“ Құлыншақ” тобының Жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік бағдарламасының сценарииі.
Мереке өтетін бөлме әсем безендірілген.
Жүргізуші: Шырша
Бүгін келді жаңарып,
Құлыншақ тобы тағы да.
Би билейді, ән салып,
Жасыл шырша жанында.
Сәлем бізден баршаға,
Құттықтаймыз жар сала.
Бүгін бізде Жаңа жыл,
Қош келіпсіздер шыршаға.
Шырқалады әніміз,
Ата - аналар сіздерді
Құттықтаймыз бәріміз.
Құрметті балалар мен қонақтар! Жаңа 2015 жыл, Қой жылы құтты болсын! “Айналайын ” балабақшасының “ Құлыншақ ”тобының балаларының дайындаған ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Біздің балаларымызды қарсы алайық.( әсем әуенмен балалар кіріп залға отырады.)
Жүргізуші: Балалар біздің орманға қош келдіңдер. Балалар, киімдерің қандай әдемі, өздерің қандай сұлу боп кеткенсіңдер. Балалар ортамызда тұрған
мынау әсем не?
Балалар: Шырша
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл менің апам. Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтар неткен көп. Ал, мынау шыршаның түбіндегі не екен? – деп хатты тауып алады да балаларға оқып береді.
-“Саламатсыңдар ма балалар! Мен орманға жете алмай отырмын, қар қалың екен, Құлыншақ тобының балалары, сендер сол қарды тазалауға көмектесіңдер” – деп жазыпты. Балалар мұны кім жазды, - білесіңдер ме балалар?(хаттың сыртында аяз атаның суреті тұрады.)
Балалар: Аяз ата.
- Ой, балалар бәріміз орманнан Аяз атаның келуіне көмектесеміз бе? Олай болса орманға дейінгі жолды ашып қояйық.
Балалар: - Ия
Жүргізуші: Балалар біздің орманда шынымен де қар қалың екен, шыршамыздың жан жағының бәрін қар басып кеткен екен - деп жанына қарай жылжып жүреді. Бұрышта ұйықтап отырған Аққаланы көреді де, бетін ашады. ( Аққаланың үстін жауып қоюлы болада да, жүргізуші ашады) Балалар бұл кім?
Балалар: Аққала
Жүргізуші: Аққаламыз ұйықтап қалыпты оятайыншы – дейді. Аққала тұрмай жатыр, балалар қане Аққалаға арнап тақпақ айтайықшы мүмкін оянар.
Айдын: Аула сырты бақта да,
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айнала,
Ойнаймыз біз шаттана.
М. Айару: Көптен күткен сағынған,
Ауыл алды ақша қар.
Ақша қарда балалар.
Соғып жатыр аққала
( Аққала ұйқыдан оянады.)
Жүргізуші: Сәлематсыз ба Аққала! Мұнда не істеп отырсыз?
Аққала: Құлыншақ тобының Жаңа жыл мерекесіне Аяз атадан хат әкеліп сендерді күтіп отырып, кішкене тынығып алайын – деп ұйықтап кетіппін ғой. Балалар, салетатсыңдарма!
Балалар: Сәлематсыз ба Аққала.
Жүргізуші: Аққала сіздің әкелген хатыңызды оқып алдық. Біздер орманның қарын тазалап, жол ашайық десек, қар қалың екен әліміз келмей тұр. Сіз бізге көмектесесіз бе?
Аққала: Мен сендерге жалғыз көмектесе алмаймын, ормандағы достарымды шақырайын - деп кетіп қалады.
Аю: (сырттан келеді) Бұл кім менің мазамды алған? Мені неге ояттыңдар? Қыста күн суытқанда, мен ұйықтағанды жақсы көрем, бірақ сендерге көмегімді берейін. Қандай әдемі балалар, менің де қонжықтарым бар, соларды шақырып көмектесеміз. Қане қонжықтарым келе қойыңдар. (бес қонжық аюмен қонжықтар биін орындайды)
Би * Қонжықтар* (Айбек, Данил, Аяп. Нұрсәт, Н. Қуандық )
Аю: қонжықтарым сендерге рақмет, балалар енді жолдарың ашылды.
