Сайтқа кіру Тіркелу

Мен тәртіпті баламын

Тақырыбы: «Мен тәртіпті баламын» мәнерлеп оқу.
Мақсаты: Білімділік:
Көркем шығармаларда бейнеленген сезімдерді сезіне білуге, шығарманы мәнерлеп айта білу арқылы көркем әдебиетке қызықтыру, сөйлеу мәдениетіне үйрету, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік:
Балаларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, адамгершілікке, тәртіптілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Балалардың бойындағы ұнамды ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Мазмұнына байланысты түрлі суреттер.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Үлкендерге сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем беріп сіздерге,
Бас иеміз біз.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінде үш ай бар.
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Бір аптада неше күн бар?
- Бір аптада жеті күн бар.
Кәне, балалар апта туралы санамақты айтайық.
Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі – дүйсенбі,
Екіншісі – сейсенбі,
Үшіншісі – сәрсенбі,
Төртіншісі – бейсенбі,
Бесіншісі – жұма,
Алтыншысы – сенбі,
Жетіншісі – жексенбі.

Жаңа тақырып: “Мен тәртіпті баламын”
Мәнерлеп оқу.
Ой қозғау: Тәртіптілік деген не?
Тәртіптілік – адамгершілік туралы әңгімелей отырып,
балаларға мынадай сұрақтар қою.

Тәртіпті бала қандай болу керек?
Тәртіпсіз бала қандай бала?
(балаларды сөйлете отырып сұрақтарға жауап алу)

Мен тәртіпті баламын
Мәнерлеп оқу.
Мен тәртіпті баламын,
Айтқан тілді аламын.
Анам нанға кеткенде,
Үйде ойнап қаламын.
Шкафтарды ашпаймын,
Кітаптарды шашпаймын.
Текшелерден үй жасап,
Қызық ойын бастаймын.

Сонымен балалар, адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішілікті, шындықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата - аналарымыз, ұстаздарымыз.
Жақсы бала болатын бала жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, тәртіпсізден аулақ болуға тырысуы керек.

Сөздік жұмысы: Мен тәртіпті баламын, Айтқан тілді аламын.

Сергіту сәті: Алдымнан жел еседі,
Тербеледі ағаштар.
Кіп - кішкентай балалар,
Үлкен болып өседі.

Тақтаға сурет ілінеді.
Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Тәртіпті (ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына тақпақтардан тыңдайық, балалар кезекпен айтады)

Әнел. Нұрбол.
Оқимын сөздерді, “Бұзба көше тәртібін”,
Суретте саламын. Ұрынасың апатқа.
Енді мен ақылды, Қызықты өтсін әр күнің,
Тәртіпті боламын. Жақын болма шатаққа.

Әсемай. Нұрсат.
Жақсыға әдеттену – әдептілік, Болмасақ та басқаға құл,
Жаманға әдеттену – тәртіпсіздік. Құл болайық тәртіпке.
Үлкенді сыйлау – кішілік, Момышұлы Бауыржанның,
Үлгілі мінез – кісілік. Сөзі жүрсін жүректе!

Дидактикалық ойын: “Не деу керек?”

1. Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін жақсысын,
Саған таңдап әперді,
Не деп барып жеу керек? (рахмет)
2. Балалар үйге қонақтар келгенде не деп айту керек? (келіңіз, төрлетіңіз)
3. Дастархан басында отырған кезде үлкендерге не деп айтуымыз керек?
(дәм татыңыз, ас болсын)
4. Тәртіпсіздік жасап, досыңды ренжітіп алсаң не деу керек?

Қорытындылау: Балалар бүгін көркем әдебиет оқу іс - әрекетінде тәртіптілік
туралы үйрендік.
Оқу іс - әрекетке өте белсенді қатысқан
балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Біледі:
Шығарманы мәнерлеп айта білу;
Игереді: Әдептілікке үйренуі;
Қолданады: Алған білімдерін өмірде қолдана біледі.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі
Әбіш Майра Әбдрейқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×