Сайтқа кіру Тіркелу

Қуыршақтар қонаққа келді

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Қуыршақтар қонаққа келді»
Мақсаты: Балаларға тілде көп, аз, теңдей, сонша сөздерін пайдаланып, екі заттар тобының арасында теңсіздік пен теңдікті орната білуін үйретуді жалғастыру. Кеңістікте бағдарлау (оң, сол) біліктерін дамыту. Заттың түсі, пішіні және көлеміне арналған «Дәл соны тап та, себетке сал» жаттығу ойыны. Уақыт бөліктерін ажырата білуді бекіту.
Көрнекілік: қуыршақтар, геометриялық пішіндер, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: теңдей, сонша.
1. Кіріспе:
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Қайырлы таң, апайлар!
Қайырлы таң, балалар!

Өткен сабақты еске түсіру мақсатында балаларға алдында, артында кімдер немесе нелер бар екенін анықтату.
II. Негізгі бөлім.
Ғажайып сәт:
Айгерім мен Динара қуыршақ қонаққа келеді.
Қуыршақтарды салыстыру. (киімдерінің түстерін, шаштарын, бойларын)
− Балалар қонақтар келгенде оларды қалай күтеміз?
− Дұрыс, дастархан жаямыз, тәтті тағамдар береміз. Ендеше балалар, қонақтарымызға кәмпит берейік.
− Балалар қараңдаршы, Айгерімнің кәмпиттері Динараның кәмпиттерінен аз ба көп пе?
− Егер біреуіне аз, біреуіне көп кәмпит берсек қонақтарымыз ренжіп қалады ғой. Ендеше балалар оларға кәмпиттерді теңдей етіп бөліп беруді үйренейік.
Балалар бүгінгі сабақта «теңдей», «сонша» ұғымдарымен танысамыз.
Балаларға бірнеше заттарды бірдей етіп бөлуге үйрете отырып, түсіндіру.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс:
Балалар алдарындағы кәмпиттерді қуыршақтарға теңдей етіп бөліп орналастырады.

Кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырма:
−Балалар, қуыршақтар серуенге шыққанды ұнатады екен. Балабақша ауласына серуенге шығару.
− Айгерімнің сол жағында нелер бар?
−Динараның оң жағында нелер бар?
−Балалар енді, өздеріңнің оң жақтарыңда не бар? Ал сол жақтарыңда не бар?

Геометриялық пішіндерді ажыратуға арналған тапсырма:
−Балалар Динара мен Әйгерім серуеннен қайтып келе жатып, кішкентай күшік тауып алыпты, оның үйшігі жоқ, жаурап жүр екен. Қуыршақтар бізден күшікке үйшік жасап беруімізді сұрап тұр, көмектесеміз бе?
Геометриялық пішіндерден үйшік құрастыру.

Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Тәулік бөліктерін ажыратуға арналған тапсырма:
−Балалар, қуыршақтардың үйлеріне қайтатын уақыты болған сияқты, қане мына суреттерге қарап тәулік бөліктерін атайықшы.
Таң, түс мезгілі, кеш, түн.

III. Қорытынды:
Балалардан бүгінгі сабақтан алған әсерлерін сұрау.
Қандай ұғымдармен танысқандарын сұрау.
Заттың түсі, пішінін ажыратуға арналған «Дәл соны тап та, себетке сал» жаттығу ойынымен сабақты аяқтау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сонша, көбірек, азырақ

Сонша, көбірек, азырақ

Мақсаты: Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір...
Бізге қуыршақтар келді

Бізге қуыршақтар келді

Түрлі қуыршақтар туралы қысқа сипаттау мәтінін құрастыруға үйретуді жалғастыру. Заттардың белгілерін атауға үйрету (үлкен, кішкентай, әдемі, сәнді)....
«Ертегі ханшайымы қонақта»

«Ертегі ханшайымы қонақта»

Сабақтың мақсаты: Ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуді үйрету. Қуыршақтардың тапсырмаларын орындай отырып, заттардың орнын...
Түлкіде қонақта

Түлкіде қонақта

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Жасы: «2 - 3» Бірінші кіші «Балдаурен» тобы Тақырыбы: Түлкіде қонақта Білім беру саласы:...
Геометриялық  пішіндерге  арналған  дидактикалық  ойындар

Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар

Алматы облысы, Райымбек ауданы Сарыжаз орта мектебі Шағын орталықтың аға тәрбиешісі Орманова Құралай Халелқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×