Ғажайып Түстер емі
Хромотерапия грек хрома «түс» +терапия «күтім, ем»- бұл жарық пен түстің көмегі арқылы адам ағзасына өзара әрекет етуді алдын алу және емдеу әдісі. Хромотерапияның тиімділігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Оны жақынырақ түсіндіретін болсақ, жарық бұл - электромагниттік сәуле бола тұра ткань арқылы өтіп, қажетті энергиямен қамтамасыз етеді. Барлық түстердің ақпараттан тұратын өзіндік сәулеленуі болады. Сәйкес келетін түстің қандай да бір ішкі ағзаға өзара әрекеті шипа болуы мүмкін. Хромотерапияны тек физикалық емдеуге ғана емес, психикалық ауруға шалдығуда және бұзылыстарды емдеуде де қолдануға болады.
Түстер терапиясының тарихы.
Жарық пен дені сау адамдардың арасындағы байланыс осыдан жүздеген жыл бұрын құрылғандығы тарихтан белгілі.
Ұзақ ауыр созылмалы ауруларды емдеуде маңызды роль атқарған. Тіпті көне Египеттің Гелиополис храмында түстің күші сауығу үшін пайдаланылған. Бұл храмдар Күн бойынша бағдарланған, күн сәулесі ішке ене отырып, кемпірқосақ спектрінің жеті түсіне ыдыраған. Ал сырқаттанғандар өздеріне көмегі тиетін түстермен «шомылған»
Түстер терапиясы 17 ғасырда қалыптасып, пайда болды делінген деректер бар..
Психологиялық әртүрлі түстер әр адамның ішкі тепе - теңдігі мен жағдайына кез келген сәтте әсер етеді: белсенділігі, релаксация, эмоционалдық тұрақтылық. Яғни бұлар алдын ала жоспарланғандай тікелей әсер етеді.
Соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулер көрсеткендей түстер физикалық тұрғыда адамдардың барлығына біркелкі әсер етеді.
Түс - бұл түрлі қарқындылықтың боялған жарық ағымы, ал жарық – бұл күш қуат. Ғалымдардың дәлелдеуінше, белгілі бір түстердің әрекетінен адамдардың ағзасында физиологиялық өзгерістер болады.. Түстер адамдарды үміттендіруі, қоздыруы, жабырқатуы, тыныштандыруы, тәбетін бәсеңдетуі және ашуы мүмкін. Бұл құбылыс «хромодинамика» деп аталады. Түстік терапия біздің биологиялық сағатымызды қалыптастырып, иммундық, жыныстық жүйке жүйемізді қайта қалпына келтіреді.
Айтып өткендей, әртүрлі түстер түрліше әрекет етеді. Мысалы
*көк және көгілдір түс бас ауруын жазады,
*қызыл түс қысымды түсіреді.
*сары, жасыл, көк ас қорыту мәселесін шешеді. Сонымен қатар сары, түс кейбір психикалық аурулар мен бұзылыстарды емдеуге көмектеседі.
*күлгін мен қарақошқыл түстер бас және ақыл - оймен,
* қызыл түс жүрекпен байланысады.
Түс адамға екі жол арқылы адамға әсер етеді: көз және тері арқылы. Бірінші жағдайда жүйке жүйесіне электрлік импульс беру нәтижесінде жарықтық фитореакция пайда болады. Бұл үрдіс ми шетінде жеткенде ағзада қорғаныстық заттар өндіріле бастайды. Екінші жағдайда денеге бағытталған түстер ағымы ағзаның биоэнергеотикалық деңгейін қалыптастырып отырып, қажетті энергияны өзіне сіңіреді.
Әдетте түстер терапиясының сеансы тыныш қалыпты әуенді пайдалану арқылы қолайлы жағдайда жүргізілгені дұрыс. Аппараттар: қызыл, сары, жасыл, көгілдір және күлгін түстермен сәулеленетін басқару блогымен арнайы «балалардан» тұрады. Әрбір пациент үшін белгілі реңктен тұратын жарық толқыны таңдалады.
Түстік терапия: адамның бас ауруынан, псориазға дейін және басқа да тері ауруларына, ашығу сезімін блоктауға/ артық астан құтылуға/ көмектеседі. Әр адам үйде түстер терапиясын жүргізуге болады.
Мысалы: түрлі - түсті май шам немесе электр лампочкаларын қолдана отырып ауыратын жерлерін емдеулеріне болады. Сонымен қатар әр түрлі түске боялған теңіз тұзын немесе түрлі - түсті көпіршіктерді қолдана отырып, суға шомылған пайдалы.
