнату, көмек беру.
Көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар, слайд, компьютер ойындар, логикалық Дьенеш блоктар пайдалану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау
Балалар бірінің артына бірі тұрып, шеңбер бойымен жүреді (әр баланың оң қолында шар), музыкамен залға кіреді.
Жылулық шеңбері: «Қайда екен» өлеңі
Қайда екен қолымыз,
Оңымыз бен солымыз.
Білеміз бе оны біз?
Міне, оң мен солымыз
Міне, алақай қолымыз
Қол соғайық, бір, екі!
ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, бүгін біз сіздермен ойнаймыз, санаймыз және геометриялық пішіндер туралы білімдерімізді көрсетеміз.
- Балалар, бүгін мен сендерге «Үйшік» ертегісін айтып беремін.
Орыс халық ертегісі «Үйшік»
Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады.
Үйшікке баратын екі жол бар, ұзын және қысқа, тышқан қай жолды таңдау екенін білмей тұр. Қандай жолмен үйшікке тез барады?
- Сендер қалай ойлайсыңдар?
1 - тапсырма: «Ұзын - қысқа жолақша»
- Балалар, сендердің алдарында 2 жолақша бар. Олардың айырмашылығы неде?
- Түсі мен өлшемінде. Қай жолақша ұзындау екенін қалай білуге болады? Жолақшаларды салыстырайық, бір - біріне беттестіріп көрейік.
- Қысқа жолақшаға тышқанды коямыз. Жарайсыңдар, балалар, сендер дұрыс қысқа жолды таптыңдар.
Тышқан үйшікке кіріп, өмір сүре бастайды.
Үйшікте бір тышқан - 1 санын қоямыз.
Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып, сұрайды:
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- Мен, шиқылдауық тышқанмын!
- Ал сен кімсің?
- Мен, секеңдеген қоянмын.
- Секеңдеген қоян, сен тапсырманы орындасаң бірге тұрамыз.
2 – тапсырма: «Дұрыс орналастыру»
Шарты: Балалар геометриялық пішіндерді дұрыс орналастыру керек.
- Кел бірге тұрайық! – деп, тышқан мен қоян үйшікте екеуі бірге тұрады - 2 санын қоямыз.
Бақылдап бақа келеді:
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- Мен, шиқылдауық тышқанмын!
- Мен, секеңдеген қоянмын.
- Ал сен кімсің?
- Мен, бақамын бақылдаған.
- Кел, бізбен тұр! Енді олар үшеуі үйшікте тұрады – 3 саны.
ІҮ. Сергіту сәті
Қимылды ойыны: «Бақа»
- Бақа, бақа, балпақ
Басың неден жалпақ?
- Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ!
- Бақа, бақа, балпақ
Көзің неге тостақ?
- Қарауылға көп қарап,
Көзім содан тостақ!
Көзге жаттығу:
- Шар сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Шар жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.
- Шар қайда ұшты?
- Жоғары, төмен, оңға, солға.
Терезені түлкі тоқылдатады:
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- Мен, шиқылдауық тышқанмын!
- Мен, секеңдеген қоянмын.
- Мен, бақамын бақылдаған.
- Ал сен кімсің?
- Мен, түлкімін
- Түлкі, сен тапсырманы орындасаң бірге тұрамыз.
ҮІ. Бекіту
3 – тапсырма: «Сиқырлы пішіндер»
Шарты: Балалар, пішіндер арқылы суреттерді құрастыру.
- Кел, бізбен тұр! Енді олар төртеу болды – 4 санын қоямыз.
Жүгіріп келіп сұр қасқыр сұрайды.
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- Мен, шиқылдауық тышқанмын!
- Мен, секеңдеген қоянмын.
- Мен, бақамын бақылдаған.
- Мен, түлкімін
- Ал сен кімсің?
- Мен, сұр қасқырмын.
- Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болды – 5 саны.
Барлығы көңілді өмір сүріпті.
ҮІІ. Қорытынды
4 – тапсырма: «Сұрақ - жауап»
- Үйшікте тығылған жануарларды ата.
- Үйшікте қанша жануарлар?
- Үйшікке бірінші келген қандай кейіпкер?
- Екінші қандай жануар келді?
- Үшінші қандай кейіпкер келді?
- Төртінші қандай жануар келді?
- Бесінші қандай жануар келді?
- Ертегіде қанша кейіпкерлер бар?
- Үйшікке кіруге кейіпкерлерге кім көмектесті?
- Қандай тапсырма сендерге ұнады?
ҮІІІ. Бағалау
- Балалар, бүгінгі сабаққа барлығың да жақсы қатыстыңдар.
Жылулық шеңбері:
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз жарық болсын.
Деніміз сау болсын,
Бәріміз тату, дос болайық.
Қызықты математика әлемінде
- Mairu
- 30 наурыз 2016
- 8651
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қарапайым математикалық түсінік, санауға жаттықтыру
Ұқсас жаңалықтар:
Балалар айтқан ертегі
Балалардың тілін дамыту, сурет мазмұны бойынша шағын әңгіме құрастыруға, жапсыруды түрлі тәсілмен орындауға үйрету. Пәндер арасындағы өзара...Ойнайық та, ойлайық
Балаларды 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды кеңістікті бағдарлауды, тәулік бөліктері туралы білімдерін бекіту, геометриялық пішіндер туралы...Ертегі әлемінде
Екінші кіші тобына арналған қорытынды ұйымдастырылған оқу - іс әрекетінің технологиялық картасы...Қуыршақ Көркеммен саяхат
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, "Балдәурен" балалар бақшасынің тәрбиешісі Сүтбаева Айгүл Танжарбайқызы...Математика еліне саяхат
Тәрбиеші: ИнтыбековаЖ. А....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.