Екібастұз қаласы,
№21 «Кішкентай данышпандар»
балабақшасының тәрбиешісі
Амирханова Айсулу Кайруллиновна
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият, зейін қойып, тыңдауға үйрету. Үй жануарларының төлдерін дұрыс атын атай білуге, олардың бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап - қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Төрт түлік малдың суреті, сүт тағамдары, қой жүні, тоқымалар.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Ұйымдастыру бөлімі
Жылулық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннен жылу алайық,
Жүрекке жылу салайық.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ айтайын, сендер тауып көріңдер.
Иір - иір денесі,
Сахараның кемесі,
Ащы шөптер тағамы
Шөлге шыдап бағады. (түйе)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Түйе мен қойдан басқа қандай жануарларды білесіңдер?
Жауабы: сиыр, ешкі, жылқы, т. б.
Ойын: «Төлін тап»
Шарты: үй жануарлардың төлдерін атап тауып беру.
1 - топ - сызба арқылы сызып көрсетеді.
2 - топ - суретке қарап үй жануарлардың мүшесін атайды.
3 - топ - тақтаға шығып үй жануарлардың төлдерін тауып, көпше түрін айтасыңдар.
Сиыр қалай мөңірейді? Му - му
Қой қалай маңырайды? Мә - мә
Ешкі қалай маңырайды? Мә - мә
Жылқы қалай кісінейді? Я - я - я
Билинг. комп.
Түйе - верблюд, Сиыр - корова,
Жылқы - лошадь, Қой - баран.
Ешкі - козел.
Ойын: «Не жетіспейді?»
Шарты: Үй жануарларды карточкамен тақтаға қойып көрсету, балалар үй жануарларға не жетіспей тұрғанын атайды.
Тәрбиеші: Балалар үй жануарлары туралы мақал - мәтелдер білесіңдер ме?
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл - көсір.
Аттан тай озады,
Атадан бала озады.
Өте жақсы балалар.
Сергіту сәті.
Құлыншағым, құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат жаяды.
Үй жануарлары туралы схема бойынша әңгіме құру.
Мақсаты: балаларға әңгіме не туралы екенін, үй жануарлардың түрін, төлдерін жатқа білуге, олар немен қоректенетіні, адамдарға не беретіні жайында түсіндіру.
Қорытындылау.
Балалар, сиыр қандай жануарға жатады?
- Ал қой ше?
Күтілетін нәтиже:
Нені білдіңдер: Үй жануарлары туралы.
Меңгерді: Жануарлардың түрлерін дұрыс тауып, атай білді.
Игерді: Сызба арқылы жұмыс істеуді.
Үй жануарлары
- aisulu1974
- 22 қараша 2015
- 4323
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Үй жануарларының төлдерін дұрыс атын атай білу
Ұқсас жаңалықтар:

«Үй жануарлары»
Мақсаты: Үй жануарлары туралы білім беруді жалғастыру. Үй жануарларының адам өміріндегі маңыздылығы туралы білімдерін бекіту. Үй жануарларына деген...
Біздің ойыншығымыз
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының «Балдырған» тобының тәрбиешісі Тулегенова Жанайым Жұмағазықызы...
Не қалай дыбыстайды?
Білім беру саласы: «Қатынас» Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің түрі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Не қалай дыбыстайды?» (үй жануарлары)...
Үй жануарлары
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы маңызы, туралы түсінік беру....
Менің сүйікті үй жануарларым
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы "Асанәлі" балабақшасы тәрбиешісі: Жолдаева Жанаргүл Ертілеуқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.