Жүргізуші: Аю, қонжықтарым сендерге рахмет, біздерге жол ашып бердіңдер, енді Аяз ата біздің мерекемізге келетін болды, солай ма балалар.
Балалар: Ия
Қоян, қасқыр ( сырттан келеді ) Түлкі: Балалар сендерге көмекке келдік, ой аю сен жолды тазалап ашып қойған екенсің ғой. Олай болса сендермен Жаңа жылды бірге тойлауға бола ма?
Жүргізуші: Әрине, біздермен бірге тойлаңыздар, біздер қарсы емеспіз. Солай ма балалар.
Дауыс естіледі.( Қарды басып біреу келе жатқан дыбыс естіледі)
Жүргізуші: Балалар бұл не дыбыс? Аяз ата келе жатыр ма екен? Осы кезде (айқайлап, балалар мен қонақтарды жәй қорқытып, Мыстан кемпір келеді.
Мыстан кемпір: Мына жақтан бір жарық көрінді және балалардың даусы естілгесін, келе жатырмын. Мұнда не болып жатыр?
Жүргізуші: Мыстан кемпір біздер Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз. Балалар мен қонақтарды қорқытпаңыз.
Мыстан кемпір: Жаңа жыл деген не? Ешқандай мереке болмайды. Жаңа жыл келмейді, мен Жылқы мен Қойды қамап қойдым. Қане бәрің тарқаңдар, шыршаларыңның да шамын өшіремін – деп өшіріп кетіп қалады.
Жүргізуші шырша жылайды.
Жүргізуші: Балалар апамның шамдары өшіп қалды, енді сендер маған жағуға көмектесіңдер ме?
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Олай болса балалар бірігіп орынымыздан тұрып шыршаға қарап үрейік. ( 1, 2, 3 үф - үф.) 2рет. Балалар шыршамыз жанбады ғой, оданда ән айтып берейік.
Ән: “ Жасыл шырша жанында. ” (шыршаны айнала барлығы ән айтады)
Жүргізуші: Балалар шыршамыз әнімізге де жанбады олай болса балалар би билеп берейік.
Би * Шырша* ( Б. Айару, М. Айару, Аймира, Медина, Нұрай. )
Жүргізуші: Балалар біздер ән айтсақ та, би билесек те шыршамыз жанбады. Жаңа жылдық шыршаның шамдарын тек Аяз ата жаға алады. Олай болса бәріміз Аяз атаны шақырайық.
Аяз ата - ау, Аяз ата - ау - уу! ( Балалардың барлығы Аяз атаны шақырады, Көңілді әуен жүреді, Осы сәтте Аяз ата Ақшақармен бірге келеді.)
Жүргізуші: Қош келдің Аяз ата! Сәлематсіз бе Ақшақар!
Жаңа жылдарыңызбен! Ал, қане балалар амандаспаймыз ба.
Балалар: Сәлематсыз ба Аяз ата, Сәлематсыз ба Ақшақар!
Ақшақар: Салематсыңдар ма балалар!
Аяз ата: Амансыңдарма, ұлдарым?
Амансыңдарма, қыздарым?
Қандай жарқын жұздерің,
Қандай әсем жырларың.
Сәлематсыздар ма балақайлар мен қонақтар! Жаңа жыл құт – береке, ырыс мереке әкелсін. Сендердің қалың қардан ашып қойған жолдарыңмен жүріп тура дәл келіппіз. Ал, мына шыршаларыңның шамдары неге жағылмаған?
Жүргізуші: Ия, Аяз ата, дұрыс айтасыз. Сіздің хатыңызды оқып, жолды ашып едік, сол жолмен мыстан кемпір келіп, Жылқы мен Қойды қамап қойғанын айтып, шыршамыздың шамын өшіріп кетті.
Аяз ата: Ай - ай кәрі Мыстан - деп шыршаның шамын жағады.( Бұл жарықты көріп мыстан кемпір қайтадан келеді.)
Мыстан кемпір: Әй, мына шыршаны жаққан кім? Мен сөндіріп кеткен едім ғой, жаққан адамды жеп қояйын. Қане кім жақты?
