Сайтқа кіру Тіркелу

Қош келдің, Әз Наурыз

Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жаңа Қима ауылы,
«Құлыншақ» балабақшасының тәрбиешісі
Бірімжанова Мейрамгүл Зиядақызы
"Қош келдің, Әз Наурыз!"

Жүргізуші:
Армысыздар, халайық!
Бармысыздар, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық!-

деп, бүгінгі Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады)

Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Диляра:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Би билеп, ән, өнерге тамсанайық.
Аңызбен, ертегімен бізге жеткен
Наурызды, қонақтарды қарсы алайық.

Вероника:
Ару көктем, армысың!
Көкке біткен әнбісің
Жерге біткен сәнбісің
Алтын арай таңбысың
Хош келіпсің, армысың!
Вова:
Жылдың басы – Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз,
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр - әніміз.

Дастан:
Кел балалар ойнайық
Наурыз тойын тойлайық,
Баянды болып, мереке
Қыр гүліндей жайнайық.
Жүргізуші: Рахмет, жарайсыңдар, балалар!
Олай болса, қазір «Қамажай биін» тамашалайық. Өте тамаша. ал, енді, тақпақтарымызбен мерекемізді жалғастырайық.

Галя:
Ойнаймыз шаттана,
Ішеміз күнде айран
Балаға, қартқа да,
Ортақ қой бұл мейрам.

Камила:
Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдемі
Наурыз көже пісірді.

Жүргізуші:
Қанеки қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың
Барайық төрт көз түгел келер жылға,
Аман боп алыс, жақын кәрі – жасың.
(Есікті біреу тақылдат қандай болады. Бұл жыл басы – жылқы )

Жылқы:
Мен келдім, міне ортаңызға
Амандық тілеп баршаңызға
Саулығын берсін деймін бәрімізге
Жеткенше келесі жаңа жылға.

Жүргізуші: Біздің тойдың бас қонағы өзіңсің ғой. Төрлет, бүлдіршіндер өнер көрсетіп жатыр. Тамашалайық бірге.

Олай болса, қазір «Қамажай биін» тамашалайық. Өте тамаша. ал, енді, тақпақтарымызбен мерекемізді жалғастырайық.
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Ортаға екі ауылды шақырайық. Осы ауылдардың өнерлерін тамашалайық.

Енді бүгінгі байқаудың шарттарымен таныс болайық
1. Әр ауыл өз ауылын таныстырады;
2. Үй тапсырмасы "Менің сүйікті тағамым" әр ауыл өз қолымен дайындап әкелген тағамын түсіндіреді;
3. Салт - дәстүрді дәріптеу;
4. Өз өнерін көрсету:

Ойындар.
1. Ойынға қатысатын 2 адамдардың қолына қысқы қалың қолғаптар кигізіледі.
Олар ойын шарты бойынша алдында тұрған 2 баланың киімінің үстінен киілген халаттың түймелерін қадауы керек. Ең бірінші болып түймелерді қадап бітірген адам жеңіске жетеді.
2. Арқан тарту.
3. Тасымақ.

Алтын күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думаннан басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған - деп ақ бата алайық.
Біз ақ бата емес, ақ тілек тыңдайық.

Құрметті қонақтар. ата - аналар бүгінгі "Қош келдің, Әз Наурыз" атты мерекелік концертіміз аяқталды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×