Тәуелсіздік күніне арналған ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! Елу жылда ел жаңа демекші, еліміз егеменді, тәуелсіз ел болып, нарықты заман орнады. Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын, сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
Тәуелсіздік мерекесіне арналған ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін бастаймыз,
Балаларға сұрақ қою:
1. Тәуелсіздікке балалар биыл неше жыл?
- 22 жыл
2. Желтоқсан оқиғасында құрбан болған аға - апаларымызды білесіңдер ме?
- Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова т. б
Тәрбиеші: Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сәбитова, Ербол Спатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. Біз Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне әрқашан ұмытпай басымызды иеміз.
3. Біз қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында
4. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
5. Республикамыздың қандай рәміздерін білесіңдер?
- Елтаңба, әнұран, ту.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Қазақстан Республикасының туында шұғылалы күн, оның астына қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі, көгілдір түс аспанның ашықтығы тыныштықтың белгісін білдіреді.
Елтаңбасы көгілдір түсті шаңырақ. Шаңырақты айнала күн сәулесі таралып, уықтар шаншылған және пышақ бейнеленген. Жоғары жағында бес жұлдыз, төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның реңдік түсі екі түрлі: алтын және көгілдір түспен бейнеленген.
Қазақстан Республикасының Әнұранында елдің арманы, аңсарын білдіретін мән - мағыналы салтанатты сөздер бар.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Дұрыс айтасыңдар.
Енді балалар тәуелсіздік туралы тақпақтарымызға кезек берейік.
Халилулла: Тәуелсіздік - тұғырым
Азат елдің ұл - қызымын
Өзің бол енді мәңгілік
Қуанышымда – қызығым
Еркеназ: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Ерназ: Жасай берші ұлы күн
Үміті боп елімнің
Ақ күні боп баланың
Шаттығы боп ананың
Хор: Ән «Біз өмірдің гүліміз»
Мурсалин: Биік болсын шоқтығың
Атыңды айтам ән қылып
Желбірейді көк туың
Төбемізде мәңгілік
Нұрай: Таң арайлап атады,
Күн күлімдеп шығады
Шаша берсін шапағың
Тәуелсіздік шуағы
Мансур: Қазақстан киелім
Қияға ұшар қыраның
Еркіндікті сүйемін
Мен тәуелсіз ұланмын
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сіздерге көп - көп рахмет. Енді ортаға бір ойын ойнап жіберейік.
Дидактикалық ойын: «Картаны, туды құрастыру»
Ортаға келе қойыңдар балалар екі топқа бөлініп столға жақындаңдар.
Ойын ойналады.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз
Өсіп - өніп толамыз
Күнге қарап табынып
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз
Қарлығаштай самғаймыз
Бір отырып, бір тұрып
Жаттығулар жасаймыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар орындарыңа отыра қойыңдар.
Балалар енді Отан, туған жер, ел туралы мақал - мәтел білеміз бе?
Балалар: - Иә, білеміз
1) Өз елім - өлең төсегім.
2) Батамен ел көгерер
Жаңбырмен жер көгерер
3) Отан оттан да ыстық
4) Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас
5) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
6) Туған жердің күні ыстық, түні де ыстық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.
Мақал - мәтел өте жақсы біледі екенсіңдер.
Ал, енді ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің соңын Қазақстан Республикасының Әнұранымен аяқтаймыз.
Әнұран айтылады.
Тәрбиеші: Құрметті апайлар, балалар. Осымен «Балапан» тобының тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті осымен аяқталды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Тәуелсіздік -тұғырым
- gulya-91
- 29 тамыз 2015
- 15260
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәуелсіздік -тұғырым атты тәрбие сағаты балабақша, тәуелсіздің туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіз елдің ұланымыз
Мақсаты: Балалардың бойына тәуелсіздік күні туралы түсіндіру. Отан, Рәміздер, Елбасы, ұлтының қазақ, Қазақстан елінде тұратынын білуге үйрету. Жеке...Тәуелсіздік тірегім
Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы, Чапаев бастауыш мектебінің мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиешісі Қасанғалиева Айгүл...«Қазақ елім- Отаным»
Таңғажайып атыңда дәл табылды, Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі....Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы Мергенова Динара Мырзасейтқызы...Менің Отаным - Қазақстан
Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңі иелерін Тәуелсіздік туралы мәлімет...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.