Аяз ата: Әй Мыстан, сен жыл сайын мерекенің шырқын бұзасың, жыл сайын балалар саған кешіріммен қарайды. Бұл жолы менің қаһарыма ұшырадың, Мұз бол! Мұз болып қат! – деп қатырып тастайды.
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар Мыстан кемпірге жылы лебіздерін айтып, жүрегін жібітсін, өйткені оны жібітпесек Мыстан кемпір Жылқы мен Қойды қайтармаса, мерекеміздің сәні кетеді ғой. Сіз оны қатырмаңыз.
Аяз ата: 1, 2, 3 фу - фу жібі Мыстан! (Мыстан жібейді.) Мыстан мына балалар сені тағыда кешіріп, жылы лебіздерін айтқалы отыр. Сен мұқият тыңда.
Жүргізуші: Ата сіз алыстан келемін деп шаршаған боларсыз отырып демалыңыз. Ал, балалар Мыстанға тілектерін айтсын.(балалар Мыстан кемпірге жылы тілектерін айтады):
Кәусар: Келешегі халқымның,
Ашық болсын аспаның.
Аман болсын жас кәрің,
Жаңа жылда бақытты.
Данил: Тілеймін мен бар әлемге,
Досы көп болсын елімнің.
Ата - әже, әке – ана,
Құтты болсын Жаңа жыл.
Б. Айару: Біздің бала бақшада,
Шырша тойы болады.
Аяз ата мен Ақшақар,
Біздермен мәз болады.
Мыстан кемпір: /Бір сәтте өзгеріп/ балалар мені кешіріңдер, енді жыл сайын сендермен Жаңа жылды тойлап отырамын, мен Жылқы мен Қойды босатайын - деп кетіп қалады.
Жүргізуші: Олай болса балалар Жаңа жыл Қойымыз, ескі жыл - Жылқымыз келгенше Ақшақармен бірігіп “ Ақшақар” биін тамашалайық.
Ақшақар: Қане менің ақшақар сіңілерім келіңдер. ( Әсем әуенмен ақшақарларды ортаға алып билейді)
Бибіфатима, Қарақат, Айкөркем, Бекзада, Асылай, Құралай, Кәусар.
(Осыдан кейін жақсы әуенмен Қой мен Жылқы келеді)
Қой мен Жылқы: Балалармен амандасып, Мыстанның үйінен шәй ішіп келдік - деп ел - жұртты таң қалдырады.
Жүргізуші: Сәлематсыздар ма Жылқы жыл мен Қой жылы! Біздің Жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіздер. Сіздер балалар мен қонақтарға жылы тілектеріңізді айтыңыздар.
Жылқы: Балалар сендер мені мыстан кемпірден босатқандарыңа рахмет, ал енді менің сендермен қоштасатын уақытым болды.
Келешегі халқымның,
Ашық болсын аспаның.
Аман болсын жас кәрің,
Аманат қып барамын.
Қой жылына сіздерді.
Жаңа жылда балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Сау болыңдар балалар!
Қой: Амансыңдар ма балалар мен қонақтар!
Жаңа жылға бәріңіз,
Жаңа үмітпен қараңыз.
Жылқы жылы өзіңнен,
Қабыл алдым аманат.
Жасамаймын мен әркез,
Аманатқа қиянат.
Жүздеріңде қуаныш,
Әр көңілде жақсы үміт.
Келген мынау Жаңа жыл,
Әкелсін тек жақсылық.
– Бәріңізді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!
Жүргізуші: Жаңа жыл енді осы мерекені бізбен бірге тойлаңыз. Біздің Аяз атамызға дайындаған тақпақтарын тыңдаңыз.
Ата сіз біздің балалардың тақпақтарын тыңдайсыз ба?
Аяз ата: Әрине, Қане балалар, айта қойыңдар.
Н. Қуандық: Таяғы бар қолында,
Қар борайды соңында.
Қандай сыйлық бар екен?
Арқалаған қабында.
Нұрай: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Жалғас: Мәңгі жасыл шыршаның,
Жақтық бүгін нұр шамын.
Жаңа жылды тойлайық,
Жарқырап тек тұрса күн.
