Сайтқа кіру Тіркелу

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру»

Тақырыбы: «Қазына аралына саяхат»
Мақсаты: Дидактикалық ойындар арқылы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Көрнекіліктер мен құралдар: Балаларда – санауға арналған үлестірмелі материалдар, жолақты қалташа, геометриялық пішіндер, көлемі әртүрлі тиын үлгілері, кеспе цифрлар
Тәрбиешіде – санауға, есептеуге арналған дидактикалық көрнекіліктер, күннің, бұлттың суреті, шартты өлшеуіш - сызғыш, алтын сандық, тиындар, геометриялық пішіндерден жасалған кілттер, кеспе цифрлар.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы:
Мотивациялық қозғаушы
- Балалар, біз бүгін математика оқу іс - әрекетінде «Қазына аралына саяхат» жасаймыз. Саяхат жасау үшін ауа - райы қандай болу керек?
- Күн ашық, жылы болу керек
- Ал біздің күніміздің бетін бұлт басып тұр екен. Күннің көзін ашу үшін бұлттардың бізге тапсырмасы бар екен, соны орындайық.
(Өткен тақырыптарды пысықтау үшін «Кім тапқыр?» дидактикалық ойыны ойналады)

Бұлттағы тапсырмалар
1. Табақта үш алма,
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығын,
Болады неше алма?
2. Тура және кері санамақтар айту
3. Жол ұзын ба, қол ұзын ба?
Қасық ұзын ба, асық ұзын ба?
Алма үлкен бе, түйме үлкен бе?
Аю үлкен бе, қоян үлкен бе?
Шаш қысқа ма, қас қысқа ма?
Адам қысқа ма, қалам қысқа ма?
4. Есік, терезе, үйдің төбесі орамал қандай кескінге ұқсайды?

Ұйымдастырушылық – ізденімпаздық
- Балалар, күннің көзі ашылды. Енді күнге қарап, күліп, керіліп алайық. Енді саяхаттауға болады.
- Бізге саяхаттау үшін не керек?
- Көлік керек
- Біз бүгін саяхатқа желкенді қайықпен шығайық. Бәрің алдарыңдағы геометриялық пішіндерден желкенді қайық жасап алыңдар.
- Қайықты қандай пішіндерден жасадыңдар?
- Төртбұрыш, шаршы, үшбұрыш
- Жарайсыңдар, балалар. Қайығымыздың желкенін оң жаққа бұрамыз
- Балалар, дарияда балықтар мен бақалар көп екен. Кәне, санайық. Қанша балық, қанша бақа?

Дидактикалық ойын: «Бақалар мен балықтар»
(Дидактикалық көрнекіліктер арқылы балықтар мен бақаларды санау, салыстыру, тең емес топтан тең топ құрау, қанша болса, сонша ұғымдарын қалыптастыру)
- Балалар, қайығымыздың желкенін сол жаққа бұрып тура жүре береміз.
(Балалар алдарындағы қайықтың желкенін сол жаққа қаратып қояды)
- Біз қазына аралына келіп қалдық. Мұнда кірпі бар екен. Кірпі өз үйіне тез жету үшін қайсы жолмен жүрерін білмей тұр. Кәне, көмектесіп жіберейік!
Дидактикалық ойын: «Қайсы жол қысқа, қайсы жол ұзын?»
(шартты өлшеуіштің көмегімен жуан және жіңішке жолдың ұзындығын өлшеу)
- Балалар, кірпі бізге өзіне көмектескені үшін рахмет атып, қазына аралынан алтын сандықты табу үшін алтын сандыққа апаратын жолды сілтеді. Алтын сандыққа бару үшін алдарыңдағы қағаздағы сандарды ретімен сызықтар арқылы қосамыз. Сонда біз алтын сандыққа жетеміз. Кәне, кім тез жетеді?
- Дидактикалық ойын: «Кім тез жетеді?»
(Балалар алдарындағы қағаздағы сандарды ретімен сызықтар арқылы қосады)
Сергіту жаттығулары
- Балалар, алтын сандықты ашамыз ба? Сандықты ашу үшін сына көп кілттердің ішінен кілтін тауып алайық.
- Сандық қандай кескінге ұқсайды?
- Төртбұрышқа
- Ал оның құлпының кілті қандай кескін?
- Дөңгелек
- Кәне, балалар, мен сандықты ашамын. Ішінде не бар екен?
(Сандық ашылған кезде әдемі әуен естіледі)
- Сандықтың ішінде тиындар бар екен. Тиындар қандай кескінге ұқсайды?
- Дөңгелекке.
- Дөңгелекке ұқсайтын тағы қандай заттарды білесіңдер?
- Доп, шар, көліктің дөңгелегі
- Тиындарды біз не үшін пайдаланамыз?
- Дүкендерден заттар алу үшін, төлемдер төлеу үшін.
- Алдарыңдағы тиын үлгілерін үлкен - кіші ретімен қойып шығыңдар.

Рефлексиялық
- Балалар, осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Барлығың оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1 - ден 5 - ке дейінгі цифрларды, солға, оңға бағыттарын;
Игереді: заттарды санауды, саны жағынан аз топқа жетіспей тұрған затты қоса білу, саны бірдей бірақ түрлі заттардан құралған топты теңестіруді;
Меңгереді: геометриялық пішіндер туралы білімді, ұзындықты өлшеуді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×