СҚО,"Шал ақын ауданының
Еңбек бастауыш мектебі"КММ жанындағы
"Еркетай" шағын орталығы тәрбиешісі Венинг Марина Ивановна
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы
Қазіргі таңда адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ардақты. Адамгершілік – адамның рухани арқауы.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген болатын. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған бұтақ кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Яғни, баланың рухани - адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым - қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте - еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай - ақ ұйымшылдық, жауапкершілік қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтары қалыптасады.
Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым - қатынас жасаудың, тәлім - тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады. Балалардың іс - әрекеттерін басқара отырып, тәрбиеші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс - әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама (инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады.
Бала ата - ананың қамқорлығы мен махаббатына, олардың қарым - қатынасы мен еркеліктеріне мұқтаж. Ата - ананың балаға деген махаббаты мен олардың қамқорлығы баланың да жауапты үн қатуын шақырады, бала ата - ананың сөзіне құлақ салып, тәрбиелі болып өседі. Егер бала махаббат пен қамқорға бөленсе, ол өзінің қандай екеніне қарамастан жақсы көретінін, өзгелер үшін қажетті де, сүйікті жан екенін түсінсе, ол өзін қорғанған, біреуге қажеттілігін түсінеді. Осының бәрі оның мейірбан болып өсуіне жақсы ықпалын тигізеді.
Адамгершілік тәрбиесінің маңызды заңдылығы балаларды ұжымда тәрбиелеу заңдылығы. Ұжым – бұл баланың жеке басын қоғамдық бағытта қалыптастыру мектебі. Мұнда оның жеке қасиеті, қабілеттілігі және адамгершілік сапалары неғұрлым айқын көрінеді. Адамның адамгершілік тазалығы ең алдымен оның әрекетінде көрініс табады. Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы дүниеге, іс - әрекетке көзқарасын: көмек көрсетуге, нәтиже шығаруға, құрбыларына қамқорлық жасауға, рахымдылыққа, қарапайымдылыққа, еңбек етуге ұмтылуын көрсете алады. Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр баланың мінез-құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балаларды бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді міндеттейді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, балаға жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатта біз өзіміздің шағын орталығымызда балалардың адамгершілік сана - сезімін оятып, жағымды мінез - құлқын қалыптастыру үшін тәрбиеленушілермен де, ата - аналармен де түрлі мерекелік іс - шаралар, тәрбие сағаттар, ұжымдық жұмыстар өткіземіз: «Әдептілік – тәрбие бастауы» ашық сабағы, «Анам және мен, достасамыз спортпен» эстафеталық сайыс, және «Үйренеміз өнер біз, шетімізден шеберміз» ойын - сабақтарын өткіздік. Мұның бәрі адамгершілікке бағытталды, әрі дәл осыған кереғар қасиеттерді бала бойынан кездестіріп және оған керекті әдіс - амалдарды да іздестіріп, қолданып келеміз.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша тәрбиешісі мен ата - аналар. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім - тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болады. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу тәрбиешіге жүктелер міндет.
Балаларды рухани - адамгершілікке баулитын тәрбиеші қырандай қанаттанған, жанарынан шуақ тамған, жалындай лаулап балаларды өзіне баурап алуы керек.
Менің де алдыма қойған мақсатым осы - баланың бойына ұлттық санасы қалыптасқан, халқының әдет - ғұрпын салт - дәстүрлерін көңіліне тоқыған, дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан - жақты азамат тәрбиелеп өсіру.
Ендеше, «Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Алматы, 2013, №5.
2. Нысанбаева Ә. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы, 1994.
3. Отбасында балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 1985.
4. Айджанова З. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің бүгінгі мәселелері Ұлт тағылымы - 2003 -№4.
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы
- Венинг Марина Ивановна
- 2 қараша 2015
- 6980
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Баяндама, мектепалды дайындық, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
Ұқсас жаңалықтар:
Адамгершілік – рухани тәрбие маңыздылығы
Бала тәрбиесі – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың...Қазіргі кезендегі мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жаңару мәселелері.
Балгабекова Назира Торгайкызы Қарағанды қ. № 8 негізігі орта мектеп ішіндегі шағын орталық...Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады....Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
Рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен...АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.