Сайтқа кіру Тіркелу

Бақытты елдің балғындары

Бақытты елдің балғындары
1ж: - Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз 3жыл мәпелеп күтіп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. «Күншуақ» тобының балабақшамен қоштасуға арналған «Бақытты елдің балғындары» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!
2ж: - Талай қызық той өткіздік, Бірақ орны бөлекше. Бақшамызбен қоштасатын, Бүгінгі той ерекше.
1ж: - Ендеше балабақша түлектерін қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық: Күншуақ тобының биші қыздары - Самал, Асель, Айару, Азиза 2ж: - Топтың еңбек десе ерінбейтін еңбекқор қыздары - Айсұлу, Анель 1ж: - Топтың кербез де ерке қыздары - Әсем, Анелия, Нұрайым 2ж: - Тобымыздың сүйкімді де сүйікті ұлдары - Нұртай, Айдос, Азиз, Сабыржан. 1ж: - Тобымыздың күміс көмей әншісі – Саян.
2ж: - Ортаға «Күншуақ» тобының тәрбиешілері - Секенева Бакытгуль Ауганбековнаны, Атыканова Арайлым Ермековнаны, тәрбиешінің көмекшісі - Наурызбаева Сәуле Блетаевнаны шақырайық.
Бақыт: - Өтті қызық көп күндер, Бес жасқа да жеттіндер. Барасыңдар мектепке, Бір белестен өттіндер
Өсті ақыл - ойларың, Өсті міне бойларың. Қуанышқа ортақпыз!
Бірге: Құтты болсын тойларың! Әнұран. 2ж: - Кезекті тақпаққа берейік
Нұрайым: Балабақша бесігім, Тағы бір той жасайық. Ашып мектеп есігін, Өзіңмен қоштасайық.
Талай қызық той өткіздік Бірақ орын бөлекше. Бақшамызбен қоштасатын Бүгінгі той ерекше.
Азиза: Бес жасқа толамыз Әдепті бала боламыз Қуантып ата - ананы Мектепке кетіп барамыз.
1 - ж: Ән: «Біз мектепке барамыз»

