Сайтқа кіру Тіркелу

Кім көп біледі

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Ересектер тобы.
Білім беру саласы: «Қатынас».
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің түрі: «Қазақ тілі»
Тақырыбы: «Кім көп біледі?»
Мақсаты: Өткенді ойын арқылы қайталау.
1. Өткенді қайталау арқылы балалардың қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру. Сөзді тыңдауға, түсінуге және жай сөйлем құрай білуге үйрету.
2. Суретті көре отырып, зейін қою, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Қазақ тілін үйренуге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд түріндегі суреттер, ойыншықтардың, үй жануарларының, мамандық атауларының, сандардың, көкөністер мен жемістердің суреттері.
Әдіс - тәсілдер: түсіндірме, сұрақ – жауап, ойын, сергіту сәті.
Сөздік: Доп – мяч, қуыршақ – кукла, қонжық – медвежонок, көлік – машина, жүзім – виноград, қияр – огурец, сәбіз – морковь, қартоп – картофель, сиыр – корова, түйе – верблюд, қой – баран, жылқы – лошадь, аспаз – повар, мұғалім - учитель, дәрігер - врач, сатушы - продавец, алу – минус, қосу – плюс, тең – равно, бір – один, екі – два, үш – три, төрт – четыре, бес – пять, алты – шесть, жеті – семь, сегіз – восемь, тоғыз – девять, он – десять, артық – лишний, потому что – өйткені.
Іс - әрекеттің кезеңдер Педагогтың іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Сәлемдесу. Балалар амандасады.
Шаттық шеңбері.
Қуан, шаттан, алақай! Балалар шаттық шеңберді қимылмен
Қуанатын күн келді, айтады.
Қайырлы күн қонақтар,
Қайырлы күн жолдастар.

Ұйымдастырушылық
Ізденістік - Балалар, қазір біз сендермен ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Кім көп біледі?»
- Ойынды бастамас бұрын, миымызды ширатып алайық. Ол өткен тақырыпты есімізге түсіруге көмектеседі.
(педагог балаларға доп лақтырып, орысша сөз айтады, бала педагогке қайта лақтыру арқылы сол сөздің қазақшасын айтады).
Балалар педагог айтқан орысша сөздерін, допты кері лақтыра отырып, қазақ тілінде айтады.
- Балалар, енді менің қолымдағы ыдыстан сары гүл мен қызыл гүлді таңдап алыңдар.
Сол бойынша екі топқа бөлінеді. Балалар гүлдерді таңдап, екі топқа бөлініп отырады. Балалар өз топтарының атын өздері қояды.
Балалар екі топқа бөлінгеннен кейін педагог ойынның шартын түсіндіреді.
Ойынның шарты: алты нүкте белгіленген кубикті балалар лақтыру керек. Әр санның өзінің тапсырмасы бар. Мысалы; бірінші топ лақтырады. Екі нүктелі сан түссе, интерактивті тақтада сандар тұрады, түскен санды кубик лақтырған бала тақтаға барып дұрыс атап, көрсетсе, сыйқырлы тақта тапсырма береді, ал егер дұрыс атап, көрсетпесе, сыйқырлы тақта тапсырманы көрсетпейді. Балалар ойынның шартын мұқият тыңдайды.
Ойынның ережесі:
1. Тыныштық сақтау қажет.
2. Білгенімізді қол көтеріп, жауап беру керек.
3. Екі ережені сақтаған топқа смайлик беру.
Әр тапсырманы дұрыс орындаған топтарға смайликтар беріледі.
Ойын соңында санап, қай топ жеңіске жеткенін анықтайды. Ойын ережелерін бұзбауға тырысады. Балалар ойынды үлкен қызығушылықпен бастайды. Әр кезеңде сұрақтарға жауап беруге тырысады.
І.Сиқырлы тақтаның тапсырмалары:
(Слайд көрсете отырып)
1. Ойыншықтарды ата
Қуыршақ, доп, қонжық, көлік.
Балалар оны дұрыс атап, көрсету керек және олар не екенін атау қажет.
2. «Не артық?» ойыны.
Бұл ойында төрт сурет көрсетіледі. Соның біреуі артық. Оны бала қазақ тілінде айтып беруі керек.
3. «Кімге не керек?» ойыны.
Бұл ойында балалар кімге не керек екенін табу керек. Мысалы, ыдыс – аспазға керек. Кітап – мұғалімге керек. т. б.
4. Үй жануарлары.
Балалар суреттегі бейнеленген жануарларды қазақша атап шығу қажет.
ІІ. «Тыныштық сәті - релаксация»
Бұл тапсырмада балалар табиғаттың әнімен көздерін жұмып, бір сәтке табиғатта жүргендерін сезіндіру. Релаксациядан кейін қандай сезімде болғандарын айтады.

5. Онға дейінгі сандар мен белгілер (алу, қосу, тең) шығады. Бұл тапсырмада балалар онға дейін санап, (кері санату) белгілерді қазақша атау керек.

Ойын барысында жинаған смайликтарын санау.
Балалар ойын барысында жинаған смайликтерін жарыса санайды.

ІІІ. Бейне сергіту сәті.
«Көңілді күн»
Сергіту сәтінде слайдқа қарап тұрып би қимылдарын қайталайды.

Рефлексиялық - түзетушілік Сұрақ – жауап:
- Балалар, сендерге ойын ұнады ма?
- Қандай сөздерді қайталадық?
Оқу әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мақтап, балалармен қоштасады. Балалар педагог қойған сұрақтарға жауап береді және қоштасады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойыншықтарға, үй жануарларына, жемістерге, көкөністерге, мамандық атауларына, сандарға қатысты сөздерді қазақша атайды.
Игерді: сұрақты түсінеді және жауап береді. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өзіне таныс сөздермен сөз тіркесі мен сөйлем құрай біледі, суретпен әңгіме құрастыра алады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мамандықтың бәрі жақсы. Сурет бойынша әңгіме құрастыру М, Н дыбыстары

Мамандықтың бәрі жақсы. Сурет бойынша әңгіме құрастыру М, Н дыбыстары

Мақсаты: 1. білімділік Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейту. 2. дамытушылық Сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту....

"Жеміс-жидектер"

Мақсаты: Жаңа сөздерді меңгерте отырып, жеміс - жидектерді атай білуге дағдыландыру. Көкөністер мен жемістерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету....

"Қызықты қазақ тілі"

Мақсаты: балалармен жыл бойы өткен материалдарды («Отбасы»,«Жыл мезгілдері», «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Дене мүшелері», «Киімдер»,...
Менің ойыншықтарым

Менің ойыншықтарым

Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету....
Сандар әлеміне саяхат

Сандар әлеміне саяхат

1 - ден 10 - ға дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту. Сандарды басқа сөздермен байланыстыра қолданып айта алу дағдыларын...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×