Білім беру саласы: таным, қатынас.
Бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: «Кірпілер»
Мақсаты: «көп», «аз», «біреу», ұғымдарын қалыптастыру; заттарды түстері бойынша топтауды, заттың көлемін ажыратуды үйрену; кеңістіктік түсініктерін дамыту; сөйлеу тілінде заттың орнын білдіруші кеңістік ұғымдарын қолдана білу (астында, үстінде, жанында); жалпы және ұсақ моториканы, тактильді түйсікті, эстетикалық мәдениетті дамыту; жануарларға деген қамқорлық қатынас пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: ойыншық кірпі, кірпіні жасауға арналған ермексаз, күнбағыс дәні, мүсіндеуге арналған тақтайша, қыстырғыш, ши, алмұрт, жүзім мен сүлгі.
Сөздік жұмыс: тікенекті
Билингвальды компонент: кірпі - ежик, жасыл - зеленый, сары - желтый.
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің басқару іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Қуанамыз, күлеміз,
Бар әлемді сүйеміз.
Қол ұстасып, қуанып,
Достармен бір жүреміз.
Жұмбақ:
Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.
Кірпі – талғаусыз қоректенетін жануар. Ол әр түрлі жәндіктерді аулап, жеміс - жидектерді жақсы көреді. Жақсы естиді және иісшіл болады. Ол қорыққан кезде домалана қалып, жауынан қорғанады. Ол орманда тіпті елді мекенде де тіршілік етеді. Кірпілер қараша айында ұйқыға кетіп, көктемде оянады.
«Кірпінінің балаларын тап» дидактикалық ойыны:
- Балалар қараңдаршы, кірпі - ана бізге қонаққа келді. Бірақ ол көңілсіз сияқты. Неге көңілсіз екенін өзінен сұрайық?
Кірпі - ана: кішкентай балаларым тығылып қалды. Балалар балаларымды табуға сендерден көмек сұраймын. Менің балаларымның қайда жасырынып қалғанын білесіңдер ме?
Билингвальды компонент: кірпі - ежик, жасыл - зеленый, сары - желтый.
Балалар жауаптары.
кірпі
Кірпі анамен амандасады.
Балалар кірпінің балаларын іздейді.(үстелдің орындықтың астынан, себеттің ішінен, төсектің астынан)
Ұйымдастырушылық - ізденістік «Кірпілер қандай?» дидактикалық ойыны.
- Кірпі - ана қандай?
- Ал кірпінің балалары қандай?
- Кішкентай кірпілер қанша?
- Ал үлкені ше?
- Қараңдаршы, жасыл көгалда қанша кірпі отыр?
Балалармен жұмыс жүргізеді.
Сергіту сәті:
Тікенекті кірпі келеді.
Шыршаға ұқсап шайқала,
Жинап жеміс жидекті,
Асығар үй жайына!
Сөздік жұмыс: тікенекті.
«Кірпіге көмек» дидактикалық ойыны.
- Ал қазір, балалар, үстелдеріңе жақындаңдар. Қараңдаршы, сендердің үстелдеріңнің үстінде кірпілер жатыр. Бірақ олар бір түрлі екен. Оларда не жоқ?
- Кірпілердің арқаларына тікендерін қайтаруға көмектесейік пе?
- Ол үшін жеміс - жидектерді (алма, алмұрт, құлпынай) таңдап, түрін, түсін, қандай жеміс – жидек екенін ажыратып топқа бөлінеміз.
- Үлкен
- Кішкентай
- Көп
- Біреу
Аз
Қимыл қозғалыстар жасайды.
Қайталайды:
Тікенекті
Үстелге жақындайды.
- Тікенек жоқ.
Бәрі келіседі.
Балалар жауабы.
Алманы таңдаған балалар қыстырғыштан,
Алмұртты таңдаған балалар шиден, құлпынай таңдаған балалар күнбағыс дәндерінен тікендер жасайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Жарайсыңдар, балалар! Кірпілеріміз тамаша болды. Кірпілерімізді арқаларынан сипайықшы.
- Олар қандай болып шықты?
«Кім тапқыр?» дидактикалық ойын.
Мақсаты: Жануарлар арасынан кірпіні тани білуге үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту.
- Тікенекті болды.
Балалар қызыға ойын ойнайды.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: әр түрлі қажетті, қажетсіз заттардан кірпіні жасауды меңгереді;
Түсінеді: кірпі тікенекті болатынын; «аз», «біреу», және көп ұғымдарын және кеңістік ұғымдарын (астында, ішінде, т. б ) түсініп, сұрақтарға жауап бере алады;
Қолданады: кірпі туралы және оның өмір сүру ортасы туралы түсініп айта алады.
Тәрбиеші: Қ. Мусағалиев
Сенсорика. Кірпі
- kymbat_82.kz
- 27 наурыз 2016
- 14323
- 0
- 0
Ілмек сөздер: кеңістіктік түсініктерін дамыту, сөйлеу тілінде заттың орнын білдіруші кеңістік ұғымдарын қолдана білу
Ұқсас жаңалықтар:
Кірпі сурет
Мақсаты: Білімділік: балаларды орман жануары кірпімен таныстыру, Дамытушылық: Бастыру әдісі, ойын арқылы ұсақ қол бұлшық еттерін жетілдіру, ойлау...Ойлайық та, ойнайық!
Балаларды ойын арқылы сабақтастыра отырып түстерді ажыратуға, пішіндерді ажыратып орналастыра білу шапшаңдылыққа үйрету, жоғары - төмен, көп - аз...Кірпі
Тәрбиеші: Марал Мұсахан Бөлімі: Құрастыру Тақырыбы: Кірпі /жаңғақ, шемішке, ермексаз/...Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша сөйлем құрастыруға, сұраққа жауап алу арқылы ойлау қабілеттерін...Күзгі көрініс
Мақсаты: Күзгі орман көріністері туралы түсінік беру, табиғатқа деген қызығушылығын арттыру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.