Қуыршақ Айшаны серуенге киіндіру
1 - сәбилерге арналған сабақ
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қоршаған айналамен таныстыру
Мақсаты:
Қолданатын әдіс - тәсілдер: Шаттық шеңбері, сұрақ - жауап, көрсету, әңгімелету, түсіндіру, сергіту жаттығуы.
Қолданатын көрнекі құралдар: Қуыршақ, қуыршақтың жылы
киімдері (құлақшын, тоң, бөкебай, етік, биялай), сюжеттік сурет «Терезедегі қыс көрінісі», сиқырлы сандық.
Ойын қызметінің барысы:
Балалар бүгін біздің топ үшін ерекше күн! Бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық.
- Ең алдымен жаңа күнмен амандасайық.
Балалар, мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын!
Қол ұстасып кәне біз
Достасайық бәріміз
Айтарым бар сендерге
Тез тұрыңдар шеңберге
Қандай жақсы бір тұру
Достарменен бір жүру
Қандай жақсы дос болу!
Қайырлы таң, ержүрек ұлдар!
Қайырлы таң, нәзік қыздар!
- Балалар, мен қолымда не ұстап тұрмын? Қуаныш гүлін
- Дұрыс айтасыңдар! Бұл қуаныш гүлін тұрған күнге сәттілік тілеп,... сыйлаймын.
- Балалар, ал енді мен сендерді терезе алдына шақырамын. Терезе көрінісіне қарап, айтыңдаршы, қазір қай жыл мезгілі? Қыс! Қыстың белгілерін атайық: қар жауады, күн суытады, су мұз айдынына айналады. Ал адамдар қалай киінеді? Жылы киім киеді.
- Ал енді....
Бұл кезде әуен шырқайды, қуыршақ Айша бөлмеге кіреді. Көңіл - күйі жоқ.
- Балалар, бізде тағы да бір қонақ – ол қуыршақ. Қане, амандасайық онымен!
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен қуыршақ Айшамын.
- Қуыршақтың көңіл - күйі жоқ екен. Неліктен деп сұрайықшы?
- Иә, сұрайық!
- Қуыршақ Айша саған не болды?
- Мен далаға серуендеуге шығып едім, бірақ тоңып қалдым.
- Әрине! Далада қыс. Далаға шыққанда біз қалай киінеміз? Жылы. Қуыршақ Айша жылы киіну білмейді екен. Балалар, қуыршаққа көмектесеміз бе?
- Иә!
- Ол үшін менде сиқырлы сандық бар!
- Бұл не? Киім /құлақшын, биялай, пима, тон/
- Ал енді, балалар, өзіміз қалай киінетінімізді қуыршаққа көрсетейік!
Сергіту сәт
Серуенге барамыз
Етік алып киеміз
Бір етік...
Серуенге барамыз...
- Жарайсыңдар! Көрдің бе Қуыршақ Айша, қалай біздің балалар серуенге киінеді? Саған ұнады ма?
- Иә, өте ұнады! Мен де солай серуенге киінгім келеді! Балалар, көмектесесіңдер ме маған?
- Иә!
- Енді киімдерді алып, қуыршаққа серуенге киінуге көмектесейік!
- Біріншіден, нені кигіземіз? Құлақшын / Бала әпереді – қуыршақ үстіне киеді/
- Содан кейін? Тон
- Тоннан кейін нені кигіземіз? Аяғына пима немесе етік
- Ең соңғы кигізетініміз ол не? Биялай мен бөкебай
- Бәрекелді! Қуыршағымыз серуенге дайын!
- Рахмет сендерге балалар! Ризашылығымды білдіріп, мен сендерге сыйлық сыйлағым келеді!
Сөмкесінен алып шығып, балаларға таратады
Енді балалар бәріміз қуыршақпен бірге серуенге шығайық. Бірақ алдымен қонақтармен қоштасайық! Бәріміз бірге айтайық – Көріскенше күн жақсы, сау саламат болыңдар!
Павлодар облысы, Ақсу қаласы
КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасының
тәрбиешісі: Гульмира Серікқызы Кулдошбекова
Қуыршақ Айшаны серуенге киіндіру
- bibka
- 18 желтоқсан 2015
- 6649
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қоршаған айналамен таныстыру, қыстық киімдер, қыс мезгілі, балабақшаға арналған ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
«Сүйікті ойыншық»
Мақсаты: Білімділігі: Балалардың ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылығы: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту....Қуыршақтың етігінің бауын байлаймыз
Саусақ қимылын дамыту, көзбен мөлшерлеуді дамыту, сенсорлық тәрбие жұмысын қалыптастыру, таным қабілеттері мен қызығушылығын арттыру, қызыл және сары...Қысқы киімдер
Мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін...Қуыршақ Көркеммен саяхат
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, "Балдәурен" балалар бақшасынің тәрбиешісі Сүтбаева Айгүл Танжарбайқызы...Қысқы киімдер (дидактикалық ойын)
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.