Ортаңғы «Балбұлақ» тобы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Кіші сала: «Экология негіздері»
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі қажет, мамандықтың бәрі керек»
Мақсаты: Үлкендердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту, құрметтеуге, бағалауға үйрету. Сүрет бойынша «Мен кім боламын?» әңгіме құрастыру. Еңбекке деген құштарлығын ояту.
Қостілділік құрамы: Тәрбиеші - воспитатель, дәрігер - врач, аспазшы - поварь, ұста - мастер, мұғалім - Учитель, ғарышкер - косманавть
Көрнекіліктер: Мамандықтар жайында суреттер, сюжетті - ролдік ойын алаңы.
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын.
Дәлелдеп – талаптану
Балалар, таңертең ұйқыдан оянғанда, далаға шыққанда нені көресіңдер? Күннің нұрын көргенде көңіл - күйлерің қандай болады.
Қуан шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Ұйымдастырушылық ізденіс - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде неше ай бар?
- Көктем айларын кім маған
атап береді?
- Көктемде далада қандай өзгерістер болады?
Жарайсыңдар балалар
Дұрыс айтасыңдар?
Біздің бүгінгі өтетін сабағымыздың не екенін мен жұмбақтап айтқым кеп отыр мен қазір өлең жолдарын оқимын, ал сендер сол жолдарға қарап қандай сабақ екенін табасыңдар.
Аяқ киімді... жөндейді. (етікші)
Ұшақты... жүргізеді. (ұшқыш)
Өлеңді... жазады. (ақын)
Тамақты... дайындалады. (аспазшы)
Ауруды... емдейді.(Дәрігер)
Өртті... сөндіреді.( өрт сөндіргіш)
Балаларды... оқытады.( Мұғалім)
Иә балалар сендер дұрыс айтасыңдар біз бүгін мамандықтар жайында сабақ өтетін боламыз.
- Қане балалар сендер қандай
- Маман иесін білесіңдер?
- бәріміз бірге тақтадағы суреттерді
Қандай маман иелері екенін атап өтейік.
- Қалай ойлайсыңдар осылардың барлығы біздің өмірімізге қажет пе?
Есік қағылады бізге балалар қонақтар келген сияқты ашып көреміз бе?
Балалар бізге мамандық иелер келген екен.
Мамандар сөйлейді....
Балалар келген маман иелеріне тақпақ айтып береді.
Әкем менің дәрігер
Шешем менің аспазшы
Ағам менің етікші
Жеңгем менің суретші
Атам менің ол ұста
Бәрі - бәрі жұмыста.
Дидактикалық ойын:
«Заттарды ажырат».
Ойындар. «Мамандықтың бәрі
жақсы».
Балалар сюжетті рөлдік ойын ретінде, әр маман салаларының атқаратын қызметтері жайында танысады. Өздерін сол маман иесі орнына қояды. Сөйтіп, өздері рольдерге еніп ойындарды ойнайды. Балаларды ойын барысында рольдерін ауыстырып отыру.
Сергіту сәті:
Іш ауырса, тіс ауырса
Мамам дәрі береді,
Барлық бала, барлық ана
Оны жақсы көреді.
Ойын: «Құрастыру»
Суреттерді жапсыру.
Маман иелері бар суретті екі топқа бөліп, ойын ойнату.
Енді осы құрастырған суреттерді жапсырып шығайық.
Балаларды мадақтау.
Балалар суреттегі тұлғалардың жұмыстарын талдайды.
Суреттерді талдау.
Балалардан сен кім боласың?
Атты сұрақ - жауап жүргізу.
- Балалар сендер қандай маман иелер болсаңдар да, ол мамандықтың бәрі қажет, бәрі жақсы екенін ұмытпаңдар,
Өздеріне мамандық таңдауда, қателеспеу керек. Өз армандарыңа жетіңдер.
Рудный қалалық әкімдігінің №18 орта мектебі КММ
Досымбетова Гүлсім Тұрдыбекқызы
Толық нұсқасын жүктеу
Мамандықтың бәрі қажет, мамандықтың бәрі керек
- aiboll
- 24 ақпан 2019
- 31796
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Мамандықтар туралы, балабақшаға, ертеңгілік, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Мамандықтың бәрі жақсы. Сурет бойынша әңгіме құрастыру М, Н дыбыстары
Мақсаты: 1. білімділік Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейту. 2. дамытушылық Сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту....Мамандықтың бәрі жақсы
Көлік, мамандық туралы білімдерін тиянақтау. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешіп, тақпақ айту арқылы толық сөйлеуге баулып, сөздік...Мамандықтың барі жақсы
Мақсаты: әр мамандық иесі туралы, олардың пайдаланатын құралдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Мамандық атаулары туралы мағлұмат бере отырып,...Мамандықтың бәрі жақсы
Степногорск қаласы, №2 Ақсу орта мектебі Мектепалды даярлық сыныбы: Акназарова Ф. Е....«Мамандықтың бәрі жақсы»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №89 Шамшырақ бөбекжай – балабақшасы: Бекетова Клара Рысалдиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.