Көңілді көтеріп, жағдайды жақсарту үшін кім реңктері мен қажетті түстік гамманың интерьері көмектеседі. Ақ және көгілдір түсті киімнің түсіне қарағанда қызыл және сарғыш түсті киімдер күн сәулесін өзіне жылдам тартады.
Жастықтың көк немесе қаракөгілдір қабы, көк түсті жарық шамы дұрыс ұйқы мәселесін шешуге көмектеседі.
Ал жасыл желекті орман, тоғайлы жерлерде серуен құру, қиын тапсырмаларды шешуге ой салып рухани тепе - теңдікті сақтауға көмек береді.
Қызыл түс қоздырғыш түс. Ол имунитетті, гемоглабинді көтеріп, ағзаға жылу бөліп, ішек бүйрек және тік ішектің жұмысын реттейді.
Қызыл түс жеткіліксіз болған жағдайда эмоционалдық ұстамсыздық, безгектік жағдай пайда болуы мүмкін. Егер адамның өмірінде стрестік жағдай болса, ол адам қызылға жақын болады және жүрек ұстамасына шалдығу қаупі бар.
Қызыл - сары депрессиядан құтылуға, ағзаның өмірлік тұрақтылығын жоғарылатуға, бұлшықеттердің нығаюына, тыныс алу жолдарының нығайып, асқазан жолдарын нығайтып,, асқазан жолдары үшін энергетикалық душ сияқты әрекет етеді. Қызыл - сары түс тапшы болған жағдайда өттің жұмысын тексерткен дұрыс.
Сары түс мидың және вегетативтік жүйке жұмысын белсендіреді.
Ол ағзаның қышқылдығын төмендетуге қабілетті және минералдық тепе - теңдікті жақсартып, өт, асқазан жолдарын, теріні тазалауға көмектеседі.. егер сары түсті асыра сілтеп жіберсек, онда ағзамызда қалдықтар көп мөлшерде бөлінуі мүмкін, ал оны жүректің айнуынан, диареядан, жүрек қағысынан, нейрологиялық аурулардан көре аламыз.
Жасыл түсті созылмалы және көз ауруларына пайдаланған пайдалы. Ол ауаны тазартуға, микробтарды өлтіру, тыныс алу жолындағы қабынулардан арылтады бұлшық еттерді нығайтады гипофиздің жұмысын стимулдау қызметін атқаруы мүмкін.
Көгілдір түс ұйқы бұзылғанда және жүйке жүйесі бұзылыстарында таптырмайтын әдіс. Бұл түс адамды ішкі үйлесімділікке алып келеді және дененің қызуын түсіріп, ауруды бәсеңдетеді. Көгілдір түсті шектен тыс жағдайда пайдаланғанда шаршағандық пен жабырқанушылық байқалуы мүмкін.
Көк түс жараның жазылуына, қанды тоқтатуға көмектеседі. Ең жақсысы оны тамақ ауруларында, өкпе қабынғанда және астма кезінде пайдаланған дұрыс. Ол ас қорыту жолдарының жұмысын реттейді. Дірілдеп - қалшылдау, тахикардия, созылмалы ревматизм кездерінде қолданбаған дұрыс.
Қызғылтс - сары түс лимфатикалық, жүйке және гармондық жүйелерді емдеуге көмектеседі. Сондай - ақ, мигрен сияқты аурулардан, ұйқының бұзылуынан арылтады. Аурудың алдын алып, денедегі қызуды түсіреді. Қызғылт - сары түс тапшы болған жағдайда адам депрессиялық жағдайға түсуі мүмкін.
Психотерапевтер түспен тыныс алып үйренуге кеңес береді. Ол үшін төсекке арқаңызбен жатыңыз. Немесе аяқтарыңызды айқастырмай орындыққа отырыңыз. Көңіліңізге жақын, жақсы нәрсені елестете отырып, бір қалыпты тыныс алыңыз, мысалы теңіз, орман тау көріністері. Емдік қасиеті бар ашық түстер ағымының төс жағыңызға түсіп, барлық денеңізге құйылғандай елестетіңіз. Денсаулық мәселесі туындаған жағдайда емдік қасиеті бар нақты бір түсті елестетіп, оны ойша ауырып тұрған жерге бағыттаңыз.
Психологтардың айтуы бойынша, киімдегі, әшекейдегі, интерьер заттарындағы қалаулы түстер адамның мінез - құлқы жайлы көріністер беруі мүмкін. Әрине кәсіпкерлер зерттеуге арнайы тестерді пайдаланады. Ал біздер жағынан кең таралған түстерді ғана пайдаланамыз.
