Білім беру саласы: «Денсаулық»
Тақырыбы: «Көңілді спорттық ойындар»
Мақсаты: Балалардың қимыл - қозғалыстарын жетілдіру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт – досың серігің,
Жаттықсаң шымыр боларсың
Шынығып өсіп, толарсың.
Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер және балалар, бүгінгі «Көңілді спорттық ойындар» атты сайысқа қош келдіңіздер! Бұл сайысқа Ортаңғы «Ақбота» және «Толағай» топтарының бүлдіршіндері қатысады.
Сайысқа қатысушы командаларды ортаға шақырайық.
Көңілді сайысымыз 2 командадан тұрады.
1 - ші команда «Ақбота» тобы
2 - ші команда «Толағай» тобы
Сайысымыз 4 турдан тұрады:
І - ТУР: Таныстыру
Шарты: әр команда өз ұрандарымен таныстырады.
«Ақбота» тобы – «Шынықсаң – шымыр боларсың»
«Толағай» тобы – «Дені саудың, жаны сау»
ІІ - ТУР: «Көңілді секіртпелер»
Шарты: топ мүшелері секіртпемен белгілі межеге дейін жетіп, жалаушаны алып кері жүгіріп келіп, эстафетаны келесі ойыншыға береді.
ІІІ - ТУР: «Кім жылдам?»
Шарты: допты екі аяқ ортасына ұстап, кедергілер арасынан жылан тәрізді айналып өтіп, эстафетаны келесі ойыншыға береді.
Әсерлі сәт: Залға Сайқымазақ келеді, балалармен амандасады. Балаларды музыкалық – ырғақты би билеуге шақырады.
ІV - ТУР: «Кім епті?»
Шарты: шығыршықты жүресінен отырып басынан асыра өзіне кигізіп, белгілі межеге жетіп кері жүгіріп келу.
V - ТУР: «Арқан тартыс» ұлттық ойыны
Шарты: екі топ арқан тартысады.
Жүргізуші: Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы жетіп таянар
Дені сау, мықты, епті, ақылды
Спорт сүйгіш боп өсіңдер, балалар!
Мінеки балалар, бүгінгі сайысымыздың соңына да келдік.
- Сендерге ойындар ұнады ма?
- Алдағы уақытта спортпен шұғылданып, ертеңгісін жаттығулар жасап жүресіңдер ме?
Жарайсыңдар, балалар! Ендеше бүгінгі сайысқа қатысушы бүлдіршіндерімізді марапаттайық.
Барлық қатысушыға мадақтау қағазын тапсыру.
Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы, КМҚК «Жауқазын» ясли
Бақшасының тәрбиешісі
Аманова Марал
Көңілді спорттық ойындар
- asilai
- 27 тамыз 2019
- 42659
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Көңілді спорттық ойындар, сайыс сабақ балабақшада
Ұқсас жаңалықтар:
Кім жылдам? спорттық сайысы
Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру...Жүйріктен жүйрік озар - жарысқанда
Қарағанды қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Аязбаев Асет Муратович..."Толағай" оқушылар арасындағы сайыс
Мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, күштілікке, дәлдікке баулу Денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтына, әдемілікке...Шынықсаң шымыр боларсың!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы, Саға негізгі мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қалманов Жарас Рысбаевич...Спорт - өмір көркі
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.