Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту. Өз республикасын танып – білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. балалардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
Сөздік қорын молайту, ой - өрісін, танымдылық қабілетін қазақша ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту. Өз Отанын, елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, сүйіспеншілік сезімін ояту.
Көрнекіліктер: асық, сандық, үнтаспа, ҚР картасы, Қарағанды, Астана қалаларының суреттері.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, диалог, өздік жұмыс, топпен жұмыс т. б.
Сабақтың түрі: ойын сабағы
Әрекет түрлері Мұғалім әрекеті Балалар әрекеті
Мотивациялық қызығушылығы Шаттық шеңбері № 5
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Шеңбер құрып тұрады
Ұйымдастыру
ізденушілік кезеңі Балаларды балабақшадағы «Қазақ тілі» апталығымен таныстыру, мағлұмат беру.
Мұғалім балаларға сандық көрсетеді. Сандықтың ішінде 7 асық болады. Әр асықтың тапсырмасы бар, балалар осы тапсырмаларды орындау керек. Тапсырманың барлығы орындалса асықтар балаларды ойынға шақырады. Ойынның аты 7 тас.
1. Асық «ақ»
Тапсырмасы:
Мемлекеттік Гимн айту
2. Асық «көк»
Тапсырмасы: сұрақ - жауап
- Отанымыз қалай аталады?
- Мемлекеттік рәміздерді атаңдар?
- Елордамыз қай қала?
3. Асық «қоңыр»
Тапсырмасы: сөздік ойын «Мен бастаймын сен қошта»
М:
- Менің Отаным.........
- Мен.......
4. Асық «жасыл»
Тапсырмасы: Сергіту сәті
Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уықтар болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп.
Қазақ үйді құрамыз.
5. Асық «сары»
Тапсырмасы: Отан туралы мақал - мәтелдер:
Отан - оттан да ыстық.
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
6. Асық «ақшыл»
Тапсырмасы: Отан туралы өлең - тақпақтар:
«Туған өлкем»
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
(Ө. Тұрманжанов)
Қазақстан жалауы
Мәртебесі, ту – ары
Бұлт баспасын күнімді,
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау туымды –
Қасиетті борышым.
(С. Қалиев)
7. Асық «қызыл»
Тапсырмасы: «Асық ойындары»
«Хан талапай», «7 тас»
Балалар, апталық туралы мағлұмат алады.
Балалар сандыққа қуанады. Берілген тапсырмаларды орындауға тырысады.
Балалар мемлекеттік Гимнді оң қолдарын жүректеріне қойып орындайды.
- Отанымыз Қазақстан
- Мемлекеттік рәміздер - ту, елтаңба, гин.
- Елордамыз Астана қаласы.
- Менің Отаным Қазақстан
- Мен Қазақстандықпын
Балалар шеңберге тұрып, сергіту сәтін қимыл - қозғалыс жасап орындайды.
Балалар Отан туралы мақал - мәтелдер айтады. Орысша - қазақша.
Отан туралы ән айтады «Ортақ мекен жер шары»
Балалар асық ойындарын атайды, ойнайды.
Рефлексия Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді анық айтуға ұсыныс білдіру.
Сабаққа қатысқан барлық балаларды мадақтау. Дыбысты дұрыс айтуға тырысады.
Тіл үйренуге қызығушылықтары артады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:
Өз Отанын сүю, мемлекеттік тілді ардақтау керектігін түсінді.
Қандай түсініктерді игерді:
қойылған сұрақтарға толық жауап беру, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, өз ойларын еркін жеткізе білу т. б.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
Өз Отанын мақтан ету.
Қазақстан – менің Отаным
- madina_aisulu
- 22 қыркүйек 2014
- 8915
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Отанды сүю, Мемлекеттік рәміздерді білу
Ұқсас жаңалықтар:
"Тұғыры биік Елбасы"
Мақсаты: Балаларға «Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, Елбасының жасаған еңбектері туралы айтып беру. Отанға, туған жерге деген...Менің Қазақстаным - менің болашағым!
Мақсаты: Балалардың өз Отанын танып білуге үйрету. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні, Елтаңбасы, Туы туралы білімдерін кеңейту....Отан оттан да ыстық
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан...Менің Отаным-Қазақстан
Мақсаты: «Менің Отаным – Қазақстан» модульіндегі тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.