Сайтқа кіру Тіркелу

Аналардың көңілі, көктемдей жайнап гүл ашсын!

«Аналардың көңілі, көктемдей жайнап гүл ашсын!»
Тәрбиеші: - Құрметті әжелер, аналар! Құрметті балабақша қызметкерлері. Бүгін сіздерді күптен күткен 8 - ші наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Мектепалды даярлық тобының «Аналардың көңілі, көктемдей жайнап гүл ашсын!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерін ортаға шақырамыз.
Ұлдар кіреді. Саппен жүріп келе жатып жарты шеңберге тұрып жан – жағына қарайды да иықтарын көтереді.
Муслим:- Ма, балалар, залдың іші әдемі болып кетіпті, қараңдаршы.
Балалар:- Ия, шынымен.
Сайлау:- Ата - аналарда жиналыпты.
Диас: - Балалар, біздің топтың қыздары қайда?
Балалар:- Білмейміз.
Диас: - Бүгін қыздардың мерекесі ғой.
Муслим: - Ата - аналар, біздің топтың әдемі қыздарын көрдіңіздер ме?
Осы кезде бір - бірінің қолдарын ұстап қыз балалар залға кіреді.
Ұлдар: - Ма, біздің топтың қыздары келе жатыр.
Қыз балалар ұл балалардың қасына келіп, екі қолдарын белдеріне қойып:- ұлдар, сендерге не болған бізді тобымызда қалдырып.
Ұлдар:- Қыздар кешіріңдер, мерекелерің құтты болсын.
Бақдәулет: - Ұлдар не тұрыс, қыздарды биге шақырайық.
(ұлдар мен қыз балалар вальс биін билеп болып, отыратын орындықтарының қасына келіп тұра қалады)
Тәрбиеші:
Қадірлі әжелер, аналар көңілі.
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқа толы өмірі -
Шаттыққа шаттық ұлассын.
- Балалар, сендердің әжелерің барма?. Әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? (Балалардың жауабы)
- Дұрыс ақ, әжелеріңді жақсы көрмесек болмайды, олар қайырымды, сүйікті адамдар. Әжелерің сендерді өте жақсы көреді және де сендерге ертегі оқып береді.
- Сендерде неше әже бар?
Балалар:- Екі әжеміз бар. Туған әже және нағашы әже.
Тәрбиеші:- олай болса, кәне балалар, әжемізге арнап өлең, тақпақтарымызды айтайық.
Ерасыл:
Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі,
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Армысың әжелерім, аналарым.
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Әсем:
Менің әжем жыр әжем.
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйініп.
Аман - есен жүр әжем.
Мені әжем жыр әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең
Айтып берер тағы әжем.
Темірлан:
Әже деген көп шығар.
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі.
Қандай әсем күлкісі.
Ертек қандай көп еді.
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша.
Әжем менің тамаша.
Гүлназ:
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді,
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит әкеп береді.
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді,
Маңдайымнан иіскеп мені,
Құлыншағым күнім дейді,
Аңсаған:
Менің әжем, бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем,
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем,
Менің әжем нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем,
Ауырғанда мен үшін,
Әр сүйгені дәрі әжем.,
Тәрбиеші:
Әжелерді ардақтап,
Қуанатын келді күн,
Мейрамымен құттықтап,
Ән салайық біз бүгін.
Хор: «Менің әжем әдемі»,
Тәрбиеші:
Ақ сүт берген аялаған,
Әлпештеген апатайым,
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймын.
Диас:- Әлемде өзгермейтін үш ақ зат бар, ол - ананың сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі. Ананың көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады. «Ана» не деген мейірімді, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп - төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр. Жақсылық атаулының барлығы да ана сүтінен жаралған.
Сайлау:- ия, Диас, Ана дегеніміз - әлемнің жан дүниесі. Ол – тіршілік, үлкен тағдыр. «Ана» сөзі бізді елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.
Бақдәулет:- Дұрыс, балалар, өте жақсы, олай болса, өмірде не қымбат екенін тақпақ арқылы жеткізіп көрейік.
Әлпештеген әжем қымбат
Бірге ойнаған досым қымбат
Көмектескен інім қымбат
Білім берген ұстазым қымбат
Әлпештеген анам қымбат
Еркелеткен әкем қымбат
Еркелеген қарындасым қымбат
Көңілімдегі көкем қымбат
Диас:
Ана дейміз бәрімізді аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
Сайлау:
Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам ай мамам,
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қайда да,
Жүре берсең қасымда,
Әйбат мамам ай мамам,
Ботам деген даусыңнан,
Мен мәз болып оянам.
Тәрбиеші:
Үмітіңдей көзіме,
Көп қарайсың үңіліп,
Еркелеген сөзімді,
Ертеңіңіз тұр күліп.
Ортаға тобымыздың ерке қыздарын шақырамыз.
Жеке ән: «Ерке қыз» Әсем, Аңсаған.
Тәрбиеші:
Мәпелейсің мені анам,
Қолындағы құсындай,
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
Мейірлан:
Мен өмірге келгенде,
Ақ сүт берген анашым,
Әсем ән мен тербеуде,
Сәбиінің санасын,
Ақ сүт берген балаңа,
Күш жігерін жұмсаған,
Бұл өмірде жан ана,
Тең келеді кім саған.
Мерейім:
Ақ жүректе сақтаған,
Жарқын күлкің бақ маған,
Ақ бетіңнен сүйетін
Келші, келші ақ мамам,
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз,
Той күні бір - бірлеп,
Анамызға сыйлаймыз.
Мәнсүр:
Түнде сергіп жатпаған
Күндіз тыным таппаған
Бізсіз тыным таппаған,
Айналайын ақ мамам
Жақсы көрем күлкіңді
Айналайын ақ мамам
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам.
Нұрдана:
Аялаған баптаған,
Асыраған сақтаған,
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен,
Анамызға мың алғыс,
Адал бол деп балдырған.
Әділдікке баулыған.
Жүрегінде махаббат
Тілегенде мархабат
Анамызға мың алғыс.
Би: «Қазақ аруы»
Ойын: «Анаңды тойдыр»
Тәрбиеші:
Жылылықтан жаралған
Құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен.
Жеке ән: «Аналардың тілегі» Ертөстік Диастың орындауында.
Райхан:
Сыйлайыншы гүлімді
Теріп алған даладан
Мерекеңмен бүгінгі
Құтты болсын анашым,
Сізге бүгін сый құрмет
Жан анашым мерейім
Қаласаңыз би – билеп
Әнде айтып берейін.
Іңкәр:
Ана - деген бәйтерегі өмірдің
Ана - деген қуанышы көңілдің
Ана - деген әрбір үйдің тірегі
Ана - деген гүлі туған өмірдің.
Муслим:
Ұлым, ұлым дейсің де
Ұрысумен ұстайсың
Күнім - күнім дейсің де
Үйде отыр деп қыстайсың.
Жаным – жаным жейсің де
Шапалақтап аласың,
Өкпелер ем өзіңе
Әттең тәтті мамасың.
Бекзат:
Айналайын анашым
Жақсылығың бала үшін
Арналады есейгенде
Жақсылығым сен үшін
Мейірімің шексіз ана
Алаңсызбын қасыңда
Болмаймын мен ессіз бала
Ақылым бар қасымда.
Хор: «Мамочка моя»
Би: «Украйын биі»
Тәрбиеші:
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға.
- Ардақта әжелер, аналар мейрамдарыңыз құтты болсын.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×