СҰР ТҮС - байсалдылық, сенімсіздік, бейтараптық. Сұр түсті жақсы көретіндер күмән тудыру шылықпен ерекшеленеді. Олар шешімді ұзақ қабылдап, күмәнданып тұрады. Мұндай адамдар өздерін айналатындағылардан қорғау үшін сұр түспен қаруланады. Мұндай адамдар өздерінің ішкі жан дүниесін, тіпті жақындарының араласуынан да мұқияттылықпен қорғанады.
ҚЫЗЫЛ ТҮС - құмарлық, ерік, агрессия. Қызыл түсті әдетте қарым - қатынасқа түскенді жақсы көретіндер, биліктегі адамдар, және көптің ішінен ерекшеленгісі келетін жеткіншектер таңдайды. Қызыл түсті қалайтын адамдар көпшіліктің ішінде өзін көрсететін және басқаның жетістігіне қызғана қарайды.
КӨК ТҮС - тыныштық, жеңілдеу, медитация. Әдетте, көк түсті қарапайым, меланхолик, тыныштық қалыпқа тырысушы адамдар таңдайды. Мұндай адамдар тез шаршағыш, көп сөйлегенді ұнатпайтын, жалғыз қалғанды қалайтындар. Бірақ бұл адамдар айналасындағыларға тәуелді, өйткені айналасындағылар оны құптағанда ғана оларда өздеріне деген сенімділік туындайды..
ҚЫЗҒЫЛТ ТҮС - тұрақсыздық, сенімсіздік, қиялға берушілік. Қызғылт түске жақын адамдар өздері ойлап тапқан, барлығы жеңіл, әрі қарапайым, ешқандай мәселесі жоқ әлемде өмір сүргенді қалайды. Олар «қызғылт көзілдірікке» жасырынып, шынайы өмірдің мәселелелерінен жасырынады.
Қызғылт түсті жақсы көретіндер жиі өздеріне сенімсіз, өте сезімтал, кезіккен қиындықтарға қарсы тұра алмайды.
АҚ ТҮС - тазалық, төзімділік. Адамдардың көпшілігінде ақ түс қарапайымдылықпен, пәктікпен ассоцияланады. Бірақ егер адамның киімі және интерьер жағынан болсын айналасы ақ түске оралса, онда ол оның төзімділігін, педанттылығын білдіреді. Ақ түсті жақсы көретіндер өз - өзіне сенімді, жанжалдаы қаламайтын адам дар өмірдің кез - келген жағдайында өз ойларын білдіре алады.
ЖАСЫЛ ТҮС - энергия, оптимизм, сенімділік. Жасыл түсті біреудің ықпалында қалудан қорқатындар қалайды. Мұндай адамдар достарына және әріптестеріне қалай әсер ететініне қарамастан өздерін бағдарлаудың әртүрлі тәсілдерін іздестіретіндер. Ондай адамдар өз мақсаттарына мүмкін болатын нұсқаларды алдын ала есептеу арқылы қайсарлықпен жететіндер.
ҚОҢЫР ТҮС - сенімділік, дәстүр, адалдық. Қоңыр түсті аяқтарынан тік тұрған, алға қойған мақсаттарына жеткен кемел жастағылар жиі таңдайды. Қоңыр түсті қалайтындардың өмірі ұсақ - түйегіне дейін ойластырылып жасағандар. Мұндай адамдар үшін отбасылық құндылықтарды жоғары бағалап, орын ауыстырғанды ұнатпайтындар.
ҚАРА ТҮС - қарама - қарсылық, сенімсіздік, ұстамдылық. Егер адамдар негізгісі ретінде қара түсті таңдаса, онда бұл оның өмірді жағымсыз қабылдауын білдіреді. Мұндай адам өзіне, өзінің күшіне сенбей депрессияға берілуі мүмкін. Сөзді жақтырмайды, қарама - қайшылыққа түсе бермейді, қиялға берілгіш, мақсаттарының орындалуына сенбейтін адамдар.
Ғажайып түстер емі
- aigul1974
- 8 қазан 2014
- 8909
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ғажайып түстер емі, түс терапиясы
Ұқсас жаңалықтар:
Пияз - табиғи дәрі
Дәстүрлі емшілер ауыз қуысындағы барлық патогенді микробтардан арылу үшін күніне бір рет пияз шайнау жеткілікті дейді. Оны үнемі жеу асқазан - ішек...Түстер әлемі
Мақсаты: Балаларды негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру....Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы, түс, шағылысу, фон туралы мағлұмат беру. ә) Дамытушылық: Жеке...Түрлі түсті бояумен сурет салу «Күзгі жаңбыр»
Түрлі түсті бояумен сурет салу «Күзгі жаңбыр»...Түрлі түсті бояумен сурет салу (5 сынып)
Алматы қаласы, №152 ЖББ мектеп Бейнелеу өнері, сызу және пәнінің мұғалімі Мақсұтбаев Ғани Ерсанұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.