Сайтқа кіру Тіркелу

Бозторғай суретін салу

Топтың жас ерекшелігі: ортаңғы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: «Бозторғай»
Мақсаты: құстар туралы білімдерін жетілдіру. Балаларды бар мүмкіндіктерімен құстың пішіні мен құрылымын көркемді беруге ынталандыру. Балалар қиялын дамыту. Құстарға қамқорлық, сүйіспеншілік сезімі тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: бозторғайдың суретті.
Қажетті құрал - жабдықтар: ақ қағаз, жай қарындаш, гуашь бояу, қылқалам.
Сөздік жұмыс: қамқорлық.
Қостілділік компонент: снегирь - бозторғай, мамықтар - перья.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің барысы:
І. Мотивациялық – қозғаушылық кезеңі.
Педагог Е. Елубаевтың «Қыста құстар қадірлі» тақпағын оқиды.
Балалар мұқият тыңдайды.
ІІ. Іздену – ұйымдастырушылық кезеңі.
Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайында әңгімелесу.
- Қыста қыстап қалған құстарды білесіңдер?
Балалар қыста өз жерінде қалатын құстардың түрлерін атап, олардың түрлерін, түстерін, ерекшеліктерін әңгімелеп еске түсіреді.
Құстардың қарны ашпас үшін «жем шашады» (суретін салады).
Суретті салудың ретін түсіндіріп, тақтаға салып, қарапайым сызықтармен салудың жолдарын ауада көрсетіп, бормен сызып, салып көрсетеді.
- Балалар, алдымен қарындашпен қағаздың ортаңғы бөлігіне сопақша пішінді қиғаштап саламыз.
Сопақшаның жоғарғы бөлігі сол жаққа қарай салынса, ал астыңғы бөлігі қағаздың оң жағына қарай төменге қарай бұрыла салынады. Дайын болған сопақша пішінінің оң жағы мен сол жағына құстың қанатын саламыз. Сопақша пішіннің жоғарғы бөлігіне құстың басын салу үшін кішкентай домалақ пішінді саламыз. Ал төменгі бөлікке құстың құйрығын саламыз. Қарындашпен салынып, дайын болған құсты қылқаламның көмегімен қағаз бетіне бояуды сүйкей жаға отырып түрлі түске бояп, көрік береміз.
Балалар өздері бозторғайдың суреттерін салып алады.
Сергіту сәтті:
Ал балалар тұрайық,
мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықта,
Оңға, солға иіліп
Денемізді бұрайық
Жұмыс барысында кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріліп, жалпылама бақылау арқылы басшылық жасалады.
ІІІ. Рефлексивті – коррекциялық кезеңі.
Педагог балалардың салған суреттеріне ерекше жылы көңілмен қарап, олардың құстарға деген қамқорлығын мақтайды.
Балалар өз әсерлері көңілмен айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: табиғат құбылыстарынан бақылағандарын әңгімелеп айта білуді, құстарды сүйіп, оларға қамқорлық жасап, қорғай білу керектігін біледі.
Игереді: бозторғайдың бейнесін қағаз бетіне түсіре білу іскерліктерін игереді.
Меңгереді: жұмыс барысында икемділік пен дағдылары және қызығушылықтары қалыптасады.

Өткізген: Каримжанова Т. К.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×