Сайтқа кіру Тіркелу

Ғажайыпстанға саяхат

Тәрбиеші: Ерекешова. А. М № 11 «Ақбота» балабақшасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру»
Тақырыбы: «Ғажайыпстанға саяхат»
Мақсаты: Заттардың әр түрлі топтарын санау оның санын анықтап тура, кері санауға үйрету.
Балалардың қарапайым математикалық ұғымдар мен құрылымдық іс - әрекеттердің тәсілдерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Балаларды ұжымшылдық пен өз мақсатына жете білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Құралдар: қапшық, алжапқыш қызыл телпек, бауырсақ, ұзын - қысқа жолақшалар, себет.
Үлестірмелі құралдар: Бәліш, жолақ қағаздар, салыстырмалы карточкалар.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз орман алаңқайында өтпекші. Орманға саяхатқа шыққанды ұнатасыздар ма?
Балалар: Ұнатамыз.
Тәрбиеші: Олай болса, біріміздің артымыздан, біріміз тізбектеле жүріп қимылды жаттығуымызды орындап барайық. Қимылды - жаттығу: «Көңілді балалар»
Тәрбиеші: Ой, балалар мына ғажайып себетті қараңыздар. Себетте не барын көрейік (қызыл телпек, алжапқыш, себетті көрсету). Мына заттарды кім жоғалтып алған?
Балалар: Қызыл телпек.
(слайдтан ертегі бейнесін көрсету)
Тәрбиеші: Мамасы қызыл телпекті кімге, қайда жұмсайды?
Балалар: Орманның ар жағында тұратын әжесіне.
Тәрбиеші: Қызыл телпек жолда неге кездеседі?
Балалар: Қасқырға
Тәрбиеші: Қасқыр қайда тұрады?
Балалар: Орманда.
Дидактикалық ойын: «Ағаштарды өсірейік»
Тақпақ: «Ағаштар»
Тәрбиеші: Олай болса, әртүрлі биіктіктегі орман ағаштарын құрастырайық. Балалар биіктіктеріне қарай ағаштарды орналастырып, салыстырады.
Тәрбиеші: Өте жақсы, бәріміз бірлесе отырып мынадай ғажап орманды құрастырдық. (Слайдтан орманды көрсету)
Дидактикалық ойын: «Әжемізге сыйлық»
Тәрбиеші:
- Аружан ыдыстарды ең үлкенінен ең кішісіне қарай орналастырып бер.
- Екінші ыдыстың түсі қандай?
- Ең үлкен ыдыс нешінші болып тұр?
- Май салынған ыдыстың ең кішісін оны тауып бер. Міне, әжеге майды сыйлыққа береміз. Ал қызыл телпек әжесіне майдан басқа не апаратын еді?
Балалар: Бәліштер

Тәрбиеші: Мына себетте әжемізге бәліштер дайындалған екен. Балалар бәліштердің түсі қандай?
Балалар: қызыл, сары
Тәрбиеші: Осы бәліштерді түстеріне қарай себеттерге саламыз. Қызыл бәлішті оң жақтағы себетке, сары бәлішті сол жақтағы себетке саламыз.(Әр балаға бәліш сурет беріледі. Екі себеттегі бәлішті санап, салыстырады) Міне, әжемізге сыйлыққа майымызды, бәлішімізді дайындап алдық. Бәрі дайын ендеше әжеміздің үйіне барар жолды тауып алайық. Ертегіде қасқыр әжеге қай жолмен барған?
Балалар: Қысқа жолмен
Жеке жұмыс.
Әр балаға екі жолақшадан беріліп, жолақшаларды салыстырады.
Қоңыр - ұзын. Сары - қысқа. Сонда сары қысқа жолмен қасқыр, ал қоңыр ұзын жолмен қызыл телпек жүріп әжесінің үйін табады.
Сергіту сәті: Енді қасқыр мақтанды,
Өз дәміне апталды,
Қорқып тұрған қоянды,
Тап беруге шақ қалды.
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы тастар»
Балалар әр түрлі тастардан геометриялық пішіндер құрастырады.
Слайдпен жұмыс -
Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап»
Үйлерді салыстырып, айырмашылығын табу.
Тәрбиеші: Біздің әжеміздің үйінің алдында күшік отырған жоқ, шатырының төбесінде әтеш бейнесі жоқ. Ол қай үй?
Балалар: Жоғарыда орналасқан үй.
(слайдпен жұмыс) Мысық денесінің қандай геометриялық пішіннен құрастырылғандығын табу.
Тәрбиеші: Олай болса, алдымыздағы үйлерге жолдарды орналастырып, қасқырды адастырамыз. Қоңыр ұзын жолды әжеміздің үйіне қарай орналастырамыз. Ал сары қысқа жолды төменгі үйге қарай бағыттап, орналастырамыз.
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы таяқшалар»
Балалар сиқырлы таяқшалардан үйдің кілтін жасайды.
Қорытындылау:
- Балалар көңіл - күйлерің қалай?
- Қандай ойын ойнадық?
- Қандай кедергілерден өттік?
- Кімге көмектестік?
Олай болса, бәріміз бірге отырып қызыл телпекке көмектестік. Рахмет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×