Сайтқа кіру Тіркелу

Отансүйгіштік және рухани адамгершілік тәрбиенің бастауы - балабақшада

Тақырыбы: «Отансүйгіштік және рухани адамгершілік тәрбиенің бастауы - балабақшада».
Ата - бабамыздан бізге жеткен, өткені мен бүгінгісін байланыстыратын баға жетпес байлығымыз асыл қазынамыз – ұлт тәрбиесі. Заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде салт - дәстүрді пайдаланудың пайдасы зор.
Тәрбие үрдісі өте қиын да күрделі, басып өтпеуге болмайтын жол. Қазақ үнемі баласына болашақта елімнің арқа сүйер азаматы, келешектің иесі өмірімнің жалғасы деп қараған. Осы қағиданы берік ұстаған ата - бабамыз қашанда келешек ұрпақты отанын сүйетін және қарапайым бала етіп тәрбиелеуді мақсат тұтады.
Отансүйгіштік – тарихи, әлеуметтік ұғым. Гректің – parties, «Отан» деген сөзінен шыққан.
Бұл термин Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді.
Отансүйгіштік ұғымы өздігінен қалыптаспайды, ол үшін бірнеше алғы шарттар қажет:
• Төл тарихымызды білу;
• Ата - тілді ардақтап құрметтеу;
• Ұлттық салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты қадірлеу.
• Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу
Отансүйгіштік ұғымын қалыптастыру үшін жасалатын алғы шарттар:
Төл тарихымызды білу - халықтың ынтымақтастығы, елдегі, ерлігін, мемлекеттің күш - қуатын, беріктігін оқып үйрету, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу
Ана тілді ардақтап, құрметтеу - Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, ана тілін сүюге, құрметтеуге үйрету
Ұлттық салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты қадірлеу - Бойында ізгілік, қайырымдылық, адамгершілік құндылықтары бар рухани бай адам қалыптастыру
Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу - Азаматтық - патриоттық тәрбие беру. Тұлғалық, азаматтық сана - сезімін қалыптастыру
Бала - елін, жерін қастерлеп, туған халқының мәртебесін жеке пиғылынан жоғары қоятын жан болғаны абзал. Ал, бұл қасиеттер бала бойына тек тәрбие арқылы ғана сіңеді. Оның басты құралы рухани тәрбие. Рухани сезім – ұлттық рух деңгейінің өлшемі. Сол себепті Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды. Кез - келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани - адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан - дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін - өзі дамытуына жол көрсете аламыз. «Өзіңді - өзің танысаң, істің басы»- деген екен Шәкәрім бабамыз. Өзін - өзі тани білу дегеніміз – адамның өзін - өзі тәрбиелеуі. Ал, өзін - өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамгершілік мінезді қалыптастыруға бастайтын жол. Адамгершілік бар жерде жақсылық үйлесім тауып тұрады.
ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан, еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы басты міндет. Балалардың өмірге қажетті білім, білік дағдыларын тереңдете, молайта отырып, ұлттық әдет - ғұрып пен салт - дәстүрге баулу, адамгершілікке тәрбиелеу, оның ішінде: қазақ халқының қонақжай екенін бала санасына жеткізу көркем шығармалар арқылы жүзеге асып отырады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты, нақты әрекеттерден тысқары тұрған шалқар кеңістіктегі сан алуан құбылыстар мен адамдар әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап баланың сөздік қорын байытады. Көркем шығармалардың бала дамуындағы танымдық - адамгершілік, эстетикалық қызметінің маңызы жоғары. Оған бала қиялын дамыту, көркем бейнелі ойлау әрекетіне әсер етуді, түрлі мазмұндағы өнер түрлерімен таныстыру, ауызекі сөйлеу тілін, баланың дербес сөздік шығармашылығын дамытуды айтуға болады. Тәрбиешіден көркем шығармаларды таңдауда бала ұғымына жеңіл, дамуы мен танымдық жетілуіне әсер ете алатындай мүмкіндіктерді қарастыру талап етіледі. Бала - ұлт болашағы. Бала тәрбиесінде ата - ана балабақша, тәрбиеші болып бірігіп белсене жұмыс жасауы қажет. Ынтымақ пен бірлік, сүйіспеншілік бар жерде тәрбие - береке тауып тұрары сөзсіз. Бала ақылды, иманды, өнегелі істі, ар - ұятты барлығын ата - анасынан қабылдайды. Ал, білім ошағы сол алған тәлім - тәрбиесін әрі қарай жетілдіреді. Сондықтан да, бала жаңа еккен шыбық секілді, қалай исе, солай өседі. Бала бойына ұлттық тәрбиені ерте бастан сіңіру ата - анамен қоса педогтардың басты міндеті. Әрбір балабақша тәрбиешісі еліміздің дәстүрі бойынша жалғасын тауып келе жатқан бала тәрбиесінің аясын кеңейтуді мақсат етуі керек. «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» - деген Абай атамыз, ендеше ұрпақ тәрбиесінде аянбай еңбек етіп, білгеніңді үйретіп, жауапкершілік таныту арқылы біз өнегелі, білімді, саналы ұл - қыздарымызды тәрбиелейміз.
Жас ұрпақ тәрбиесі деген міндетті шешуде мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Олар өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындар денесінің, ақыл - ойының, сана - сезімінің дамуына, адамгершілік қасиеттер мен эстетикалық талғамның қалыптасуына жағдай жасайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсаты қоғам талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген ұрпақ қажет. Біздің ата - аналарымыз қыз бен ұл баланың тәрбиесіне күнделікті өмірден, салт - дәстүрімізден, аңыз - әңгімелерден мысал келтіре отырып, өнегелі тәрбие бере білген

Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани – адамгершілік тәрбие беру циклограммасы:
Жүргізілетін мерзімі Мазмұны
Қыркүйек айы «Тәуелсіз елім – тірегім, туған тілім – жүрегім»
«Ана тілім айбыным» ертеңгілігі
Қазан айы «Алтын күз» күзгі мерекелік балл
Қараша айы «Мен табиғатты сүйемін
«Туған өлкем мақтанышым»таза аула акциясы
Желтоқсан айы «Тәуелсіз елдің ұланымыз» ертеңгілігі
«Көңілді шыршамыз» (жаңа жылдық шырша мерекесі)
Қаңтар айы «Ата - баба дәстүрі – ұрпаққа мұра» тәрбиелік
іс - шара
Ақпан айы «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» тәрбиелік іс - шара

Наурыз айы «Аналарға мың алғыс!» ертеңгілік
«Наурыз – жақсылықтың бастауы» тәрбиелік іс - шара
Сәуір айы «Құстар біздің досымыз» құстарға қамқорлық
«Әкем, шешем және мен» ата - аналармен көңілді спорттық сайыс
Мамыр айы «Бірлігіміз жарасқан» ертеңгілігі
«Отаным – алтын бесігім» тәрбиелік іс - шара

Рухани - адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін - өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез - құлқы мен іс - әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы – ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдарының өзара қатынасынан басталады.
Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» - деген мақалдардан көруге болады. Мақал - мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс - әрекеттер барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. Адамгершілік – адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерінің салалары, қарым - қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез - құлқы, і - әрекеті, қарым қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық т. б Адамгершілік – ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Егер бала бойында адамгершілік құндылықтарын жастайынан көргіміз келсе, оның қалыптасуына тек көмектесуіміз, қолдау жасауымыз керек. Сонда ғана ертеңгі қоғамда бәсекелестікке түсе алатын өзінің біліктілігін жан - жақты көрсете алатын болашақ ұрпақ бойынан адамгершіліктің жоғары құндылықтарын көре аламыз
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тұлғаның адамдық негіздері

Тұлғаның адамдық негіздері

Сабақтың міндеті: Білімділік: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру маңыздылығын түсіндіру, ақпарат беру. Дамытушылық: Оқушыға тәрбиенің маңыздылығын...
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы

Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы

Қазіргі таңда адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің...
Адамгершілік – асыл қасиет

Адамгершілік – асыл қасиет

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады....
Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы

Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы

Рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен...
АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×