Бекзат: Жаңа жылды біз тойлап,
Ән шырқайық баршамыз.
Есімжан: Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз атаны.
Наурыз: Келді тағы Жаңа жыл,
Қуантуға біздерді.
Б. Қуандық: Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
Аяп: Аяз ата, Аяз ата,
Сені күтіп жүрдік біз.
Арқаланып, домаланып,
Келеріңе сендік біз.
Бекзада: Келді тағы Жаңа жыл,
Қуантуға біздерді.
(Аяз ата тақпақ айтқан балаларды мадақтайды.) Жарайсыңдар балалар.
Жүргізуші: Ата біздің балалардың тағы дайындаған * Үйшік*- ертегісі бар, енді соны тамашалайық.
Ертегі: “ Үйшік “
Рөлдерде: Тышқан – Жалғас, Түлкі – Құралай
Қоян – Жанқожа, Қасқыр – Б. Қуандық
Бақа – Асылай, Аю – Айбек.
Аяз ата: Керемет балалар, мен сендерге қатты ризамын.
Жүргізуші: Ата. Балалармен және ата аналарымызбен бірге ойын ойнайық.
Ойын: “Шыршаны безендіреміз”.
Ойын шарты: Екі ата - ана шығады олар шырша болады, ал солардың балалары шығып қыстырғыштағы ойыншықты ата - аналарының денесіне қыстырып безендіреді. Кім бірінші болса сол жеңімпаз атанады.
Ақшақар: Ата, біз балалардың өнерін тамашалап жатырмыз, сыйлық беруді ұмытып кеткен жоқпыз ба?
Аяз ата: Дұрыс айтасың қызым, аша ғой дорбаның аузын, балаларды бір қуантайық.
Ақшақар: Ата қаптың аузы ашылар емес, маған кім көмектеседі екен?
(сол кезде қой келіп көмек береді)
Ақшақар: Балалар мына қап ашылмай тұр, қане бәріміз орынымыздан тұрып өлең айтайық.
Ән: “ Жана жыл”
дорба ашылып, Ақшақар: балалар рахмет сендерге, сендер ән айтпағанда дорбаны аша алмас едім, ал енді сыйлықтарыңды ала қойыңдар - деп сыйлықты таратып береді.
Аяз ата: Ал балалар, балалар,
Біз бармаған қала бар.
Асқар тау бар, дала бар,
Ата бала ана бар.
Соларға тез жетейік,
Рұқсат болса кетейік.
Сау болыңдар балалар - деп Аяз ата, Ақшақар, балалармен қоштасады.
Жүргізуші:
Жаңа жыл бірлік берсін елімізге,
Береке, ырыс келсін жерімізге.
Қой жылын кең пейілменен қарсы алайық,
Қуаныш шашу шашсын төрімізге, - деп
осымен “Құлыншақ” тобының ертеңгілігі өз мәресіне жетті.
Көріп тамашалағандарыңызға мың алғыс. Жаңа жылдан жаңа жылға аман - есен жете берейік. Сөз кезегі балабақша меңгерушісі Сәуле Майшақызына және ата - аналарға беріледі.
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!
- asilai
- 29 сәуір 2015
- 3705
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кел, жаңа жыл, жаңа жыл мерекесі, жасыл шырша мейрамы
Ұқсас жаңалықтар:
Кел, Жаңа жыл!
Құрметті әріптестер, ата-аналар, балалар сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жаңа жылда жаңа...Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында!
Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағылған, Міне сұлу шыршамыз, Көптен күтіп сағынған....«Ақшақардың кебісі» атты жаңа жылдық ертеңгілік
Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамыз көңілсіз, жабырқаулы. Қане барлығымыз бірге үрлеп шыршаның шамдарын жағайық. (Барлығы бірнеше үрлеп шыршаның...Би билейміз тағыда, жасыл шырша жанында
Бүгін келді жаңарып Сәбилердің тағы да Би билейді ән салып Жасыл шырша жанында...Жаңа жылдық сценарий 2025 жыл
Келді, міне, сағындырып далама Келді, міне, Жаңа жыл қалама Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып. Кәне, кәне келіңіздер Би билеп ән салып беріңіздер!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.