Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері музыка әуенімен залға кіреді. Шеңбер бойымен жүріп орындарына барады.
«Мейірбан ұстаздар».
Халима:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы алады сіздерді
Биде билеп, ән де бүгін шырқалар
Сәнімгүл:
Хош келіпсіз, ұстаздар мен апайлар
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңа жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.
Халима: Армысыздар, қадірлі де аяулы ұстаздар, тәрбиеші апайлар. Сары алтындай, сары күз ала келген ұстаздардың төл мерекесі құтты болсын.
Біздің мектепалды даярлық тобының «Мейірбан ұстаздар» атта ертеңгілігімізді тамашалаңыздар.
Хор: «Жарқын жүзді ұстазым»
Райхан:
Жақсы көрем ұстазымды
Білім нұрын бізге шашқан
Жақсы көрем ұстазымды
Болашаққа есік ашқан
Диас:
Ұстаз, ұстаз қандай ыстық сөз деген
Ұстаз болу адамдықтың көзі еді
Ақылға да, асылға да үйреткен
Ұстаздықта бар білімнің көзі еді
Әсем:
Білім беріп баршаға
Ұстазым менің шаршама
Алғысын айтқан өзіңе
Балғындар қанша, қаншама
Мансүр:
Арналады апайларға
Құрмет деген төр деген
Біздің елде адам барма
Ұстаз алдын көрмеген
Мейірлан:
Білмей қалсам кешірген
Балалық деп түсінген
Қандай дана болса да
Алдыңызға бас ием
Би: «Жаңа заман биі» (Әсем, Райхан, Нұрдана, Аңсаған)
Хор: «Ұстазым ол біздің»»
Бекзат:
Бұзықтықты жасырып
Білімімді асырып
Жаныма жақын ұстазым
Сізге келер ұқсағым
Гүлназ:
Тәрбиешім білім көзісің
Тыным таппайсың ел үшін
Өзіңмен талай үйреніп
Келеміз өсіп ел үшін
Бақдәулет:
Ұстазым менің ақылшым
Шәкіртіңе әркез жақынсың
Аяулы менің ұстазым
Өзіңіз әркез асылсыз
Жеке ән: «Мұғалім ол біздің»
Сайлау:
Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып, білім аламыз
Нұрдана:
Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш
Әріптер мен суретпен -
Тәрбиеші апайымыз
Мерейім:
Тәрбиеші аялы
Сіздей ешкім жоқ әлі
Маған тәлім бердіңіз
Ардақты анам сияқты
Ойын: «Кім жылдам?» «Сөз жұмбақ»
Ислам:
Бізге тұңғыш тақпақ та
Жаңылтпашта жаттатқан
Түсіріп топ сынына
Жақсылығымды мақтатқан
Аңсаған:
Доспен тату ойнауды
Мерекені тойлауды
Бойымызға сіңірген
Көптің қамын ойлауды
Білуге біз құмармыз
Мазаны да алған шығармыз
Қабылдаңыз мың алғыс
Ұстаздарға тілек айту. Диас: Құрметті ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын. Зор денсаулық, творчестволық табыс тілейміз.
Хор: «Құтты болсын мереке»
Балалардың барлығы шар ұшырады.
Мейірбан ұстаздар
- halima
- 8 қазан 2014
- 19380
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ұстаз, ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі
Ұқсас жаңалықтар:

Джинайтова Дильнозаның жазған өлеңдері
Ұстазым Ұстазым деген - мейірбан, Ұстазым деген - ізгі жан. Ақылшым менің ұстазым, Ұстазым деген - қамқоршым....
Аналардың көңілі, көктемдей жайнап гүл ашсын!
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №12 балабақшасының тәрбиешісі Аманғожина Халима Әлжанқызы...
Жырлаймын ұстаз өзіңді (ұстаздар күніне арналған сценарий)
Мақсаты: оқушылардың бойында ұстаз деген ерекше жылы сезім қалыптастыру. Оқушыны ұстазды құрметтеуге, сыйлауға қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалай...
«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы»
Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым Ұланың бүгін тойыңда, Арнайды саған бұл әнін....
Әліппемен қоштасу
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.