Сайтқа кіру Тіркелу

Менің сүйкімді күшігім

Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Музыка
Тақырыбы: «Менің сүйкімді күшігім»
Мақсаты: Балаларды үй жануарларының бірі күшікпен таныстырып «Менің сүйкімді күшігім» әнінің сөздерін жаттату. Оның әдемілігін, сүйкімділігін сезінуге және қайырымдылыққа баурап жануарлар дүниесіне қамқор болуға тәрбиелеу.

Әрекет кезеңдері: Залға бір қатармен жүріп музыкамен кіріп келеді.
(Музыкамен бірге би қимылдарын жасайды.)
Тәрбиешінің іс – әрекеті: Қане, балалар, апайлар мен амандасайық.
Балалардың іс – әрекеті: Саламатсыздар ма?
Дәлелдеу: «Шаттық шеңберін» жасау;
Қане, қане тұрамыз,
Үлкен шеңбер құрамыз.
Күннен жылулық алып,
Апайларға сыйлаймыз.(Алақандарын ашып үффф деп үрлейді)

Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауап беріңдер, жарай ма?
1. Балалар, біз қандай сабаққа келдік?
2. Музыка сабағында не үйренеміз?
3. Музыка сабағында ән айтсақ қалай отырамыз?
4. Балалар, қараңдаршы, мына жердегі нелердің суреттері? (Слайдта үй жануарларының суреттері)
5. Сендер үй жануарларын, олардың балаларын жақсы білесіңдер, ия балалар?
6. Қане, олай болса аттарын айтып шығайықшы?
7. Ішіндегі сүйкімді болып тұрған күшікті көрсетіп,
Мынау ненің суреті, балалар?
Бұл - күшік.
- Сендер күшікті білесіңдер ме?
- Күшік үлкен болып өссе оны не деп айтамыз?
- Күшіктің дауысын салайықшы?
- Күшіктер қандай тамақ жейді?
- Сендердің үйлеріңде күшік, ит бар ма?
- Білесіңдер ме?, олардың аттары болады. Мысалы, біз мына отырған күшікке ат қояйықшы, қане ойланайық! Балалар, бұл күшіктің атын «Ақтөс» деп қойсақ қалай болады?
Қысқаша күшік жайлы әңгіме айтып беру:
Өлеңін оқу:
Күшігім, менің үріп тұр - аф, аф,
Бір нәрсені сезіп тұр - аф - аф.
Есікті ашып қарасам,
Атам, әжем келіп тұр!
Дидактикалық ойын: «Күшіктерді табыңдар»

(Суреттерге қарап күшіктерді бір жағына, мысықтарды бір жағына жинау керек)
Психологиялық сергіту сәті: (Сұрақтарға жауап беру арқылы сергіп алу.)
Балалар күшік ашуланса қайтеді?
Бірдеңені сезіп қалса не істейді?
Қатты жүгіргенде қайтеді?
Тағы да өлең жолдарын қайталау:
Өлеңін оқу:
Күшігім, менің үріп тұр - аф, аф,
Бір нәрсені сезіп тұр - аф - аф.
Есікті ашып қарасам,
Атам, әжем келіп тұр!
Жарайсыңдар, балалар!
Біз не жайлы айттық, күшік жайлы
Балалар, бір қолымызбен жүрегімізді ұстап, екінші қолымыз бен күн шуағын шақырып, қолдарын алға созып үрлеп келген қонақтарға жылу сыйлайды.
Апайларға сау болыңыздар!- деп, шығып кетеді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×