(Ғарыштық муз. естіледі де, ортаға ракета қойылып, робот шығады) Робот(Саян): - Сәлеметсіңдер ме, балалар, сәлеметсіздер ме, қонақтар! - Бұл қай ғаламшар? Балалар: - Жер! - - Қандай елге тап болдым? Балалар: - Қазақ еліне - - Бұл не жиын, қандай той? 2 - ж: - Құрметті өзге ғаламшарлық, бүгін Теректі балабақшасында дүбірлі той, бүлдіршіндерімізді мектепке шығарып салып жатырмыз. Тойымыздың қонағы болыңыз! Робот: - Рахмет! Балаларыңыз мектепке дайын ба? Мен сендерге тапсырмалар ала келдім, білімдеріңді тексеріп көрейік. (Сумкасынан тәрбиешіге тапсырмалар жазылған қағаз алып береді)
Бақыт: 1 тапсырма: Апта күндерін ата. 2 - тапсырма: Алдарыңдағы үйшік қандай геометриялық пішінге ұқсайды? (есігі, терезесі, төбесі) 3 - тапсырма: Еліміздің Рәміздерін ата. 4 - тапсырма: Қандай ертегілерді білесіңдер? 5 - тапсырма: Үш тілде 10 - ға дейін сана.
Робот: - Жарайсыңдар, балалар! Білімді екенсіңдер! Бақыт: - Біздің балалар білімді ғана емес, шеттерінен өнерпаз. Робот: - Балалар, мен енді өз ғаламшарыма қайтайын, сабақты тек 4 пен 5 - ке оқыңдар. Өздерің өте қонақжай екенсіңдер, сау болыңдар! (Музыка ойнап шығып кетеді) 1 - ж: Кезекті тақпақтарға берейік
Айсұлу: Ана тілін ардақтап Ата салтын біз көрдік. Сурет салып, ән жаттап, Оқып, жазып үйрендік.
Әсем: Балабақша есігін Сәби болып ашқанбыз. Балапандай мәпелеп Өсірді бізді бақшамыз.
Анель С: Ән салғызып билетіп, Ылғи бізбен жүреді. Тақпақта да үйретіп, Ойната да біледі. Тәрбиеші апайға мың алғыс айтамын!
2 - ж: - Жан иірімі біле білсең би деген, Кімдерің бар, биді ұнатып сүймеген. Тобымыздың би өнерін паш етіп, Алдымызда аруымыз билеген.
«Шығыс биі» Хатетулина Анелияның орындауында қабыл алыңыздар.
1 - ж: Міне, балалар, сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелерің басталып та кетті. Сендерді қуанышты күндеріңмен құттықтауға «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері келіп тұр.
«Қошақаным» ән шашуын қабыл алыңыздар.
Тақпақтар (Ботагөз, Айым, Инабат, Айғаным, Малика)
2 - ж: «Айгөлек» тобының бишілерінің орындауында «Домбыра» биі.
1 - ж: Талайлардың шырқалады жыр әні, Талайлардың жүрегі нұр құшады. Бүгінгі күн балабақша аспанында, Ән қалықтап, күй мен жыр бірге ұшады, дей отырып кезекті әнге берейік.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз» ( «Жалқаубек» әуені қойылады. Осы кезде велосипедпен Жалқаубек келеді.) Жалқаубек: - Ой, мұнда не болып жатыр? Балалар, кеттік далаға ойын ойнауға.
2 - ж: - Ау, Жалқаубек, сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сен де биыл мектепке барасың ғой, қарашы мына балаларға – киімдері мұнтазадай тап – таза, билерін билеп, тақпақтарын, әндерін айтып жатыр.
Жалқаубек: - Мен де тақпақ білемін: Мен айтамын тақпақ, Өзімді - өзім мақтап. Мектепке барып не керек Жүре берем «так та»- ақ.
Сабақ оқығанша асық ойнап, доп қуып, океанариумға барып балықтарды қызықтағаным артық емес пе.
1 - ж: - Қой, Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен апаңнан қалмай жылап, балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған. Қане, отырып өзің тыңдап көрші.
- Балалар, біз мектепке не үшін барамыз? 1 - бала: - Оқып білім алу үшін! 2 - бала: - Еліме еңбек ету үшін! 3 - бала: - Білімді азамат болу үшін! 4 - бала: - Ер жетіп Отанымды қорғау үшін!
1 - ж: - Жарайсыңдар! 2 - ж: - Ал енді балалармен бір ойын ойнап жіберейік. Үш бала ортаға шығып, сөмкесіндегі құралдарды тез жинастырып, арқаларына асып, мектепке баруға дайын болулары керек. (Самал, Саян, Сабыржан шығады) Жалқаубек: - Балалар, тағы бір ойын ойнаңдаршы.
1 - ж: - Жарайды, Жалқаубек, дегенің болсын. Ендігі ойынымыз - «Тез тұратын сандар» деп аталады. Шарты: Балалар 1 - ден - 10 - ға дейінгі сандар болып музыка ырғағымен билейді. Музыка тоқтағанда бір қатарға ретімен тұра қалулары керек.
(Ойын ойналады)
Жалқаубек: - Балалар, мына ойындарың маған қатты ұнады, менің фишкамнан, добымнан да қызықты ойын екен, мен де үйге барып мектепке дайындалайын. Балалар, сау болыңдар, күзде мектепте кездескенше!
2 - ж: - Балалар, жарайсыңдар! Жалқаубекті де түзу жолға салдыңдар. Бір - біріңмен дос болып жұптарың жазылмасын. Ендеше «Күншуақ» тобының «Достық» туралы қойылымын тамашалаңыздар.
(«Екі дос», «Алғашқы жаңбырға дейін» желісімен)
1 - ж: - Ендігі кезекті балабақша бишілерінің орындауында «Өзбек биіне» берейік.
2 - ж: - Қандай ғажап күн бүгін, Күміс күлкі жан - жағың. Күлімдеген бар бала, Ортада би билейді.
«Спорттық би». «Күншуақ» тобының бишілері.
1 - ж: - Бүгінгі мерекемізге екі баласы да осы біздің балабақшамызда тәрбиеленген Еңсебаева Гуля апайымыз ән шашуын ала келіпті, қабыл алыңыздар! 2 - ж: - Менің анам алтын! 1 - ж: - Менің де анам алтын! Екеуі бірге: - Аналарды құттықтап қол соғыңдар жалпың! 2 - ж: - «Күншуақ» тобының түлегі - Базиолданов Саянның орындауында «Менің анам алтын» әнін қабыл алыңыздар! 1 - ж: - Кезекті «Күншуақ» тобының ұлдарына берейік. ( Ұлдардың тақпақтары)
Сабыржан: - Мектепке ертең барамыз, Оқимыз, сауық құрамыз. Алыс емес арамыз, Сіздерге келіп тұрамыз.
Нұртай: - Мен де кітап аламын, Мен де оқуға барамын. «Жаман» бала дегізбей, Жақсы оқитын боламын.
2 - ж: - Айгөлек - ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Айгөлек деп ән салып, Би билейміз дөңгелеп.
Би – «Айгөлек». «Күншуақ» тобының бишілері.
2 - ж: - Жеңіс бейбіт таңдарда да келеді, Күн нұрымен отбасына енеді. Ынтымағы жарасқандар әр істің, Бір жеңісі боларына сенеді. Сондықтан да соғыс отын жақпаңдар, Балаларды бақытынан қақпаңдар. Жер бетінде тіршіліктің тәңірі, Жалғыз ғана тыныштықты сақтаңдар!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» ( Бәрі шармен шығады)
1 - ж: - Сөз кезегін балабақша меңгерушісі Тиленбаева Бақытгүл Көбенқызына берейік.
2 - ж: - Балабақша – бесігім, Тағы бір той жасайық. Ашып мектеп есігін, Өзіңмен қоштасайық.
Қоштасу вальсі. 1 - ж: - Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Сау болып тұрыңыздар жолыққанша, Осымен концертіміз аяқталды!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Қош бол, балабақшам" ертеңгілік

Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл - күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту....
Балабақшамен қоштасу

Балабақшамен қоштасу

Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық...
«Қош бол, балабақша!» ертеңгілік сценарийі

«Қош бол, балабақша!» ертеңгілік сценарийі

Құрметті жолаушылар, туристер! Біз ұшаққа отырдық, белдіктеріңізді тағып, ыңғайланып отырыңыздар. Бағытымыз «Күншуақ» балабақшасы. Салон ішінде тұрып...
Қош бол, балабақша!

Қош бол, балабақша!

Мақсаты: Балалардың білімі деңгейін шыңдап, бақшамен қоштасуын сезіндіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу....
Қош бол, сүйікті балабақшам!

Қош бол, сүйікті балабақшам!

Мерекеге сай безендірілген залға музыка әуенімен балалар келеді. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар мен ұжымдастар және...
Пікірлер: 1
Пікір білдіру
bazargul
Еліміздің балауса бүлдіршіндері өсіп, өркендей берсін деген тілекпен, рахмет!
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×