Сайтқа кіру Тіркелу

Мақта қыз бен мысық ертегісін сахналау

Білім беру саласы: Қатынас, әлеуметтік орта.
Білім беру бөлімі: Көркем әдебиет, тіл дамыту.
Ашық сабақтың тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау.
Мақсаты: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту, кейіпкерлердің айқын бейнесін көрсете білуге және кіші қойылымдарды сахналауды үйрету. Балалардың ойлау қаблеттерін, қимылдарын дамыту. Ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру. Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: ертегілер кейіпкерлері, буклет, слайдтар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар ертегілер әлеміне кіріп, келген қонақтарға амандасады.
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Ал, кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Есік қағылады. Балалар бұл кім екен біздің сабағымызға кешіп келген.
Ертегілер елінен Қызыл телпек келеді.
Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме, бұл «Айгөлек» тобыма? Мұнда ертегілер кейіпкерлері бар деп естіп келдім. Осы ертегі кейіпкерлерімен бірге өз еліме қайтсам деймін. Балалар мені де ала кетіңдерші.
Тәрбиеші: Қызыл телпек асықпа, қош келдің, төрлет біздің қонағымыз бол. Бізбен бірге «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашала.
Балалар енді бәрі келіп болған сияқты. Олай болса, сабағымызды бастамас бұрын, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын деп тұрмын.
Жұмбақ: Мұртын сипат күні бойы,
Бетін сусыз жуады.
Тысырды аңдып түні бойы,
Тышқанды көп қуады.
(мысық)
(мысық)
- Жарайсыңдар, балалар. Бүгін балалар мен сендерге «Мақта қызбен мысық» ертегісі мен таныстырамын. Олай болса, біріміз экранға назар аударайық. Ертеде бір Мақта қыз болыпты. Мақта қыздың жақсы көретін мысығы болған екен, бір күні Мақта қыз үйді жинап жатып бір мейіз тауып алады. Бөлісіп жемек болып Мақта қыз мысығын шақырады:
- Мысығым, мысығым! Ау, мысығым, мысығым! – деп.
Мысық күннің көзінде маужырап ұйықтап жатқан түрі Мақта қызға баруға ерінеді. Мақта қыз мысығын шақырғанға келмеген соң, мейізді өзі жеп қояды. Біраз уақыт өткен соң ұйқысы қанған мысық Мақта қызға келеді.
Ия, Мақта қыз, мені неге шақырдың? – дейді.
Мақта қыз:
- Шақырғанда келмегенсің, енді айтпаймын! – дейді
Мысық:
Айтпасаң, мен сенің қатығыңды төгіп тастаймын! – дейді
Мақта қыз:
Ал мен сенің құйрығыңды жұлып аламын! – дейді.
Сонымен мысық қатықты төгеді, Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алады. Біраз уақыт өткен соң мысық мақта қызға келіп құйрығын сұрайды.
Мақта қыз:
- Менің қатығымды төле! – дейді.
Мысық сиырға барады:
- Сиыр, сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
- Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
Мысық ағашқа барып:
- Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:
- Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, - дейді.
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді:
Қыздар, маған су беріңдерші! – дейді.
Қыздар оған:
- Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді.
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді:
Қыздар, маған су беріңдерші! – дейді.
Қыздар оған:
- Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді.
Мысық дүкенге барады:
- Дүкенші, дүкенші, маған сағыз берші!- дейді
Дүкенші:
- Маған жұмыртқа бер, - дейді.
Мысық тауыққа барады:
- Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді
Тауықтар:
- Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, - дейді.
Мысық: “Енді не қыламын!” деп бара жатса, ін қазып жатқан бір тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады:
- Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар, - дейді.
- Тышқан қорыққаны соншалықты:
- - Үйімде бір табақ тары бар, - дейді.
Мысық:
- Маған бір уыс тары бер, - дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді.
Мысық тарыны апарып тауыққа береді. Тауық жұмыртқа береді. Жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді. Дүкенші сағыз береді. Сағызды апарып қыздарға береді. Қыздар су береді. Суды апарып ағашқа береді. Ағаш жапырақ береді. Жапырақты сиырға береді. Сиыр қатық береді. Қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.
Тәрбиеші: Балалар ертегі не туралы?
- Мақта қыз бен мысық.
- Мақта қыздың сүтін неліктен төкті мысық?
- Неге шақырғанын айтпағаны үшін.
Олай болса, балалар бәріміз орынымыздан тұрып «Мысық туралы» айтып берейікші.
Құйрығын қуып ойнайды,
Қума десем қумайды.
Шыр көбелек айналсам,
Жетемін деп ойлайды.
Кис - кис десем келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда кис - кис деп,
Мияу деп дыбыс бере ғой.
Балалар сендер осы ертегіні рөлге кіріп ойнайсыңдар ма?
Балалар ертегіні бастарына атрибуттарын киіп ойнайды.
- Жарайсыңдар, балалар енді осы ертегіні сахналап көрейік.
Қорытынды: - Балалар бүгін біз қандай ертегісімен таныстық?
- Ертегі сендерге ұнады ма?
Қызыл телпек: Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер, мен сендерге ертегі елінен алтын жұмыртқа алып келдім соны қабыл алыңдар. Сабаққа қатысқан балаларды бағалау, мадақтау. Келген қонақтарға сау болыңыздар дейік. Рахмет келгендеріңізге сау болыңыздар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×