Тақырыбы: Ұстазым менің ұстазым!
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін балалардың бойына дамыту, әрі дарыту.
Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, түрлі түсті шарлар.
Барысы:
Жүргізуші:
Армысыздар Бармысыздар Қош келдіңіздер Құрметті де аяулы ұстаздар!
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қалай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға,- деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы мерекелеріңіз құтты болсын! Қазір сіздердің көңілдеріңізді көтеру үшін менің кішкентай бүлдіршіндерімнің әнін қабыл алыңыздар. Ән: «Мұғалім ол - біздің»
Жүргізуші: Сіздердің, біздердің мерекелерімізге арналған өлең шумақтарына кезек берейік.
Лаура: Алғаш рет оятқансың санамды
Алғаш рет ұстатқансың қаламды
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды
Айтөре: Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
Нұрқанат: Өмір жолы қиын жол деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген
Сұлу: Анамдайсыз, менің асыл ұстазым
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Томирис: Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың
Гауһар: Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға
Нұрбек: Ең аяулы есім ғой ұстаз деген
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жана берем
Бағжан: Ұстаздың оттай ыстық алақаны
Болған соң ойлайтыны бала қамы
Баладан ұстазыма мың сан алғыс
Өйткені ол ұстазымның ақ арманы
Жүргізуші: Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар
Не қылған өнер шіркін шексіз еді
Ойымнан талай сырды өткізеді
Еңбегін ұстазының гүл ғып сепкен
Дулат өнерімен жеткізеді,- демекші қазір тамаша әнімен, тәтті қылықтарымен тамсантып жүрген қыздарыңыз алдарыңызда өнер көрсетеді.
Ән: Сұлу мен Бағжан -«Қалсын апам қуанып» Балалар ойын ойнағыларың келеді ма? Ойынның аты «Гүл сыйлау»
Біздің балалар қазақ тілінен ғана емес орыс тілінен де өлең шумақтарын біледі екен. Тыңдаймыз ба балалар?
Бағжан: Вот пришла я здесь друзья
Вместе мы одна семья
Здравствуй садик мой любимый
Очень я тебя люблю
Дінмұхамед: Здравствуй, осень
Здравствуй, праздник
Здравствуй наш любимый сад
Лаура: Я с утра иду веселый
Солнце улыбается
Потому что день хороший
Праздник отмечается
Жүргізуші: Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Би: «Шөжелерім»
Ұлағатты ұстаздарымызды бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймыз. Балдырған тобының сіздер үшін дайындаған шағын ертеңгілігін «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтаймыз.
Қызылорда қаласы,
«Назым» балабақшасының тәрбиешісі
Тайрова Жанмира
Ұстазым менің ұстазым!
- загира
- 30 қыркүйек 2019
- 10485
- 0
- 100
Ілмек сөздер: ұстаздарға арналған сценарий балабақша, мұғалімдер күні
Ұқсас жаңалықтар:
Ұстаздар күніне арналған қызықты сценарий
Жаңа оқу жылы мұғалім қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі болып табылады. Мереке қарсаңында...ұстаздар күні
Ақтөбе қаласы №34 орта мектебі Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Нұртазина Бағдагүл Жақсылыққызы...«Ұстаздық ұлы қызмет» мерекелік ардагер – ұстаздармен кездесу.
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, Ж. Қалдығараев орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Наренбаева Акнұр Жауғаштықызы...Ұстаз – мектептің жүрегі
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы тәрбие ісінің меңгерушісі және тарих пәнінің мұғалімі Ақтаева Бақыт Абайқызы Тақырыбы: «Ұстаз...Ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылы Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.